Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыстың түрлері



бет6/6
Дата01.04.2017
өлшемі0,68 Mb.
#13280
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс. «Химиялық байланыс» тақырыбына қатысты есептер мен жаттығулар.

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі химиялық байланыстар және олардың түзілу механизмдері туралы білімдерін тереңдетіп, кеңейту және заттың қасиеті химииялық байланысқа тәуелді болатынына көз жеткізу;

Химиялық байланыстар туралы теориялық алған білімдерін практикада қолдана білуге , есеп шығару дағдыларын дамыту;

Оқуға деген жауапкершілікке тәрбиелей отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: теориялық білімді іс жүзінде қолдану сабағы

Әдіс-тәсілі: СТО, өз бетімен жұмыс жасау, баяндау

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру



II. Сабақтың жоспары:

  1. Қызығушылықты ояту ББК кестесін толтыру

  2. Логикалық жаттығулар, есептер шығару

  3. Қорытынды .

Қысқаша жазылған эссені тыңдау (Қосылыс атомдарының арасында химиялық байланыс қалай түзіледі?)

1. Атомдар молекула құрып біріккенде ортақ электрон қосағын түзу арқылы өздерінің сыртқы қабаттарын инертті газдардікіндей етуге тырысады.

2.Химиялық байланыс әсерлесуші атомдардың екеуіне де ортақ электрон жұбы арқылы жасалады.Бір электрон жұбын түзу үшін әр атом бір-бір электроннан жұмсайды . Негізінен молекуланың химиялық және физикалық қасиеттерін анықтайтын сыртқы қабықта орналасатын валенттік электрондар. Атомдар жақындасып молекула түзгенде валенттік электрондар бір-бірімен әрекеттесіп химиялық байланыс түзеді. Молекуланың беріктігі атомдардын өзара байланысымен анықталады.




Білемін

Білгім келеді

Білдім

1





















Кестені толтыра отырып оқушы нені білетінін, нені білгісі келетінін, нені білгенін ойша саралап нақты бүгінгі сабаққа мақсат қояды.

Бүгінгі сабақта оқушылар химиялық байланыстың түрлеріне нақты мысалдар келтіре отырып, байланыстың түзілу тәсілдеріне бірнеше жаттығу жұмыстары мен есеп шығарып жаттығады. Сабақта көрсеткен белсенділіктерімен, жасаған жұмыстарының нәтижесін, жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі бойынша критерий құрастырып бағалайды.

Түсінік. Әр оқушы өз беттерімен жеке-жеке жұмыс жасайды.

Логикалық жаттығулар, есептер шығару. А, В, С деңгейлік тапсырмалар.

1 тапсырма. Сәйкестігін анықта:

ЭТ бірдей элемент атомдарының арасында болса


иондық байланыс

ЭТ бір- бірінен аз ажыратылған әртүрлі атомдар арасында ЭТ ≤ 1,7 болса

ковалентті полюссіз

ЭТ бір- бірінен айқын ажыратылған әртүрлі атомдар арасында ЭТ ≥1,7 болса

ковалентті полюсті

Металдың кристалдық торының түиіндеріндегі иондар мен атомдар және ортақтасқан атомдар арасында болса

сутектік байланыс

Заттың молекуласындағы электртеріс элемент атомы мен екінші молекуладағы сутек атомының арасындағы байланыс

металдық байланыс

2 тапсырма. Кальций мен кадмий хлроидтерінің қайысы берік себебін түсіндіріңіз.

Шешуі: Бұл қосылыстар беріктігі тек катиондардың поляризациялағыш қасиетіне байланысты болады. Олай болса, олардың электрондық конфигурациясына көңіл аударайық; Са ....3s2 3p6 4s2 ─ - 2e-2+....3s2 3p6 (8 электроны бар)

Ал, Сd ….4s2 4p6 4d10 5s2 ─ - 2e- Сd….4s2 4p6 4d10(18 электроны бар) кальций, кадмий иондарының поляризациялағыштық қасиетін өзара салыстырғанда 18- электроны бар кадмий ионы үшін басым болуына байланысты қосылыстағы иондардың эффектілі заряды азайып, беріктілігі кемиді, сондықтан t0балқу (CdCI2)= 5600С: t0балқу (CaCI2)= 7800С



Ковалентті байланыстың негізгі қасиеттері;

  • Қанығуы;(әр атомға тән ортақ электрон жұптарының санымен , яғни атом өзінің валенттік орбитальдарын толық пайдалануға тырысады.немесе атомның валенттілік санымен анықталады.)

  • Полюстенуі;(сыртқы электр өрісінің әсерінен өзгеру қабілеті яғни молекуладағы электрон тығыздығының бірдей болмауы, біркелкі таралмауы)

  • Бағытталуы.(молекуланың кеңістіктік құрылымын яғни пішінін, геометриялық формасын тудырады )

Байланыс беріктігі :

  • байланыс энергиясымен (байланысты үзуге жұмсалған энергия ) ол кДж/моль өлшенеді.

  • Байланыс ұзындығы (байланысушы атомдардың ядроларының арасындағы қашықтық) ол нанометрмен өлшенеді 1 нм.- 10-9м өлшенеді.байланысушы атом радиустарына және байланыс еселігіне тәуелді.

  • Байланыс бұрышы ковалентті байланыстың бағытталғандығымен және кеңістіктегі пішінін анықтайды.

Полюсті молекулаларды диполь деп, ал зарядтардың ауырлық центрлерінің арақашықтығын диполь ұзындығы, ал полюстілігін диполь моменті (µ) сипаттайды.диполь моменты векторлық шама және оның осі терістен оң зарядқа бағытталған. Мысалы: СО2,

Оσ- Сσ+ Оσ- О-q С+q О-q әрбір байланыс полюсті және µ=9*10-30

Бірақ молекула полюссіз, µ=0 себебі: С=О бір түзудің бойында диполь моменттері бір-бірін толықтырады

µ= l*e- мұндағы; l-диполь ұзындығы, e- - электрон заряды 1,6*10-19Кл*м.диполь моментінің өлшем бірлігі дебай . 1Д-3,3*10-30Кл*м

Ковалентті байланысты молекулалар үшін диполь моменті 0-4Д, ал ионды байланыс молекулалар үшін 4-11Д . Диполь моменті векторлық шама болғандықтан оның мәні молекуланың: а) кеңістікте орналасуына, б) байланысатын атомдардың табиғатына байланысты болады.

Есептер шығару.


  1. Диполь ұзындығы CH3CI молекуласында 0,39*10-8 см. болса, оның диполь моменті қандай?

Берілгені:

L =0.39*10-8



µ (CH3CI)-?

2. Мына зат молекулаларының полярлығын салыстырыңыз:

HF, HCI, HBr, HI


Шешуі: ∆Χ(НF)= 4.0-2.1=1.9

∆Χ(НCI) = 3.0-2.1=0.9

∆Χ(НBr) = 2.8-2.1=0.7

∆Χ(НI) = 2.5-2.1=0.4



Жауабы: байланыс полюстілігі мына қатар бойынша кемиді : HF, HCI, HBr, HI


Берілгені:

Χ(Н)=2,1


Χ(СI)=3.0

Χ(Br)=2,8

Χ(I)=2,5

Χ(F)=4


∆Χ=?

1-нұсқа

1. Мына элемент атомдарының арасындағы байланыс типін анықта

а) C және S

б) K және O

в) Si және H

г) Li және N

2.Формулаларының қайсысы ковалентті полярлы байланыспен байланысқан

а) NaCI


Б) HCI

В) BaO


3. Полюстілігі жоғары химиялық байланыс

а) C-H


Б) C-CI

В) С-F


4. Мықты ковалентті байланыспен байланысқан

а) H2

Б) N2

В) F2

5. Дұрыс жауапты таңда

а) сигма байланыс орбитальдардың бүйірінен қабысуы нәтижесінде түзіледі

б) пи- байланыс орбитальдардың бүйірінен қабысуы нәтижесінде түзіледі

6. сигма байланыс арқылы байланысқан орбитальдардың бүркесуінің сызбасын сал

7. Кристалдық торы иондық болатын заттар:

а) алмаз


Б) калий фториді

В) көміртек оксиді

Г) натрий сульфиді

8. Мына элемент атомдарының арасындағы байланыс типін анықта

А) N және H

Б) O және O

В) H және O

Г) Na және F

9.Формулаларының қайсысы ионды байланыспен байланысқан

а) Ca3N2

Б) PH3

В) O2





Химиялық байланыстар бойынша жаттығу жұмыстары

Сәйкестігін анықта тапсырмасына




Тексерілетін элемент

ұпай

Барлық ұпай саны

1

иондық байланыс

0,5

2,5

2

ковалентті полюссіз

0,5

3

ковалентті полюсті

0,5

4

сутектік байланыс

0,5

5

металдық байланыс

0,5

Кальций мен кадмий хлроидтерінің қайысы берік себебін түсіндіру

1

Кальцийдің электрондық конфигурациясын дұрыс жаза алуы

1

5

2

Кадмийдің электрондық конфигурациясын дұрыс жаза алуы

1

3

Кальций мен кадмий хлроидтерінің қайысысында берік байланыс екенін түсіндіре алуы

1,5

4

Қосылыстардың физикалық қасиеттерін болжай алуы

1,5

Есептер шығару

Диполь моментін табуға




1

Есептің шартын дұрыс жаза алуына

0,5

5

2

Диполь моментін анықтайтын формуланы дұрыс жазып, оны түрлендіре алуы

1,5

3

Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алуы

2

4

Жұмысты дұрыс көркемдей алуы

0,5

5

Жауабын жазуы

0,5

Салыстыруға жаттығулар

1

Есептің шартын дұрыс жаза алуына

0,5

4,5

2

Қосылыстарды салыстыра алуы

1

3

Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алуы

2

4

Жұмысты дұрыс көркемдей алуы

0,5

5

Жауабын жазуы

0,5

Химиялық байланыстың түрін анықтау

1

Иондық байланыс

0,5

2,5

2

Ковалентті полюсті байланыс

0,5

3

Ковалентті полюссіз байланыс

0,5

4

Металдық байланыс

0,5

5

Сутектік байланыс

0,5

Барлық ұпай саны










19,5

Ұпай санын бағаға айландыру

17-19,5 – 89%-100% баға – 5

14,5-16,9 – 75%-88% баға – 4

11,8-14 – 61%-74% баға – 3



11,7-61% төмен баға – 2

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет