Сабақтың тақырыбы: Жануарлар жемін қалай аулайды? СабақТЫҢ мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі8,43 Kb.
#4748

Сабақтың тақырыбы:

  • Жануарлар жемін қалай аулайды?

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

  • 1. Білімділігі:
  • Жануарлар әлеміндегі қоректенуімен байланысты тіршілік әрекетіндегі ерекшеліктер, жануар мен жануар «қарым-қатнасында» «жемтік-жау» қатынасының болуы туралы түсінік қалыптастыру.
  • 2. Дамытушылығы:
  • сөйлеу дағдысын дамыту, танымдық белсенділігін арттыру. Өздігінен пайымдай білуін қалыптастыру.
  • 3. Тәрбиелігі: экологиялық тәрбие беру.
  • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
  • Сабақтың әдісі: баяндау, әңгімелеу.
  • Сабақтың көрнекілігі:топтастыру стратегиясы, суреттер, кесте, тест
  • жұмысы.
  • Сабақтың барысы: 1. Психологиялық икем. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • 2. Үй тапсырмасын тексеру.
  • Жануарлардың немен қоректенетінін әңгімелету, сұрақ-жауап алынады.

Сұрақтар:

  • 1. Басқа жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды?
  • 2. Өсімдікпен қоректенетін жануарлар қалай аталады?
  • 3. Өсімдікпен және жануарлармен қоректенетін жануарларды қалай атайды?

3. Жаңа сабақ.

  • 3. Жаңа сабақ.
  • Міне, балалар қандай жануар немен қоректенетінін білдіңдер, олай болса, олар сол қорегін қалай аулайды? Тірі жануарларды аулап, ұстап жейтін жануарларды жыртқыштар дейміз.
  • аю
  • сілеусін
  • қасқыр
  • жолбарыс
  • арыстан
  • жыртқыштар
  • түлкі
  • жапалақ
  • бүркіт
  • Жыртқыштар жемін әр-түрлі тәсілмен аулайды.
  • Жолбарыс пен сілеусін жемін тасада жатып аңдиды. Кейде оған
  • бұқпантайлап жетеді де, аңдаусызда бас салып ұстап жейді.
  • Қасқыр, ит, түлкі, дала мен орманды кезіп жүреді де, жануарлардың
  • ізін табады. Сол ізге түсіп жорта береді, ақыры жемін тауып, оны
  • қуып жүріп ұстайды.
  • Дала бүркіті, тышқан, құмқояны, саршұнақ сияқтыларды аңдып,
  • көбінесе төбе басында отырады. Жемін көзі шалып қалса болды,
  • ол көкке шапшаң көтеріліп, құйындатып келіп үстіне тұмсығымен
  • шоқып қона кетеді.
  • Жапалақ түнде өте жақсы көреді. Ол ұсақ сүтқоректілерді, құстарды
  • дәл тауып, ұстап жейді. Дала бүркіті де, жапалақ та – жыртқыш құстар.
  • Сонымен, әрбір жануар аштан өлмеу үшін қорек іздеп тауып, тіршілігін сақтайды. Осыдан бір қызықты сұрақ туындайды: бір жануарлар екінші жануарлардың тіршілігіне қауіп туғызып, тіпті оларды жейді.
  • Жыртқыш болсын, оның құрбаны болатын жануар болсын бәрінің әрекеті өз тіршілігін сақтау. Тіршілік үшін күреспейтін жан иесі жоқ. Бұл- табиғат заңы. Сондықтан жыртқыш екен деп жануарларды жек көруге болмайды.

Сергіту.

  • Тест (электронды оқулық)

Балалар, мына суретте аңдар туралы не білеміз, сол білетіндерімізді пайдаланып мына кестені оқиық.

  • Аңның аты
  • Ол қай түрге жатады?
  • Немен қоректенеді?
  • жапалақ
  • Құстар тобы
  • Құстармен, жәндіктермен
  • елік
  • сүтқоректілер
  • Шөппен
  • қасқыр
  • жыртқыш
  • етпен
  • кесіртке
  • жорғалаушылар
  • Жәндіктермен
  • Сабақты қорытындылау.
  • (жұмбақтар шешу)
  • Өзі ширақ, өзі қу,
  • Жүрген жері айқай –шу.
  • Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,
  • Басынан өткізеді әрбір істі.
  • Белестен шапқан бесті ат,
  • Бүкір келген желісті ат.
  • Бейғам елді іздейді,
  • Малдан күдер үзбейді.
  • Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
  • Айбаты жан шыдамас үндері бар.

Үйге тапсырма:

  • Үйге тапсырма:
  • оқып әңгімелеп келу.
  • Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет