Сабақтың тақырыбы: Жасыл эвглена – жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік



Дата08.07.2018
өлшемі16,77 Kb.
#48505
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Жасыл эвглена – жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де біріктірген қарапайым жәндік.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар жасыл эвгленаның құрылысы және тіршілік әрекеті процестерінің ерекшеліктерін ашып көрсету, біржасушалылар мен көпжасушалылардың арасында аралық орын алатын колониялы талшықтылар – вольвокс құрылысының сипаты белгілерімен таныстыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсіл: тест, ЖИГСО 1, 5 жолды өлең, венн диаграммасы
Сабақта қолданылатын технология: СТО
Сабақ типі: аралас
С абақ барысы .І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Амебалар. Қарапайым амеба. Тақырыбы бойынша үйге шағын шығарма, өлең жолдары мен суреттерін салып келу тапсырылған.
Тест тапсырмалары арқылы үй жұмысын бекіту.
1. Біржасушалы жалғанаяқты жәндік
А) эвглена В) амеба С) кірпікшелі кебісше
2. Қарапайымдылардың неше мыңға жуық түрі белгілі
А) 25 000 – 70 000 В) 30 000 – 40 000 С) 15 000 - 20 000
3. Циста дегеніміз не?
А) цитоплазма В) ұя С) қаптама
4. Амебаша қозғалатын біржасушалылардың екінші атауы
А) гидралылар В) тамыраяқтылар С) табақшатәріздестер
5. «Амеба» сөзін гректің тілінен аударғанда, қазақша баламасын тап
А) «өзгергіш» В) «ұқсастық» С) «тасымалдау»
6. Амеба жалғанаяқтары арқылы не істейді?
А) секіреді, билейді В) өседі С) қозғалады, қорегін қармайды
7. Амеба немен тыныс алады?
А) ауадағы оттегімен (О2) В) суда еріген оттегімен (О2)
С) суда еріген көмірқышқыл газымен (СО2)
8. Амеба денесінің екіге тең бөлініп, көбеюі қалай аталады?
А) спора арқылы көбею В) жынысты көбею С) жыныссыз көбею
9. Қандай жағдайда амеба циста түзеді?
А) қолайсыз В) қолайлы С) дұрыс жауап жоқ
10. Амеба немен қоректенеді?
А) бунақденелілермен В) ұсақ балдырлар, бактериялармен
С) балықтармен
Бағалау 9 - 10 дұрыс жауапқа – «5»
7 - 8 дұрыс жауапқа – «4»
5 - 6 дұрыс жауапқа – «3»

5 - тен төмен – «2»
Жауап кілті
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
В А С В А С С С А В
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту кезеңі.
Жұмбақ шешу.
Күндіз қоректенгенде зат жинайды денеге,
Түнде қоректенгенде заттар жейді ол неге?
Өсімдік пе, жәндік пе?
Айтшы мұнда не сыр бар?
Бір жасушалы талшықты
Бұл қай жәндік балалар? (Жасыл эвглена)
Бейне көрсетілім. Эвглена.
Мағынаны ажырату кезеңі.
Эвгленалар — жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеротрофты жолы-мен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органикалық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды топырақтарда тіршілік етеді. Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена - Euglena viridis. Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді козғалыс жасайды.

Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалу нәти-жесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жүтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.

Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада көптеген қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу - парамиласы. Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі - стигма орналасқан, қызыл пигмент - гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да, жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады. Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен

көбейеді. Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған қапталып цистаға айналады.


Мәтінмен жұмыс.
Топ мүшелері сан номері бойынша ауысып, берілген тапсырмаларды оқиды. Оқып болғаннан соң, қайта топтарына оралып бір - біріне кезектесіп мазмұндайды.
№1 Талшықтылар класы, жасыл эвгленаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы туралы оқиды.
№2 Эвгленаның қоректенуі туралы оқиды.
№3 Эвгленаның тыныс алуы және зәр шығаруы. Жарықты сезуі туралы оқиды. 
№4 Эвгленаның көбеюі туралы оқиды.
№5 Эвгленаның циста түзуі туралы оқиды.
3 топ бір - біріне 2 сұрақтан дайындайды. Сұқ саусақ стратегиясы арқылы топтар сұрақтарға жауап қайтарады. Формативті бағалайды.

ІV. Сабақты бекіту
Әр топ постер жасап, қорғайды.
Ой толғаныс кезеңі.
5 жолды өлең және венн диаграммасы, суретпен жұмыс жаса.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
Суреттерге қарай отырып қандай организмдер екендігін анықта. Олардың аттары мен дене бөліктерін жаз.

Ү. Бүгінгі сабақтан болашаққа қандай азық алдыңдар?
Не ұнады? Не ұнамады? Стикерлерге жазады.
Бағалау. Әр топтың басшысы өз тобындағы оқушыларын бағалайды
Үйге:
1. Эвгленаның құрылысын макет түрін жасау.
2. 5 сұрақтан тұратын тест.
3. тақырыпты қайталау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет