Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? 1.«Автомобиль» әдісі бойынша оқушыларға тапсырманыдереккөздер арқылы беріп,өткен сабақты қорытындылайды, автомобиль бөлшектері арқылы есте сақтайды,ұжымдық бірлесіп, кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді, әрі өзара қолдау көмек көрсетіледі. 2. «Көпір» әдісін өткен сабақпен және бүгін өтетін сабақты дереккөзбен байланыстырып, оқушыларға проблемалық сұрақ қою,ой салу, оны шешу арқылы жаңа тақырып ашуда диалог және қолдау саралау түрін пайдаландым, ынталандыру мақсатта қолдау көрсетіп, ҚЖ оқушыларлың жылдам жұмыс істейтіні көрініс тапты.
3. «Зерттеушілік жоба» әдісінде оқушылардың тапсырма, ресурстар арқылы зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерінің артуына мүмкіндік береді,жаңа сабақты оқулықтан оқып өз орталарында топтарында талқылайды, бір-біріне қолдау көрсетеді, постер қорғайды, жылдамдық танытады, қорытынды жасайды. 4. «Бэкроним» әдісінде тапсырманы беру арқылы дереккөздермен жұмыс жасап, ҚТ немесе ҚЖ оқушылар белсенділік танытып, қарқындылықпен жұмыс жасап сурет салады,қорытындылайды, жылу машиналарының пайдалы мен зиянды жақтарын жіктеп ажыратады, есепті шығарады, ҚБ бағалайды.
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Қалыптастырушы бағалау: Депозит.
Кері байланыс: «Бутерброд
ҚБ «Досқа көмек»
Бағалау критерилер
Рефлексия: «ПЛЮС-МИНУС-ҚЫЗЫҚТЫ»
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс- шаралардың орындалуын үйлестіру, оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында шұғыл жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындықты, ұйымдасушылық пен қырағылықты күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмысын тұрақты түрде жүргізу.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?