Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру 10 минут
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы.Өзіңіздің серігіңізге бұрылып,жұптасып жұмыс істеңіздер.Өткен материал бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1.Талдау дегеніміз не?
2.Синтез дегеніміз не?
3.Талдау мен синтездің өзара қарым-қатынасы неге байланысты?
4. Талдау мен синтез заңының мәні неде?
5.Бизнес мәселелері дегеніміз не?
6.Неліктен компанияның мүдделі тараптарының талаптарын және оның қызметінің нақты параметрлерін жүйелі салыстырмалы талдау қажет?
7.Ұйымның ең өткір мәселелерін анықтау кезеңдері қандай?
8.Бизнес талдау үшін сұхбатты қалай үргізуге болады?
2)Бір-бірін толықтыра отырып,жұптар өз кезегінде жауаптарын береді.Олар мұғалім-мен негізгі идеяларды талқылайды,оларды дәптерлеріне жазады.
2. «Ойланайық,талқылайық» дағдысы. Джигсо әдісі бойынша топтық жұмыс.
1-топ:1.Сұхбат жүргізуді жоспарлаудың қай кезеңінде оның нәтижелерін қандай тәсілмен өңделетіні туралы ойлану керек?Неліктен?
2.Сұхбатқа бизнес талдаушы ретінде қалай дайындалу керек?
2-топ:1.Бизнес талдау үшін мүдделі тараптармен әңгімелесуді қалай өткізуге болады?
2.Бизнес талдау үшін сұхбатты қалай құжаттауға болады?
3-топ:1.Неліктен сұхбат нәтижелерін обьективті еме бағалау тәуекелдері пайда болады?
2.Жүргізілген сұхбат нәтижелері бойынша есептер нені қамтиды?
3.«Талдап,салыстырайық» дағдысы. Талдау мен синтез әдістерін салыстырып,кесте толтырыңыздар.