Сабақтың тақырыбы: Жолаушы. Сабақтың мақсаты



Дата19.05.2018
өлшемі60,52 Kb.
#40480
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп- интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Муталиева Жамила Әшірханқызы. Түркістан қаласы.



Сабақтың тақырыбы: Жолаушы.

Сабақтың мақсаты:

білімділігі: Жолаушылар туралы түсіндіру, ережелерді сақтау керектігін, көліктің түрлерімен таныстыру.

дамытушылығы: Ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге, жеткізе білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөз бен сөзді байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын, тіл байлығын молайту. Анық айтуға, ырғақпен сөйлеуге дағдыландыру.

тәрбиелігі: Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, класстер әдісі.

Көрнекілігі: Көлік түрлері, тақырып, үлестірмелі суреттер.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Сөйлеу ережесін еске түсіру.

  • Сабақ басталмас бұрын біз сөйлеу ережесін еске түсірейік.

Сөйлеу ережесін ұмытпаймыз ешқашан,

Әдемі сөйлейміз біз әрқашан



  • Психологиялық дайындық.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбек ету.

Еңбек ету арқылы.

«5»- қолды жеткізу.



  • Мына жерде бір сөз жасырылған.1 2 3 Бұл бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбыз. Ол үшін мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап берулерін керек.

Сұрақтар: 1-сан.

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Қазір қай мезгіл?

  • Көктем мезгілі екенін қалай білдіңдер?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Қазір қай ай?

  • Сәуір айының нешінші күні?

  • Аптаның нешінші күні?

  • Қазір қандай сабақ болайын днп жатыр?

  • Қай санын ашайын?

  • Ендеше ары қарай кеттік?

  • Дүниетану сабағында біз нелермен танысамыз?

  • Енді қай санды ашайын?

  • Санды таңдау?

2- саны. Үйге тапсырма.

  • Үйге қандай тақырыпты бердім?

  • Жол суреті бойынша әңгімелеу.

  • Жол дегеніміз не?

  • Ауылда қандай жолдар бар?

  • Қаладағы көше қиылыстырында орнатылған бағдаршамның маңызын айтып беріңдер?

  • Жол қиылысының қауіптілігін дәлелдеңдер?

  • «Соқпақ жол» деп қандай жолды айтады?

  • Біз жол туралы не білдік?

  • Біз көшеде жүоген кезде әрдайым көше тәртібін сақтауымыз қажет, естеріңнен шығармаңдар. Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер.

3-саны. Сергіту.

  • Бағдаршам дегеніміз?

Ойын: «Бағдаршам».

Қызыл жарық жаққанда бір орында қозғалмай тұрып қалады.

Сары жарықты жаққанда ду қол шапалақтайды.

Жасыл жарығын жаққанда, аяқтарын жүрген сияқты бір орында тұрып қозғалысқа келтіру.



  • Қандай сөз шықты?

  • Жо лау шы 1 2 3

Жаңа тақырыбымыз: «Жолаушы».

Класстер әдісі бойынша түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. Айтылуы қиын сөздер.

Жаңа сөздермен жұмыс:

  • Поезбен,

  • ұшақпен

  • автобуспен

  • Шипалы орындар мәдениетімен өмір – тіршілігімен.

Оқушылар оқиды, тізбектеп оқыту.Сұраққа жауап алу.Дамыта оқыту технологиясы. (оқулық ішінен тауып оқу)



  • Сауда жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамдар бір-біріне бару үшін қандай көліктеріндің түрлерімен жүреді?

  • Адамдар не үшін жолаушылап шығады?

  • Алыс ауылдар мен қалалардың арасында жолаушылар немен жүреді?

  • Қандай көлік керекті жерге тез жеткізеді?

  • Ұшақпен ұшып алыс елдерге не үшін барған?

  • Қазақша қандай сөз бар деген?

Жолаушылар жол ережесі

  • Үлкендерді құрметтеу, оларды орын беру

  • Дауыс көтеріп қатты сөйлеме

  • Автобусқа кірсең бос орынға отыр

  • Есік алдында тұрма

  • Автобустың ішінде ары-бері жүрме

  • Қақтығысып ойнамау, тәртіп сақтау.

Ойын: «Біз қаланың көлігіміз».

3 топқа бөлініп, 1 – топ темір жол көлігі поезды салу. 2 – топ әуе жай көлігі ұшақты салу, 3 – топ су көлігі кеме іс-қимылмен өлеңдетіп көліктердің қимылын салу.



Сабақты қорыту: Ойын: «Өз көлігіңе бар».

  • Түскен өз көліктерімізді тауып алу керек?

  • Балалар қайда бара жатсыңдар?

  • Сендер кімсіңдер?

  • Жолаушылар деп кімдерді айтады?

  • Жолаушылар қандай ережелерді сақтауы тиіс?

  • Сенің жеріңде қандай қатынас көліктері барын айту?

  • Өзіңнің жолаушылап барған жеріңді есіңе түсіріп, әңгімелеп бер.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып келу. Жолаушылап барған жеріңді әңгімелеп беру.

Бағалау: Сөйлеу ережесін еске түсіндіріп, анық, таза сөйлеген оқушыларды мақтау, сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет