Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі18.97 Kb.
түріСабақ

Пәннәің аты :

Дүниетану

Уақыты: 28.04.17ж

Сыныбы 3

Мұғалім: Жаркинбекова А.У

Сабақтың тақырыбы:

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі

Мақсаты

1.Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу, тіршілік ортасына бейімделуі туралы түсіндіру.

2.Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.

3.Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққы, достыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Қуанамын менде, (Өзін көрсетеді)

Қуанасын сен де, (Жанындағы досың көрсетеді)

Қуанайық достарым ( Бірің-бірі қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге!(Қолдарын жоғары көтереді)


Оқушылар орындарынан тұрып сыйластықпен баршаға ізет білдіру арқылы сабаққапсихологиялық дайындық жасайды.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасы «Улы өрмекшілер» таратпа карточка арқылы тексеріледі.



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Кіріспе.-« Менен сұрақ, сіздерден жылдам жауап»
-Табиғат дегенімізне?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Қызыл кітап дегеніміз не?

-Өсімдік өсу үшін қандай жағдайлар қажет?

-Топырақ деген не?

Қосымша мәлімет беру.

Өсімдіктер дүниесі сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада –суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді.Әр ортаның жағдайлары әр түрлі. Бейімділікті олардың сыртқы түрінен, түсінен, сыртқы дене құрлысынан тағы басқа белгілерінен байқауға болады.


Мысалы: дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемделіп, түсі де дала бояуына қарай өзгере дамыған. Ондай қасиеттер тышқандар мен саршұнақтардың көптеген түрлеріне тән.

Әлемді қолмен жасап көрейік . Қолыма үрленген шарды алайын да, үрленгенше үрлеймін. Бұл – әлем. Әлем дегеніміз – ғалам, жер шары, дүние. Онда өмір сүріп жатқан адамдар.Адамдар бір –біріне қамқорлық жасап, мейірімді қарым-қатынас жасаса, сонда ғана әлемде бейбітшілік орналайды. Шардың үстіне әртүрлі суреттер жапсырыңдар. Бұл-жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі. Олардың барлығы жер бетінде тіршілік етеді. Өсімдіктер әлемімен танысып кеттік, енді жануарлар әлемімен танысамыз.

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді. Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың айтуы бойынша олардың 2 млн-дай түрлері белгілі. «Жануар» сөзі парсы тілінен алғанда «джан-джанвар» сөзінен алғанда қазақша жануар әлемі, яғни дүниежүзіндегі тірі тіршілік иесі деген мағынан береді. Жануарлар жүре алатын және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар жер бетінде балдырлар мен саңырауқұлақтардан кейін пайда болған.

Жануарлар тіршілік ететін ортасына байланысты жабайы және үй жануарлары деп бөлінеді.

- Сүтқоректілер – 5000 түрі бар. Айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.
- Құстар – 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады.
- Жорғалаушылар – 8000 түрі бар. Айырмашылығы бауырымен жорғалайды.
- Қосмекенділер – 4000 түрі бар. Айырмашылығы құрлықта да суда да тіршілік етеді.
- Балықтар – 20 000 түрі бар. Айырмашылығы жүзеді.
- Бунақденелілер – 1 млн түрі бар. Айырмашылығы ызылдайды, қанатты және қанатсыз болып бөлінеді.
Қызықты хабарлама.
Өсімдіктер туралы өткенімізді еске түсірейік. Алдымызда құлпырып өсіп тұрған өсімдік тұр.
- Қоректі қайдан алады?
- Өсімдік қоректі табиғи заттардан алады. Су, топырақ, ауа, күн жылуы, жарық.
- Өсімдік қоректі табиғат заттарынан алса, жануарлар өсімдіктерді жейді немесе бірін-бірі жейді.

Топпен жұмыс

1 топ.Жануарлар тобы

2 топ. Балықтар тобы

3топ . Құстар тобыт

4 топ. Бауырмен жорғалаушылар тобы



Оқулықпен жұмыс .

Мәтінді бөліп оқыту.



Сурет бойынша жұмыс. Постер жасау


Сергіту сәті

«Көңілді күн»

Бейне роликтен көрсетілген қимылдарды қайталап ән айту.

Видео көрсету: «Көріңіз қызықты жануар»


Ой сергітеді,шаршағандары

басылады


Тапсырмалар

1.Суреттегі жануарлардың қайсысы қандай топқа жататынын анықтап,сызып сәйкестендіру.

2.Тест бойынша жұмыс.






Ой толғаныс

1.“Кім батыл?”

Міне аш жолбарыс орман іші тасада жатып,өзінің қорегін аңдып жатыр.Ол түлкіні көріп бұқпантайлап,түлкіге қарай бас салғалы жатыр.Кәне,кімнің қолынан қандай көмек келеді.?

Балалар түлкіні жазық далаға, қоянды бұтаға,керікті орманға, құсты аспанға қашырады.

-Біз батылдығымыздың арқасында жануарларды жолбарыстың тырнағынан құтқардық.Бірақ біз оларға үнемі көмектесе алмаймыз.Кейбір жануарлар өз жауларынан қорғана алады.Қалай қорғанады?

2.Сипап сезу арқылы әріптерді тауып, жұмбақтарды шешу.

Сулы жерді мекендеп,

Құрлықта да секеңдеп,

Шыбын-шіркей аңдиды,

Жемге қашан жетем деп.-Бақа
Жер бетінде жатқан арқан, ұстауға оны бәрі де қорққан –жылан

Сумандаған тілі бар,

Бұрандаған ізі бар.

Тіл ұшында уы бар.

Ол не?

Біліп ап?-жылан


Суда өседі, өнеді.

Сыртқа шықса, өледі. –балық


Орманда туып, жетілемін.

Талдан талға секіремін

Айуан боп өскеніммен

Тамақ жеймін қос қолыммен

Әттең үйде тумағанмын

Әйтпесе ғой құдды адаммын.-тиін.




Үйге тапсырма

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі


Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Рефлексия




Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет