САБАҚ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп- лицейі
|
Күні: 25.09.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Уразбаева Баян Садибековна
|
СЫНЫП: 10
|
Қатысқандар: 22 Қатыспағандар: жоқ
|
Бөлім тарау атауы: 4-тарау. Тарих тағылымы
|
Сабақтың тақырыбы: Жәркен Бөдешұлы «Жалғыз» поэмасы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу
мақсаттары:
|
10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;
10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығарманың мазмұнын ашу, идеясын талдау, жүйелеу.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Шығармадығы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдау, әдеби эссе жазу.
|
Бағалау критерийі:
|
1. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдайды.
2. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
|
|