Сабақтың тақырыбы: Ж. Аймауытов «Әнші» әңгімесі Ақтамақ хикаясы Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата09.06.2020
өлшемі56 Kb.
#63307
түріСабақ
  1   2   3

Әдебиет 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытов «Әнші» әңгімесі

Ақтамақ хикаясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдету, шығарманың тілі мен мазмұнына талдау жасату, Әмірқан бейнесін жан-жақты талдау

Тәрбиелік: Әңгіменің мазмұны арқылы оқушыларды адалдыққа, шынайылыққа, әнді, өнерді сүюге, тәрбиелеу, әсемдікті сезіне білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушының ойын, қиялын дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын әдеби, жүйелі тілмен жеткізе білу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері. Ассоциация, талдау, сұрақ-жауап, әңгіме кестесін құру

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сурет, қанатты сөз

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Шығарманы талдау


  • Балалар, біз сендермен өткен сабақта Ж.Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінің мазмұнымен танысып, шығармаға жоспар құрған болатынбыз. Бүгін осы шығарманы талдауды ары қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі сабағымызда:


  1. Жүсіпбек шығармаларының негізгі тақырыбы – заман шындығын бейнелеу

  2. Әмірқан бейнесінің әр қыры

  3. Ақтамақ хикаясы

деген мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаймыз.


Өткен сабақта біз «Әнші» әңгімесінің авторы Ж.Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып кеткенбіз.

Жүсіпбек - сегіз қырлы, бір сырлы дарын, жан-жақты талант иесі. Жүсіпбек – ақын, жазушы, драматург, сыншы, аудармашы, публицист.

Жүсіпбек – новелла, повесть, романның айтулы шебері, психолог, тұңғыш оқулықтар мен педагогикалық мақалалардың авторы. Жүсіпбектің тағдыры ауыр, өмірі қысқа болғанымен, әдеби мұрасы мол. Ол қазақ прозасын дүние жүзілік деңгейге көтерген қайталанбас ұлы суреткер. Жүсіпбектің шығармашылық шеберлігіне Б.Майлин:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет