V-гейм «Көсемдікке ұмтылу»
Мендельдің заңдарын тұжырымдау
VІ-гейм «Білімділер»
Тест жауаптары (Жеке жұмыс):
1.Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:
А) Цитология В) Экология С) Генетика Д) Селекция
2.Генетика терминін қалыптастырған ғалым:
А) Ч. Дарвин В) У. Бэтсон С) В. Иогансен Д) А. Вейсман
3.ХІХ ғасырдың 80-жылдарында пангенезис теориясын сынға алған ғалым:
А) Т. Морган В) В. Иогансен С) Н. И. Вавилов Д) А. Вейсман
4. Генетиканың негізін қалаушы:
А) Г. Мендель В) Т. Морган С) Ч. Дарвин Д) Н. И. Вавилов
5. Тұқымқуалаушылықты дәлелдеу үшін Г. Мендель қандай еңбек жазды?
А) Хромосомалар және тұқымқуалаушылық
В) Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер
С) Пангенезис теориясы
Д) Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңы
6. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясының негізін қалаған ғалым:
А) Г. Мендель В) Н. И. Вавилов С) Т. Морган Д) В. Иогансен
7. Г. Мендель заңдарын екінші рет ашып дәлелдеген ғалымдар:
А) Х. Де Фриз В) К. Корренс С) Т. Морган Д) Э. Чермак – Зейзенегг
8. Ген деген терминді ғылымға кім енгізді?
А) Т. Морган В) И. Павлов С) С. С. Четвериков Д) В. Иогансен
9. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі гомологтік қатарлар заңын ашқан ғалым:
А) Г. Мендель В) Н. И. Вавилов С) Де Фриз Д) О. Эври
10. Пангенезис теориясының авторы:
А) А. Вейсман В) К. Корренс С) Ч. Дарвин Д) Дж. Уотсон
Жұптық жұмыс. Сәйкестігін тап (жауаптары):
VІІ-гейм «Қорытындылау»
1.Мына сөйлемді толықтырыңдар:
Бірдей гендерді --------- деп, әртүрлі гендерді ---------- деп атайды. Басым гендерді ---------, ал басылыңқы гендерді --------- дейді, ата-анасы ------ әрпімен, ұрпақтарын ---- әрпімен белгілейді. Гендердің жиынтығын -----------, ал сыртқы көрінісін --------- деп атайды.
“Фенотип” тобы:
Қызан өсімдігінің жемісінің қызыл түсін анықтайтын В гені сары түсін анықтайтын в геніне қарағанда басым.Гетерозиготалы қызыл жемісті қызанды сары түсті түрімен будандастырғанда алынатын өсімдіктердің жемісінің түсі қандай болмақ?
“Генотип” тобына:
Бес саусақты әйел гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Егер алты саусақты белгі басым болса, олардың балаларының генотипі мен фенотипі қандай болмақ?
5.Үйге тапсырма: Дәрісті оқу, толықтыру
6.Оқушылардың білімін бағалау
7.Сабақты қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |