Сабақтың ортасы
20-25 минут
5 -7 минут
5- минут
5 минут
|
«Кинометафора» әдісі.
Бейне материалды талқылау, талдау және мәтінді оқу барысында төмендегідей тапсырмалар дайындалды:
1 тапсырма: «Терминдер кабинеті» тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін тауып, аудармасын жазыңыздар:
Полимерлер- polymer
Мономерлер- monomer
Органикалық заттар- organic matter
Көмірсулар-carbohydrates
Нәруыздар-proteins
Майлар- fats
Нуклеин қышқылдары- nucleis acids
2 тапсырма: «Зейінге шолу» әдісінде оқушылардың деңгейіне байланысты жуан және жіңішке сұрақтарды доп лақтыру арқылы қойылады.
Органикалық заттар дегеніміз не?
Мономерлер дегеніміз не?
Полимерлердің мономерлерін атаңдар.
Не себепті органикалық заттардың кейбірі полимерлер болып табылады?
Полимерлердің негізгі қызметтеріне мысал келтіріңдер.
Полимерлердің әртүрлі болу себебі неде?
Полимерлердің негізгі қасиеттеріне мысал келтіріңдер.
Дескриптор: Білім алушы
Тірек сөздерді ағылшынша атайды.
Органикалық заттарды жүйелей алады.
Полимер, мономер, органикалық заттар ұғымының мәнін ашады.
Полимерлердің қасиеттерін сипаттап береді.
|