Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
№1-тапсырма: Поэмаға сюжеттік-композициялық талдау жаса. Шығарманың шарықтау шегі мен шешімін тауып, автор идеясын түсіндіру.
Айтылым: Поэмаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды. Шығарманың шарықтау шегі мен шешімін тауып, автор идеясын түсіндіреді.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.