Сабақтың тақырыбы: География ғылымының дамуы Оқу мақсаты



Дата20.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#154008
түріСабақ
Байланысты:
География ғылымының дамуы 2
3 токсан БЖБ1 окушы, snrgaf 1 2018

«М.Төлебаев атындағы орта мектебі» КММ


Алматы облысы Алакөл ауданы
География пәнінін мұғалімі :
Қанағатов Бағлан Нұрмұханович

Сабақтың тақырыбы: География ғылымының дамуы

Оқу мақсаты:

7.1.1.2 – саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамынуына қосқан үлесін сипаттап , баға береді.

География ғылымының негізін қалаушы саяхатшылар

  • П.П.Семенов
  • Семенов Тян-Шанский ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтар материктер ішіндегі «ақ таңдақтарды» жоюмен, яғни бұрын зерттелмеген жаңа жерлерді ашумен байланысты болды.П.П.Семенов Тян-Шанский мен Н.М.Прежевальский экспедициалары Орталық Азия мен Тибеттің тылсым табиғатын зерттеді.
  • 1856-1857 жылы танымал географ П.П.Семенов Іле өлкесін зерттей бастады, ол Орталық Тянь-Шанды зерттеген алғашқы еуропалық ғалым атанды.Ол Тянь-Шаньға екі рет саяхат жасап, география қоғамына қомақты үлес қосты.

География ғылымының негізін қалаушы саяхатшылар

В.В.Сапожников

Алтайға,Жетісу Алатауына және Тянь-Шаньға сапар шеккен саяхаттарының Қазақстанның көптеген аймақтарына соның ішінде Алтайға жасаған саяхатының орны ерекше.Ол Алтай тауының фаунасы мен флорасына толық қанды сипаттама беріп, көптеген өсімдік түрлеріне кеппе шөп жасады, сүтқоректілердің, жорғалаушылардың, құстардың және жәндіктердің топтамаларын жинады.Алтайдың бірнеше жаңа мұздықтарын ашып, ең биік нүктесін анықтады.

География ғылымының негізін қалаушы саяхатшылар

В.В.Докучаев

Василий Васильевич Докучаев қазіргі заманғы топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым.Топырақтың қалыптасуын, дамуын және шығу тегін зерттеген Докучаев табиғат зоналары туралы ілімді қалыптастырды.

Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет Жер шарын айналып өтіп,еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Беллинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антрактида материгін ашты.ы

1909 жылы американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.

География ғылымының негізін қалаушы саяхатшылар

  • Ш.Уалиханов

  • Шоқан Уалиханов еліміздің аумағын зерттеуге зор еңбек сіңірді.Шоқан –қазақтың ойшыл ғалымы, тарихшы,этнограф,фольклоршы, саяхатшы және ағартушы офицер болған.Сібір кадет корпусының түлегі.
  • Шоқан Уәлиханов 1856 жылдан бастап 1858 жылға дейін Жетісу және Іле Алатауына көп саяхаттаған.Оның Қашқарияны зерттеген еңбектерінің маңызды болғаны сонша, Шоқанның замандастары –ғалымдар,әскери сарапшылар,жазушылар бұл сапардың қорытындысын шынайы географиялық жаңалықтың ашылуы, «үкімет және ғылым» үшін аса тиімді деп бағалады.

Тапсырмалар:

  • 1. География ғылымының даму кезеңдері?
  • 2.География тарихындағы ұлы географиялық ашылулар?
  • 3.Қазақстандағы география ғылымының даму тарихы?

Назар аударғандарыңызға

Назар аударғандарыңызға

рахмет !



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет