Сабақтың тақырыбы
|
Жұрнақ пен жалғау
|
|
Мақсаты
|
Оқушылар қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатыны туралы түсінеді.
|
|
Міндеті
|
Олардың қызметіне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеті туралы айтады.
Есте сақтау қабілеттері, зейіні дамиды.
Топтасып жұмыс жасауға ынталанады.
|
|
Оқыту әдісі
|
Түсіндіру,сұрақ-жауап,ой бөлісу,т.б
|
|
Көрнекілік
|
Проектор
|
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
1 мин
|
Сыныпты топтарға бөлу
І топ – «Түбір»
ІІ топ – «Қосымша»
ІІІ топ – «Жұрнақ»
ІV топ - «Жалғау»
|
|
|
2 мин
|
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн ашылды
Айнала қар шашылды.
Қайырлы күн,
Біз нәзік қыздармыз.
Қайырлы күн,
Біз ержүрек ұлдармыз.
Тірек сөздер
Түбір-корень-root (руут)
Қосымша-дополнение-add on (эд он)
Жұрнақ-суффикс-suffix (сафикс)
Жалғау-окончания-connecting (конектиң)
|
|
|
1.Қызығушылығын ояту
|
5 мин
|
Жаңа сабаққа дайындық «Миға шабуыл»
- Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?(слайдтан бүркіттің суреті шығады)
- Бүркіттің суреті.
- Ал енді осы сөзге қосымша қосып көрейікші.
- Бүркітші деген сөз шығады.
- Бүркітші деген сөз нені білдіреді?
-Бүркітпен аң аулайтын адамды бүркітші дейміз.
(Оқушылар жеке жауап береді).
- Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа мағына білдіріп кетті.
Яғни жаңа сөз жасалды.
Ал енді «бүркіт» сөзіне басқа бір қосымша жалғап көрейік:
бүркіт+пен. Мысалы: Аңды бүркітпен аулайды.
Бұл алдындағы сөзден мүлде басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?
- Жоқ
- Сөз бен сөзді байланыстырады.
(Оқушылар жеке жауап береді).
|
|
|
2.Мағынаны тану
Жаңа сабақ
|
4 мин
|
Демек, қосымшалар әр түрлі қызмет атқарады екен. Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөздер пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.
Демек,қандай ереже келіп шығады?
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс - жұмысшы, ойын - ойыншық.
Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс - жұмыста, ойын - ойынға.(Оқушылар жауап береді).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |