Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Анам тілі»



Дата28.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#34722
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров « Анам тілі » « Домбыра » өлеңдері

Сабақтың мақсаты: білімділік І. Жансүгіров өмірі мен еңбектерінен қысқаша мәлімет беру.

Дамытушылық: Өлеңнің ой –түйінін жан-жақты аша отырып, шығарманың идеясына көз жеткізу.

Тәрбиелік: Шығармашылыққа баулу. Халық өнері туралы ана тілі туралы өз ойын ашық айтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ақын-жазушылардың суреттері, оқулық, ағаш үйдің макеті, қазақша киінген қуыршақ,домбыра, асық.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

А) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, бағалау бетшесін тарату, топқа бөлу.



2. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қоямын.

1. Бейімбет Майлин кім?

2. Әңгіменің басты кейіпкері кім?

3. Бейімбет Майлин қай жерде дүниеге келді?

4. Қанша повесі бар?
5. Алғашқы шығармасы қандай?

6. Түйебайдың ата-анасының тұрмысы қандай?

7. Бүгінгі таңда оқу білімнің қандай маңызы бар?

8. Б. Майлин қай медресседен білім алды?

9. Қоржынтомар кімнің ауылы?

10. « Түйебай » әңгімесі не туралы айтылған?

ТЕСТ сұрақтары

1. Түйебай кімнен таяқ жейді?

А ) Әжесінен ә) Әкесінен б) Молдадан в) Байдан

2. Молдадан білім алған кім?

А) Молда ә) Түйебай б) Абай в) Бейімбет

3. Түйебайдың мінезі қандай?

А) Ақкөңіл ә) Сыпайы б) Тентек в) Жылауық

4. Әңгіменің басты кейіпкері кім?

А) Б. Майлин ә) Түйебай б) Молда в) Есмағамбет

5. « Шоқынып кетсем де молданың алдын көрмеймін » -деп айтқан кімнің сөзі?

А) Бейімбет ә) Шоқан б) Түйебай в) Әңгімеші бала

Елім деп жырлаған



ҮШ БӘЙТЕРЕК




Ілияс Жансүгіров (1894-1938)

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі.

Өз үйінде әкесінен хат танып,молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды.

Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады.

Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады.

1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады.

Қазақ поэзиясының ерен жүйрігі, "қазақ поэзиясының Құлагері" 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырайды.

Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол әдеби мұра қалдырды. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған.

1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Ж. ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Ж. аударғаның дәлелдеді. Республикада бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді.

« Анам тілі » өлеңі мәнерлеп оқу .

1-топ: Тіл туралы мақал-мәтел жазғызу.

2-топ: Тіл туралы өлең шығару.

3-топ: Шығарма жазу.

4-топ: Нақыл сөздер айтқызу.

Өлеңнің мағынасын ашу.

Бағасы алтын анам тілі-қымбат

Бағаланған балаң түрі-есейген

Маңымды танығанмын –білдім

Тәттілілік –қадірлілік.

Апкәусар- жұмақтағы зәмзәм суы.



«Домбыра» өлеңі

Домбыра-Қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізі екі ішекті немесе үш ішекті болып келеді.Домбыра тартудың түрлері өте көп.Мысалы сермеп ойнау,іліп қағу,шертіп ойнау.

Домбыраның құрылысы:басы,құлақтары,пернелер,мойын,шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер.Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.

-Өлеңді мәнерлеп оқыту.

1.Домбыра үні

2.Әуез


3.Қарқын

4.Күй суреті

Теңеу- ұқсас,ортақ белгілердің негізінде бір затты 2-ші затқа салыстыру сипаталушы нәрсенің бейнелік, көркемдік, сол нәрсені жаңа қырынан таныту.

Эпитет- бір нәрсені айқындауыщ сөздер сұлу бейнесін әкеледі.Айқындап тұрған сөздердің ешқандай көркемдік әсері болмас еді.

Теңеу:тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай,дыбыстай, жарыстай, дауыстай, бойлай.

Эпитет: қоңыр жел,адақтаған күй, ыңыранған домбыра.

Сергіту сәті:

Сабақты бекіту: Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің шаң жұқпас жүйрігі, жыр құлагері, поэзиямыздың бар саласына үлес қосып, поэма жанрын қол жетпес биікке кқтеріп күні бүгінге дейін үлгі шашып дүстүр жасаған қайраткер

Бекіту сұрақтары:

1.Қазақтың үш бәйтерегін ата.

2.І.Жансүгіровтың туған жері?

3.І.Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды?

4.С.Сейфуллиннің шын аты кім?

5.Бейімбеттің шын аты кім?

6.Құлагер кімнің поемасы?

7. І.Жансүгіров қай жылдар аралғында өмір сүрді?

8. І.Жансүгіров қай жылы оқуға түскен?

Үйге тапсырма:

1.“Анам тілі” өлеңін жаттау.

2.“Домбыра” туралы ой толғау жазу.

Бағалау:

« Екі жұлдыз,бір тілек»



Оқушыларға стикерлер таратып беремін. Өздеріне ұнаған екі нәрсені және бір тілек жазып тақтаға іледі.
Каталог: uploads -> doc -> 0cf6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cf6 -> 1 желтоқсан – Қр тұңғыш Президенті күні
0cf6 -> Сабақтың мақсаты. Білімділік: сурет көрмесі, бейнелеу өнерінің жанрлары туралы білімдерін толықтыру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет