Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
2 6 мин.
№10-тапсырма: Өлең идеясын талдап, эссе жаз. Эсседе сөз өнерінің қазіргі жастардың көзқарасы тұрғысынан саралануына назар аудар.
Жазылым: Өлең идеясын талдап, эссе жазады. Эсседе сөз өнерінің қазіргі жастардың көзқарасы тұрғысынан саралануына назар аударады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.