Сабақтың тақырыбы: Гүлдерден композиция құрастыру Сабақтын мақсаты : Білімділік



Дата22.08.2017
өлшемі41,61 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Гүлдерден композиция құрастыру

Сабақтын мақсаты :

Білімділік :гүлдердің сәндік қызметі, дизайн өнері жөнінде түсінік беру , матадан гүл жасау әдісін үйрету;

Дамытушылық:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,ойлау шеңберін эстетикалық талғамын ұштау

Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке , ұқыптылыққа, тазалыққа және өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу .

Сабақтын түрі : аралас сабақ

Сабақтын әдісі: баяндау ,түсіндіру , көрсету,сарамандық жұмыс.

Пәнаралық байланыс :бейнелеу өнері ,өсімдіктану ,табиғаттану .

Сабақтың көрнекілігі:технологиялық нұсқау карта, дайын үлгі, суреттер, көрме.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Шығармашылық жоба дегеніміз не?

  • Жоба мақсаты не?

  • Қандай тақырыпты таңдадыңыздар?

3. Жаңа сабақ

Гүл-өмірдің сәні, нұры. Ол біздің өміріміздің қуанышын, жақсылығын арттырады. Халқымыз табиғаттағы гүлдердің әсемдігін ,сұлулығын көре де, сезе білуді ұрпаққа үйрете отырып, эстетикалық тәрбие берген. Табиғаттың сұлулығын қолөнер бұйымдырына кесте, ою өрнек т.б. өнер арқылы бейнелеген.



Гүлдер: әсемдік, қуаныш , отбасылық мереке , құрмет, сыйлық , кездесу .

Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып заман талабына сай жасау деген сөз.Бұл сөз әр салада қолданылады . Осы орайда дизайн өндірістік графикалық автомобильдік ,интерьерлік жиһаздық компьютерлік т.б.болып бірнеше түрге бөлінеді .Ал фитодизайн өсімдіктерді көркемдеп әшекелеу. Грек сөзінен аударғанда (фито-өсімдік деп аталады)

Фитодизайн ежелден келе жатқанымен бізде 10-15жылдың айналасында пайда болды.Сөзбен сөз айтқанда фитокомпозиция –гүлдесте .Өсімдіктерден жасалатын туынды.Гүлдесте әр түрлі өсімдіктердің гүлді бұтақтарын ,жасыл жапырақтарын қолдана отырып жасалатын композиция.

Жазықтық негізге гүл шоғын құрастыру үшін мына принциптерді басшылыққа алу керек.

1.Гүл шоғыныің айналасында бос кеңістік болу керек.

2.Композициялық центрі болуы тиіс .

3.Гүл шоғын уақ көмекші гулдермен толтыру қажет.

4.Гүл шоғын құрастыруда жаңашылықт маңызды.

Гүл шоғын құрастыру неден басталады?

Алдымен құмыра дайындаймыз . Құмыраға жасыл сабақтар орналастырамыз. Жеңіл майысқан сабақтарды гүлдердің жандарына жоғарғы жағына ал тығыз ауыр сабақтармен жапрақтарды астына орналыстыру қажет. Икебан заңдылығына сәйкес гүл шоғының үстіне бос орын кеңестік қажет. Енді композициялық центрді құрастыру қажет.Ол үшін ең үлкен әдемі гүлдер алынады. Айналасын уақ көмекші гүлдермен толтырады.

Гүл шоғын құрастыруда жаңашылдық өте маңызды. Орындап жатқан жұмысқа жаңа дизайн элементтерін енгізсе ,жасаған гүл шоғымыз қайталанбас әсем туындыға айналады.

Композиция құрастырып болып ,оны негізге жапсыруға кірісеміз.Алдымен сабақтардың жапырақтардың гүлдердің орындарын қарындашпен белгілеп алып,содан соң оларды рет-ретімен жапсырамыз.Желімді мұқият ағызбай негігі фон матаға жағамыз.



Гүл шоғының құрастыру техникасы :

1. Гүл шоғындағы гүлдер саны тақ болуы тиіс.

2. Күрделі композициялы гүл шоқтарында бастысы олардың дұрыс таңдалған түс үйлесімділігі.Көп түсті композициялар көк пен қызыл,қызыл мен сары ,ашық көк пен ашық қызыл түстер үйлесімді болады.

3. Гүл шоғының астына ірі қанық түсті гүлдер,ал үстіне уақ ашық гүлдер орналасады.



Жұмыстың орналасу реті

1 .Қағазға 5*5 см шаршы сызып,үлгі қиып алу.

2. Атлас мата бетіне үлгіні бастырып ,қию ( бір гүл дайындау үшін күлте саны 8 дана) . 3 . Үлгіні диагональ бойымен екіге бүктеп , содан соң тағы да бүктеу . 4.Бұрыштарын біріктіріп ұста п ,уақ тігіспесін бекіту .

5. Астыңғы бұрыштарын қиып тастау .

6. Осы әдіспен 8 күлтеше дайындап , оларды біріктіріп тігу.Нәтижесінде түймедақ

гүлі дайын болады.Егер үлгіні үлкейтіп немесе кішірейтіп алсақ,соған сәйкес үлкенірек немесе кішірек гүлдер пайда болады. Қауіпсіздік ережелерді қайталау . Қайшымен,инемен,үтікпен жұмыс жасау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерді есте сақтау керек?



Қорытынды бөлім .

Бүгін сіздер атлас матадан түймедақ гүлін жасап ,негізгі астар бетіне гүл шоқтарынан композиция құрастыруды үйрендіңіздер.



–Дизайн дегеніміз не? - Гүл шоқтарын құрастыру техникасы қандай ? Бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: Шығармашылық жоба

Гүлдерден композиция құрастыру

6 «ә» сыныбы

Технология пәнінің мұғалімі: Сулейменова Б.Б.

Қарағанды - 2015
Каталог: uploads -> doc -> 0e99
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e99 -> 10“б” сынып Ұйымдастыру кезеңі
0e99 -> Сабақтың атауы Төле бидің төрелігі Мақсаты Күтілетін нәтиже Сабақтың жабыдығы
0e99 -> Музыка 2 сынып 23. 01. 2015
0e99 -> 6Тоқсанды қайталауға арналған тест тапсырмалары. Жаратылыстану. 5 – сынып і-тоқсан
0e99 -> «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» тренингі Мақсаты
0e99 -> Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов «Найман Ана» Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу