Жағдаят.
Бір оқушы хакер болуды ұйғарады. Ол өзінің сыныптастарының электронды поштасының құпия сөзін таба бастады. Кейбір сыныптастарының құпия сөзін тез тапты. Және олардың атынан басқа біреулерге хат жаза бастады.
А) Қалай ойлайсың, одан кейін не болды? (сөйлемді аяқтаңыз) Ә) Мұндай жағдайлардан шығудың қандай жолдары бар?
«Браузер» тобына
Тапсырма
Жағдаят.
Айдархан «Қазақстан» тақырыбында екі шумақ өлең құрастырып, Интернетте жариялады. Бірнеше күннен кейін, Айдарханның жариялаған өлеңін оның жақын досы Марат Интернеттен алып, сыныптастарына «мен шығардым» деп хабарлайды және оны сыныптастарымен талқылайды.Оны Айдархан көріп таң қалады. Интернеттегі бөгде жұмыстың көшірмесін алу заңсыз екендігін достарыңа қалай түсіндірер едіңдер? «Кері байланыс бутерброды» Кері байланыс әр түрлі тәсілдермен берілуі мүмкін.
Кері байланыс «бутерброды» дегеніміз бұл:
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....