Сабақтың тақырыбы:
Гимнастика жаттығуларларының
тәсілдері
Өткізген: аға оқытушы
Калмурзаев К.С.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері:
А. Ақпараттық құзыреттілік:
Акробатикалық жаттығулардың жан –жақты дамуын қозғалыс тірегінің үйреншікті әдетін тәрбие бағдарының құндылығын және сымбаттылықтың тазалық сақтаудың өмірдегі пайдалы әсерін баяндап қамтамасыз ету.
Ә. Коммуникативтік құзыреттілік.
Дене жаттығуларымен спортқа деген сезімін қалыптастыра отырып, кез - келген кедергілермен қиыншылықтарды жеңе алатындай күшті денсаулықтары мықты жастады тәрбиелеу.
Б. Проблеманы шешу құзыркттілігі
Оқушыларды жас кезінен дене күштерімен рухани күштерін сай ма сай жетілдіріп сымбаттылығын қалыптастыру
Сабақтың барысы:
- Дайындық бөлімі
- Жаңа материалды қабылдауға дайындық
- Жаңа материалды хабарлау
- Бекіту сұрақтары
- Үй тапсырмасы
- Қорытындылау
Негізгі гимнастика
Гигиеналық гимнастика
Спорттық гимнастика
Акробатикалық жаттығу
Көркем гимнастика
Емдік гимнастика
Өндірістік гимнастика
Гимнастика
Дене тәрбиесі жаттығуларының организмге әсер ететін қорына гимнастика да жатады. Гимнастика адам өміріне қажетті негізгі қимыл әдістерін қалыптастырып, практикада дұрыс қолдануға үйретеді. Осы мақсатқа орай әрбір бала қоршаған ортаны дұрыс бағдарлайды, қимылды басқа балалардың қимылымен үйлестіріп тез жасауды көздейді. Солай болған жағдайда ғана гимнастика бала денесіне жан-жақты дамытумен қатар, олардың ұйымшылдығы мен тәртібінің жақсы болуына әсерін тигізеді. Гимнастиканың негізгі ерекшеліктері - негізгі қимылдарымен қатар жан-жақты дамыту жаттығулары, би, сапқа тұру жаттығуларына қоса көркем гимнастика, акробатика, спорттық құрал-жабдықтармен немесе құралдарсыз жүргізіледі. Гимнастиканың бірнеше түрі бар.
Спорт тық гимнастика
Колледжде оқылатын гимнастика түрлері
Көркем гимнастика
Акробатикалық жаттығулар
Спорттық гимнастика - адам денсаулығын арттыруға, спорттағы үлкен жетістіктерін әрі қарай дамытуға, спорттық жаттығуларды орындауға бағытталған.
Ағаш аттан секіру
Көлденең керме
Арыс
Бөрене
Көркем гимнастика - бұл гимнастика дене қасиеттерін дамытумен қатар эстетикалық тәрбиеге баулиды. Бұл гимнасника түрімен әйелдер айналысады. Арнайы жатттығу түрлеріне: гимнастикалық жүру, жүгіру, секіру, әр түрлі айналу, би элементтері жатады. Бұл гимнастикаға доп, лента, құрсау, секірме құралдары қолданылады. Көркем гимнастика ән мен би элементтеріне өте бай және әр түрлі жарыстар өтіп тұрады.
Қарлығаш бейнесін салу.
Бастапқы қалыптан қолды жаңға соза сол аяқты арта көтере салмақты тең ұстап тепе – теңдікті сақтау
Алға қарай айналу жаттығулары
Бастапқы қалыпта қолды алға тіреп тізерлеп отыру, одан соң қолды алға алға созып жерге тіреп, салмақты оған түсіре және қолды біраз бүгіп, кеудеге қарай иіп, аяқпен итеріліп қалып, бас арқылы алға айналып түсу керек.
Артқа қарай домалап түсу
Бастапқы қалып тізерлеп отырып, қолмен жер тіреу қалпынан, артқа айналып түсу, артқа түсер кезде аяқты тізенің орта шетінен қолмен ұстап, аяқты өзіне тарта бүгіп, дененің айналу жылдамдығын арттыра түсу керек.
Артқа домалап, жаурынға тұру
Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек. Жауырынға түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек. Арқаны дөңгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет.
Көпір жасау
Бастапқы қалыпта қолды жоғары соза дене салмағын сақтай отырып, артқа иіле көпірше жасау.
Бекіту сұрақтары:
- Гимнастика неше түрге бөлінеді ?
- Спорттық гимнастикада қолданылатын құрал – жабдықтарды ата?
- Көркем гимнастика дегеніміз не?
- Акробатика дегеіміз не?
Қорытынды
Үйге тапсырма: Гимнастикалық жаттығулар
Достарыңызбен бөлісу: |