Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабоздары»



Дата31.01.2018
өлшемі161,46 Kb.
#36956
түріСабақ

Күні: 30.01.2016ж

Сыныбы: 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабоздары»



Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сынып оқушыларын түгендеу.
2. Сабақ жоспарын таныстыру.
3. Топқа бөліп отырғызу

Жарыс кезеңдері:
I –кезең Таныстыру

II – кезең Бәйге

III –кезең Ғажайып сандар

IV-кезең Полиглот

V – кезең Paint аралығына саяхат

VI –кезең Мақал сөздің мәйегі

Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!


«Информатика дарабоздары» атты сайыс сабағымызға хош келдіңіздер! Сайысымыздың алдында білім сайысының әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар. (Әділ қазылар алқасымен таныстыру).
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың бірінші кезеңі:
І. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы презентация түрінде).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).

II. Бәйге

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)
2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).
3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).
4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)
5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
7. Компьютердің миы. (процессор)
8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
9. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)
10. Вирустыңкеріәсерінжоятын программа (Антивирус)
11. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
12. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
13. Бір байта неше бит бар? (8)
14. Паскаль тілінде енгізу операторын көрсет.(READ)
15. Программа денесі қандай қызметші сөзбен басталады?( BEGIN)

16. Программа денесі қандай қызметші сөзбен аяқталады? (END )
III. Ғажайып сандар. Үш бағытқа бөлінді. Әр бағыт бойынша сұрақтар қойылады.

1.Ортадан ақпаратты адам қалай қабылдай алады (пайыздарымен ата)?

(көру -90% есту-9 % иіс сезу-1 % дәм сезу -1 % сипау-1 %)

2. Ақпараттың өлшем біріліктерін ата?

(Бит,байт, кбайт, мбайт1байт-8бит, 1кбайт-1024байт,

1мбайт-1024кбайт, 1гбайт-1024мбайт)

3.Ақпараттық үдерістер дегеніміз не?Әлемнің ақпараттық бейнесі дегеніміз не? (Ақпаратты алу, беру, сақтау,өңдеу және қолдану үдерісі ақпараттық үдерістер деп аталады. Әлемнің ақпараттық бейнесі-бұл нақты әлемдегі нысандар туралы ақпараттар көзі.)

4.Кіші көлемдегі микросхемалар қашан пайда болды? (1964ж-1971ж)

5.Транзисторлар қашан пайда болды? (1956ж-1964ж )

6. ЭЕМ-нің жаңа буындары? ( Жаңа элементтік база,

жаңа өндірістік технологиялар, жаңа программалық қолданба, жаңа қолдану саласы)

7.Сызықтық алгоритм дегеніміз не? (Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм )

8. Блок-схеманың әрекеттерін ата? (1.Алгоритмнің басы мен соңы Әрекеттерді орындау үдерісі, Әрекеттерді орындау шарт тары, Мәліметтерді енгізу немесе шығару ,Есептеуіш әрекет)

9. Сөздік пен программалық жазылу түрлерінің міндеттерін ата?

(Сөздік-алгоритмнің табиғи тілде жазылып берілуі, Алгоритмнің компьютер тіліне түсінікті түрде жазылуы)
IV. Полиглот. Берілген сұрақтарға қазақша, орысша және ағылшынша жауап беру.

1. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы?

(Пернетақта-клавиатура-keyboard)
2. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі (Ақпарат-Информация-Information)

3. Компьютер пенетақтасында қанша пернелер бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one )

4. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді (енгізу-ввод-enter)
5. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді (өшіру-удалить-delete )

6. Өшірілген файлдар қайда сақталады?( себет-корзина-basket )

7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады( Бос орын-пробел-Proble
V. Paint аралығына саяхат. Берілген үлестірмелер бойынша

1.PAINT графикалық редакторында суреттер салу.


VI . Мақал сөздің мәйегі.

1.Жігітті компьютеріне қарап, бағала

1.Жігітті досына қарап, бағала

2. Байт биттен құралады

2.Теңге тиыннан құралады

3. Вирустан қорыққан, интернетке шықпас

3. Шегірткеден қорыққан, егін екпес

4. Web - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса

4. Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса

5. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім

5. Атының сыры иесіне мәлім

6. Білмесең, «анықтамадан» сұра.

6. Білмесең білгеннен сұра

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы.

7. Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы

8. Антивирусы күшті компьютерді - Вирус ала алмайды

8. Досы көпті жау алмайды

9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл.

9. Күлсең кәріге күл

10. Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады

10. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады

Әділ қазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылып, жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабоздары» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Нәтижесі:


1 ) Оқушылардың жарысқа қатысуға деген қызығушылығы артты.
2) Оқушының тек информациялық білімі емес математикалық білімі де шыңдалады. 

Тексерген: ____________


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет