Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өтілген тақырыптарды қайталау және жүйелеу. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу туралы жаңа ұғым қалыптастыру. Жай бөлшектерге қолданылатын амалдарды қайталау. Жай бөлшектерге байланысты тарихи құжаттармен таныстыру. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: логикалық жаттығулар, ойын, тарихи мәліметтер, СТО әдістері,жұптық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері .
Көрнекілігі: кестелер, плакаттар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
№788 есеп
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жай бөлшектің неше түрі бар?
Дұрыс бөлшектер Бұрыс бөлшектер
1. Қайталау сұрақтары
1. Бөлшектерді қосу амалы қалай қосады?
2. Бөлшектерді азайту амалы қалай орындалады?
3. Бөлшектер қалай көбейтіледі?
Жаңа сабақты болжау
Мағынаны ашу.
А)Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу.
Бөлу – көбейтуге кері амал.
Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек.
Ережені әріптермен жазсақ
а/b : с/d = a/b * d/c
1-мысал: 4/7:2/3=4/7∙3/2=(4∙3)/(7∙2)=(2∙3)/7=6/7
2-мысал: 4/15 : 2/5=4/15 * 5/2 =2/3
3-мысал: 0: 5/6 =0
Санды 0-ге бөлуге болмайды, себебі кез келген санды 0-ге көбейткенде көбейтінді нөлге тең.
Ә)Кітаппен жұмыс
№793( ауызша)
№794
1/3 : 1/9 = 1/3 * 9/1 = 9/3 = 3
3/8 : ½ = 3/8 * 2 = 6/8= ¾
4/9 : 8/9 = 4/9 *9/8 = ½
1/12 : 1/6 = 1/12 *6 = 6/12=1/2
3/5: 1/25 = 3/5*25 =15
2/7: 3/7 = 2/7*7/3 =2/3
1/10:1/10 =10/10 =1
¾: 5/8 =3/4*8/5 = 6/5 =1.1/5
ІҮ. Тірек кесте
Бөлшектерді қысқарту арқылы биылғы жылдың қазақша атауын табамыз.
9/12 о 16\ 20 й 3\9 қ
Ү.“Бағытпен жалғастыр” ойыны.
дұрыс бөлшек
жұп сан
аралас сан
аликвоттық бөлшектер
бұрыс бөлшек
Тарихи мәліметтер.
Атау
|
Уақыты
|
Ұлты
|
Тегі
|
Бөлшек сызығы,
бөлшек
|
ХІІ
|
Итальян
|
Леонардо Пизанский
|
Алым, бөлім
|
ХІІ
|
Грек
|
Максим
Плануд
|
|
Б.з.д.
287-212
|
Грек
|
Архимед
|
Бөлшек туралы толық мәлімет
|
ХХ
|
Орта Азия математигі
|
Әл-Хорезми
|
Жұптық жұмыс.
Бөлшек түрінде жазып және оқып шығыңдар.
Қорытынды.
Сөзжұмбақ шешу:
Алымы бөліміне тең немесе алымы бөлімінен үлкен бөлшек.
Бөлшек сызығының астындағы сан.
Бөлшек сызығының үстіндегі сан.
О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызық.
Жай бөлшекті жай бөлшеке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке қандай санға көбейту керек?
Координаталық сәуледегі таңдап алынған кесінді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: №798
|