Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану. Сабақтың мақсаттары



бет27/30
Дата17.02.2017
өлшемі4,96 Mb.
#9518
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың бағалау мониторингісі жасалынады. Осы мониторинг бойынша оларды бағалаймын. Оқушылар бағалау рейтингісі мен жинаған ұпайларына қарап, өздерін бағалайды.
Бағалау рейтингісі:
Үй тапсырмасы - 15 ұпай 35 – 38 ұпай «5»

І деңгей - 8 ұпай 30 – 35 ұпай «4»

ІІ деңгей - 5 ұпай 20 – 30 ұпай «3»

ІІІ деңгей - 10 ұпай

Барлығы: 38 ұпай

Бағалау мониторингісі.

Сабақ жоспары

№161

Пән: математика



Сынып: 6 «в»

Күні: ___________

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №10

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша білім, біліктілік, дағдысын тексеру.

Дамытушылық: Алған білімдерін жинақтау және тексеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы

Сабақтың әдістері:өзіндік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау

ІІ Бақылау жұмысы:

А

І нұсқа

ІІ нұсқа


1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер:

х + 2у = 3,

- 4х + у = 6.

А (-3; 5); В (-1; 2); С (-4; 6); D (2; 5)
2. Теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешіңдер.

Бір жылқы мен бір сиыр 7 күнде 105 кг шөп жейді. Бір жылқының 2 күнде жеген шөбін бір сиыр 3 күнде жейді. Әрбір күн сайын бір жылқы неше килограмм шөп жейді? Бір сиыр неше килограмм көп жейді?


3.Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

х + 5у = 12,

х – 2у = 5.

А (8; 5); В (-2; 3); С (6; 4); D (7; 1)
4.Есептеңдер:

- 0,9 * 3 + 117 : 4,5 – 8,3

А 15; В -16; С -26; D 9


1.Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер:

х + 2у = 6,

2х + у = 9.

А (4; 1); В (2; -3); С (5; 3); D (5; 7)
2. Теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешіңдер.

Екі тракторшы 6 күнде 84 га жер жыртты. Бірінші тракторшының 4 күнде жыртқан жері екінші тракторшының 3 күнде жыртқан жеріне тең. Тракторшылардың әрқайсысы бір күнде неше гектар жер жыртады?


3.Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

3х + 2у = 22,

5х – 3у = 5.

А (3; 6); В (8; 9); С (4; 5); D (6; 2)
4.Есептеңдер:

- 0,8 * 4 + 56 : 3,5 – 5,8

А 15; В 7; С 14; D 21


Сабақты қорытындылау: Оқушылардың дәптерлерін жинап алу

Сынып: 6

Күні:


Сабақтың реті: 162

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.
Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу» тарауы бойынша алған білімдерін коррекциялау

Дамытушылық: Тақырып бойынша алған жалпы теориялық білімдерін практикада ұтымды қолдануын дағдыландыру

Тәрбиелік: Өзара сыйласу, бір-біріне дұрыс көмек беру, жанашырлық, уақытты ұтымды қолдана білу, іздену қасиеттерін бойында тереңдету.

Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы

Сабақтың әдістері:Практикалық

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушылар тізімін тексеру

б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.


ІІ Бақылау жұмысын талдау:
1.Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

2.Бақылау жұмысында қиындық туғызған есептерді талдау

3.Қатемен жұмыс жасау
ІІІ Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

1. Теңдеулер жүйесінің шешімі болатын нүктенің координатасын таңдап:



а) б)

2. Теңдеулер жүйесін графикалық тәсілімен шешіңдер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет