Сабақтың тақырыбы: «Жануарлардың қысқы тіршілігі»



Дата21.07.2017
өлшемі58,86 Kb.
#21770
түріСабақ
45 ОЖББМ

« Жануарлардың қысқы тіршілігі »

(дүниетанудан ашық сабақ)

Өткізген: Едильбаева.Г.М

ОРАЛ-2015 жыл



Сабақтың тақырыбы: « Жануарлардың қысқы тіршілігі »

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі : Балаларға жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі мен таныстыру . Олардың төлдері мен корегі туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық : Балалардың ойлау шығармашылық қабілетін дамыту , сөздік қорын молайту , өз бетінше жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Тәрбиелігі : Ұқыптылыққа , мейірімділікке , шеберлікке баулу, эстетикалықталғамын арттыру.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру , әңгімелеу ,

Сабақтың көрнекілігі : Жабайы жануарлармен олардың төлдерінің және коректерінің суреттері мен ойыншықтар.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті

Жаңа сабақ

  • Кәнекей, балалар бір – біріміздің қолымыздан ұстап,күн жасап, шаттық шеңберіне жиналып тұрайық .

Шаттық шеңбері

  • Қуан, шаттан, алақай,

  • Қуанатын күн келді.

  • Күліп шықты күн бүгін ,

  • Қайырлы таң, қайырлы күн!

Жаңа сабақ :

  • Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

  • Қыс, көктем, жаз, күз .

  • Қазір жылдың қай мезгілі ?

  • Қыс мезгілі .

  • Қыс мезгіліне қандай айлар жатады?

  • Желтоқсан, қаңтар , ақпан .

  • Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарында.

  • Қандай өзгерістер болады?

Қар жауады






Аяз болады Боран болады


Күн суытады Тұман түседі



  • Ал балалар ,осы сендер қыста тонасыңдар ма?

  • Иә

  • Олай болса , біздер сияқты аңдарда тонады екен .

  • Балалар, қыста қандай аңдар болады?

  • Қасқыр , түлкі ,қоян, аю т.б.

  • Қыста орман өте суық болады.Жануарлар азық таба алмай қиналады.Сондықтан көптеген жануарлар қысқы ұйқыға кетеді. Борсық пен кірпі де – ұйқыға кететін жануарлар .

Қасқыр - жыртқыш аң. Ол өте ақылды, әрі ұғымтал . Қасқыр қыста топталып жүреді. Қасқырдың баласын бөлтірік дейді . Қасқыр қоянның түлкінің етін жегенді жақсы көреді.

Түлкі – өте иісшіл , саққұлақ , қырағы көз , айлакер, қу аң жыртқыш. Ең сүйікті асы – тышқан , көжек , балықпен қоректенеді. Түлкінін баласы мыржай деп аталады.

Қоян – қорқақ , құйрығы бір тұтам .құлағы сала құлаш ,киімі екі түрлі болады. Жазда қоңырлау, ал қыста ақ қардан ажырату қиын . Бұта арасында жатады , ағаш бұтасын кеміреді. Егер бір нәрседен үріксе , қарғын шығып зымырай жөнеледі . Қоян сәбіз жегенді ұнатады. Қоянның баласын көжек дейді.

Аю – үлкен денелі жуан дауысты жануар .Аюдың түсі қоңыр болады. Жаз бойы азығын жинап өзінің денесіне сақтайды да қыста сонымен қоректенеді. Қалай дейміз бе? Аю қыс бойы апанда ұйықтайды , сонымен қатар табанын жалап қоректенеді . Аю қонжығын ертіп көктемде бірақ шығады.

Жұмбақ шешеу.

Құстай ұшады ,

Құландай жортады,

Қойдан қорқады.

( Қоян )

Жол үстінде қу қазық ,

Жүргіншіге жол азық.

(Қоян )


Өзі қу,жүрген жері ,

Айқай шу.

( Түлкі )

Бал іздеп бірақ жортады,

Кіп – кішкене арадан

Үп – үлкен боп қорқады.

( Аю)


  • Әліппе - дәптермен жұмыс.

  • Жануарлардың қысқы мекені туралы әңгімелеп бер?

  • Тиін ініне қандай азықтарды жинап алады ? Қоршап сыз.

  • Қар бетіне түскен іздерге қара . Әрқайсысының ізін сызық арқылы көрсет.

  • Ал балалар ,осы жабайы жануарлар туралы тақпақ кім біледі ?

Мәди. Мен қоянмын, қоянмын ,

Күндіз - түні ояумын.

Қаша - қаша қасқырдан ,

Құлауға да таяумын.


Нұрхат . Мен аю , балқұмар , қорбанбаймын.

Тәтті ұрлауға қорланбаймын .



Айзат. Орманнан , жалпақ даладан,

Бал іздеп бірақ жортады,

Кіп – кішкене арадан

Үп – үлкен боп қорқады. (аю)

Ендеше осы жабайы жануарлар немен қоректенеді ?

Ойын « Аңдар немен қоректенеді »



  1. Түлкі немен қоректенеді ? ( көжек )

  2. Қоян немен қоректенеді ? ( сәбіз )

  3. Қасқыр немен қоректенеді ? ( қоян )

  4. Қоңыр аю немен қоректенеді ? ( бал )

  5. Ақ аю немен қоректенеді ? ( Балық )

Ұйқасын тап ойыны.

  1. Өзінше ноян,

Қорқақ не ? ( қоян )

  1. Бата алмас түлкі

Үсті тікен ( кірпі).

Үш топ.



  1. Оқу орталығы. Сұр қоян жаттау.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды .

Ойлы – қырлы жерлерден ,

Ытқып – ытқып жүгірді .



Сергіту сәті.

Ал балалар тұрайық ,

Үлкен шеңбер құрайық .

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық .

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта шапалақ,

Жоғары – төмен қарайық ,

Орнымызды табайық.



  1. Жапсыру . Қоян, түлкі , аю суреттерін жапсырмалайды.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың ,

Құлпынайы көп екен .

Теріп – теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


  1. Мүсіндеу. Қоян, түлкі, аюды мүсіндейді.

Ғажайып сәт:

Бірге жаттайық .

Балалар сурет арқылы тақпақ жаттайды тақтаға ақ қардың , мұздың , таудың , ақ аюдың , балықтың көлдің суреттері ілулі тұрады.



Ақ қар мұз тау етегі ,

Ақ аюдың мекені.

Балық іздеп айдыннан ,

Балпан – балпан етеді.

Неткен ақылды балаларсыздар , барлық тапсырманы тамаша орындадыңыздар !

Енді дөңгеленіп тұрайық .

Осы жабайы жануарлардың орысша ағылшынша тілінде үйренейік .

Аю – медведь - bia

Түлкі - лиса - fox

Қоян – кролик - rabbit

Балалар сөздікті 3 – 4 рет қайталайды.



  • Бүгін сендер көп еңбектендіңдер . Сол үшін сіздерге жабайы жануарлар өздерінің сүйікті қоректерін таратып, сіздерге рахметтерін айтып сыйлайды және бағалайды .


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет