Сабақтың тақырыбы: Жануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеу



бет3/3
Дата10.03.2017
өлшемі0,99 Mb.
#11273
түріСабақ
1   2   3


Суреттегі жәндікті атап, бағдаршамен белгіленген дене мүшелерін жазып көрсетіңіздер.

Гидраның санмен белгіленген жыныс жасушаларын жазыңыздар және даму сатыларын да көрсетіңіздер




Суретке қарап, сұрақтарға жауап беріңіздер:

Бұл реакция қалай аталады?

Тітіркендіргіш ретінде не қолданылды?

Гидраның қай жасушаларында қозу туады, содан соң жиырлады?



Суреттегі регенерация құбылысын түсіндіріңіз



Қорытынды

Бағалау

Үйге берілген тапсырма



Бекіту тапсырмалары

Күні:

Сынып: 7

Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі, көптүрлілігі, мекен ортасы, тіршілігі, биоэкологиялық ерекшеліктері

Мақсаты: Көпжасушалы жануарлардың жалпы сипаттамасы,құрылысы мен биоэкологиялықерекшеліктерітуралы түсінік қалыптастыру.

     -білімділік:Көпжасушалы жануарлардың жіктеу, олардың шығуы туралы білім беру.

     -дамытушылық:проблемалық жағдайлар мен күнделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамыту, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту;

     -тәрбиелік:. Барлық жаратылым деңгейіндегі табиғаттың бірегей құбылысы ретінде тірлікке ықыласты қарым қатынаста болуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің қызметі

Оқушылардың

қызметі

1.Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.



Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушыларға өткен курстар бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.

1.       Көпжасушалыларға қандай жәндіктер жатады?

2.       Регенерация деген не?

3.       Медуза құлағы деген не?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

1. Орг.заттармен қорек

2.


3.Жаңа материалға көшу кезеңі

Сабақтың мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу:

·         Жіктеу

·         Жүйелеу

·         Дүние тармағы



-Сабақ  мазмұнымен танысады. Кіріспенің сызбанұсқасын мүғаліммен талдау

4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі

Ішекқуыстылар типі. Типтің ішекқуыстылар деп аталу себебі: олар екі қабаттан тұрады; денесінде бір ғана қуыс болады. Ішек тәрізді қуысты екі қабат қаптайды. Оның сыртқысы – эктодерма, ішкісі – энтодерма. Эктодерма – жабын мен қозғалыс қызметін, ал энтодерма – асқорыту және қозғалыс қызметін атқарады. Біраз бөлігі болмаса, ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді. Жалпы саны 9 000-ға жуық түрді біріктіреді. Ішекқуысты жәндіктер типі негізгі 3 класқа жіктеледі: гидратектестер (гидроидты), табақшатәрізділер (сцифоидты) және көпаяқты (полипті) маржандар (114-сурет). Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Олардың сан алуандығы. Көпжасушалы жәндіктер ағзасындағы барлық жасушалардың тіршілік әрекеті бірдей. Олар бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Атқаратын қызметі ұқсас жасушалардан онша ерекшеленбесе де ұлпа түзіледі.

Жаңа тақырыппен танысады.

·        гидратектестер 

(гидроидты)

·        табақшатәрізділер

 (сцифоидты)

·       көпаяқты (полипті) маржандар

 

 

Тақтада берілген 1,2,3 тапсырмаларды орындайды



5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 

Оқулықтың 129 беттердегі сурет бойынша жасушалардың атқаратын қызметін баянда орындау.

·       Отырықшы және еркін жүзіп тіршілік ететін ішеккуыстыларджы ата?

·         Жасуша ішінде және жасушадан тысқары ас қорыту құбылысын түсіндір?

·         Құлақты медузаның  (аурелия) жынысты және жыныссыз көбеюінің сызбанұсқасын жаз.



Берілген тапсырмаларды уақытқа орындайды, бір-бірінін тапсырмаларын тексеріп, (кателерін) талдайды.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі

·         Қандай ортақ белгілері бойынша жәндіктер ішекқуыстыларға жататынын мысалдар арқылы дәлелде.

·         Ішекқуыстылардың қозғалу тәсілін баянда.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз ойларын толықтырады. Бір біріне сұрақ –жауап береді.

7. Бағалау кезеңі

v  Берілген тапсырмаларын тексеру, бағалау.

v  Оқушылар сабаққа қатысуына қарай бағаланады.



Тапсырмаларын көрсетеді.Күнделіктеріне бағаларын қойғызады

8. Үйге тапсырма беру кезеңі

§41 , 188 терминдермен жұмыс жасау.

 Тақтада берілген сызба бойынша дәптерлерінде талдау жасап келу.



Үй тапсырмаларын дәптерлері мен күнделіктерне жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет