ОҚО Сайрам ауданы Манкент ауылы Сабыр Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің І деңгей сертификатталушысы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Давлетова Дилбар Акрамкуловна
Тексерілді: -----------------ДОІЖО
Қазақ әдебиеті 10-сынып Мұғалімі Давлетова Д. .
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдағы әнші- ақындар
Оқыту технологиясының негізгі тірек көзі:
Бағдарламаның жеті модулі
Блум жүйесін негізге алу, СТО технологиясының кей сртатегиясын қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша мағлұмат алу, саз өнері туралы ойланып, деректерді зерттеу.
Күтілетін нәтиже:
Әнші-сазгер ақындар шығармашылығы бойынша мағлұмат алу, саз өнері туралы ойланып, деректерді үйрену.
- Өз беттерімен білім алуға талаптанады, интерактивті тақтамен жұмыс жасап, электронды оқулықтың мазмұнымен танысуға,интербелсенді тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.
- Шығармашылық жұмыспен айналысуға төселеді.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой салу,ойланту зерттеу, талдау, салыстыру, дәлелдеу,
сұрақ –жауап әдісі, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған әдебиет оқулығы, қосымша материалдар, электронды оқулық, әнші -сазгерлердің суреттері, деректер, ақын өмірінен хабарлама, технологиялық карталар, зерттеу, дәлелдеу тапсырмалары.
Кезең
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру (3мин)
Мақсаты: Оқушыларды сабаққа жұмылдыру,оқу жағдайын туғызу.
|
1минут
|
Психологиялық тренинг. "Тілектер бұрқағы", топқа бөлу. Бағалау парақшалары топ басшыларына беріледі
|
Шеңбер тұрып, өзара тілек айтады.
І топ- Ағартушы, ІІ топ- Ұстаз
|
|
Білу.
Мақсаты:Үй тапсырмасын тексеру, негізгі мәселені білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу, алынған білімді жариялау.
|
5 минут
|
"Фуршет" әдісі арқылы оқушыларды "Жамбыл -айтыскер" мұрасын әңгімелету. Мұрада қандай оқиғалар әңгіме етіледі? Сенің көзқарасың қандай? Жамбыл туралы қандай ақпаратқа иесің?
|
Топтаса отырып тың ақпараттарымен бөліседі. Топта жариялайды.
|
Өзара бағалау
|
Түсу
Мақсаты: Әнші-сазгерлердің өмірі, шығармашылығымен танысу, әншілердің негізгі айтар ойын ұғыну
|
15минут
|
Фраза толтыру арқылы тақырыпты анықтату, "Джигсо" әдісі арқылы әнші сазгер ақындар шығармашылығымен таныстыру
|
І топ 239- бет, ІІ топ 245- беттерді оқып топтарда ауыса отырып талқылайды, жариялайды.
|
Топтық бағалау, жеке бағалау
|
Қолдану
Мақсаты: Мәтіндегі ойды сұрақтар арқылы ашу . Топтық тапсырмалар беру арқылы оқушы ойына ой салу,пікір айтуға жетелеу.
|
5минут
|
"Шынжыр" әдісі арқылы әңгіменің негізгі мазмұнын сұрау. Әнші-ақындар қандай идеяны алға қоюда?
|
Әңгіме мазмұнын шығарады, бірін- бірі толықтырады, ой салады.
|
Критериалды бағалау
|
Талдау
Мақсаты:Әнші ақындар туралы қазіргі көзқарас
|
5 минут
|
2 топқа бөлу, сұрақтар қою.
Қыздар тобы: Әнші дегенді қалай түсінесің?
Ұл балалар тобы: Сазгер дегенді қалай түсінесің?
Қазіргі әншілерден кімдерді білеміз?
|
Топтар келісе отырып түйінді ой білдіреді.
|
Өзара бағалау
|
Сабақтың салауаттылық бағыты
Мақсаты:Оқушылардың сабақ барысында шаршамауын қамтамасыз ету
|
1 минут
|
Картамен жұмыс. Қос ағартушының туған жерлері, жүрген жолдарына байланысты.
|
Қалаларды жылдамдықпен көрсету
|
Қазақстан картасы
|
Синтез (Жинақтау) Бағалау
Мақсаты:
Жаңа дүние жасау. Шығармашылық ізденістерін дамыту
|
15 минут
|
Постер жасау 2 топқа екі тақырып аясында "Мен әнші-ақын болсам нені жырға қосар едім?"
|
Топтар адамның қасиеттеріне, Әнші ақындар шығармашылығынан білген -түйгендері негізінде өз тілектерінде постер жасайды, жалпысыныпта жариялайды.
|
Критериалды бағалау
|
Бағалау
|
1мин
|
Оқушыларды бағалау
|
Топ басшылары топ мүшелерінің жалпы ұпайларымен таныстырады.
|
Суммативті бағалау
|
Үйге тапсырма
|
1мин
|
Деңгейлік тапсырмалар 256- бет
|
Өз ойларын, ішкі толғаныстарын жазып келеді.
|
|
Кері байланыс
|
|
"БББ" әдісі арқылы
|
Рефлексия береді.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |