Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар. Ионды байланыс



Дата26.08.2017
өлшемі77,4 Kb.
#28251
түріСабақ
Асанова Нұрзада Таңатқызы,

Ө.Жолдасбеков атындағы жалпы орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі

ОҚО, Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыстар. Ионды байланыс.

Сабақтың мақсаты:

1.Саяхат сабағы арқылы, химиялық байланыс түрлері тақырыбын терең ұғындыру.

2.Оқушылардың білімі мен білігін әрі қарай дамыта түсу

3.Оқушыларды ғылыми ізденіске тәрбиелеу, өз бетімен

жұмыстануға тәрбиелеу.

Міндеті:1.Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыра ұғына білу.

2.Саяхат кезінде алған жаңалықтарын пайдалана білу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта. «Химиялық байланыстардың түрлері», «Химиялық байланыстың түзілу кестесі атом құрылысының үлгілері», тест сұрақтары.
I аялдама «Күн»
Үй тапсырмасын «сұрақ-жауап» арқылы тексеру

Екі топқа берілді.


1-топ

Ковалентті байланыс


1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша бір элементке сипаттама .

2.Электртерістілік дегеніміз не?


3. Электіртерістілік топ, период бойынша қалай өзгереді?
4. Электіртерістілік ең жоғарғы элемент, ең төменгі элемент?
2-топ

Ионды байланыс


1. Электртерістілік пен электртерістік ұғымдарының айырмасы неде?

2. Периодта және негізгі топшада орналасқан элементтердің элекртерістіліктері қалай өзгереді?

3.Периодтарда элементтердің электртерістігі солдан оңға қарай өсетін себебін түсіндіріңдер?

4. Электртерістілігі 1,2. 2,2. 0,8 болатын элементтерді тап?


Бүгінгі біздің тақырыбымыз химиялық байланыстың негізгі түрлері. Химиялық байланыс неліктен түзіледі?Атомдар тұрақты құрылысы бар молекулалар не кристалдар түзуге тырысады. Бұл кезде энергия ұғымы болады. Химиялық байланыс түзілгенде сыртқы қабаттағы электрондар өзгеріске ұшырайды. Олардың саны көбейеді немесе азаяды. Атомдардың электрондарды беріп жіберу немесе қосып алу қасиеттерін электртерістігі сипаттайды. Реагент заттар бөлшектерінің біртұтас жаңа затқа айналуына әкелетін әрекеттесу химиялық байланыстың арқасында іске асады. Электртерістік ұғымының көмегімен жай және күрделі заттар түзілгенде пайда болатын химиялық байланыстардың мынадай типтерін анықтауға болады.



Химиялық байланыс түрлері: иондық, ковалентті (поллюсті, полюссіз), металдық, сутектік.
ІІ аялдама– “Ауа кеңістігі”
Ол үшін ауаның құрамына тоқталамыз. Ауаның құрамындағы сутек, оттек, азот молекулалары өзара бірдей екі атомнан тұратын жай заттар H2, O2, N2, ковалентті полюссіз байланыс түзеді.
Электртерістіктері бірдей сутектің 2 атомының әрекеттесіп молекулаға айналуын қарастырсақ. Сутек атомы оң зарядты ядродан және оны қоршаған шар пішінді электрон бұлтынан тұратындығы белгілі.Осындай екі атом әрекеттескенде, олардың электрон бұлттары жақындасып бірімен-бірі араласады.

ІІІ аялдама – “Табиғи су қорларына“
Бәріміз білеміз теңіз суларында тұз көп кездесетінін. Сол тұздардың арасындағы байланыс иондық байланыс түзеді. Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып-алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар иондар деп аталады. Демек, қарама-қарсы зарядталған иондар арасындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып иондық байланыс түзіледі.

ІV аялдама. «Өндіріске»


Біз білеміз өндірісте әртүрлі заттар өндіреді соның ішінде қышқыл өндіретін зауытқа саяхатқа аттанамыз. Жалпы алғанда әрекеттесуші атомдардың электіртерістіктерінің азғантай болса да айырмашылықтарына байланысты, көбіне молекулалар ковалентті полюсті байланыс түзеді. Коваленттік полюсті байланыс көбіне қышқылдарға тән .


  • Тест тапсырмалары

1-топ тапсырмалары

1. Электртерістік дегеніміз не?


А)атомның электрон беру қабілеті
Б)қосылыстағы атомның электронды өзіне тарту қабілеті.
С)атомның қосылыстағы белгілі валенттік көрсететін қасиеті.

2. Элементтердің электртерістілігі период бойынша қалай өзгереді?


А)солдан оңға қарай өседі Б)алдымен өседі,сосын кемиді С)артады

3. Элементтердің электртерістілігі топ бойынша қалай өзгереді?


А)артады Б)алдымен өседі, сосын кемиді С)кемиді

2-топ тапсырмалары

1.Полюсті ковалентті байланысты қандай элемент атомдары түзеді?
А)электртерістігі айқын айырмашылық бар элемент атомдары
Б)электртерістігі бірдей С)электртерістігінде айырмашылық аз.

2.Ковалентті полюссіз байланысы бар қосылыстар қатарын көрсетіңіз.


а)F2 O2 N2 C8 б) N2 Na2S HF С) NaF CaF2 Na2SO4

3)Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс қалай аталады?


А)иондық б)коваленттік с)металдық

§ 63 № 2-3 есепті шығару. Химиялық байланыстар бойынша екі топ бірігіп Коучинг әдісімен «Өрмекші торын құру». Сабақ соңында кері байланыс жасалды.


V аялдама. «Марапаттау»

Міне, балалар сабағымыз соңына жетіп қалды. Саяхат сабағымызды қорытындыласақ өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтап жүйелі түрде орындап шықтық. Сабағымыздың соңында белсенділікпен, іскерлігімен, білімділігімен көріне білген оқушыларды марапаттау, бағалау.




VI. «Үй жағалауы». Үйге тапсырма: § 64 №3

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет