Сабақтың тақырыбы Кәсіпкерлікке кіріспе



бет59/129
Дата04.09.2022
өлшемі380,88 Kb.
#148691
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129
Байланысты:
10 ҚМЖ Кәсіпкерлік-1

Кері байланыс
(3 минут)

Жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі дәрежедегі смайликтер таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес смайликті таңдап, оның теріс жағына өз атын жазады да, тақтада ілулі тұрған «Блоб ағашының» суреті бар флипчартқа жапсырады.
Мұғалім сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді. Оның электронды нұсқасын сынып сайтына электронды журнал ретінде сақтап қоюға болады. Ал, оқушының өзіне электронды күнделік ашып, әр тақырып бойынша өз білім жетістігін тіркеп отыруға толық мүмкіндігі бар. Күнделік арқылы сабақтан сабаққа өту барысында оқушының даму траекториясы қадағаланады.
Мұғалімнің қалауы бойынша: «Төңкере оқыту» талаптарына сәйкес, оқушылар келесі тақырыптағы теориялық материалды үйде өз бетімен оқи алады. Олар мәтіннің соңында берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Осылайша, келесі сабақтағы жаңа тақырыпты оқушылар өздігінен меңгеру үшін алдын-ала үйде дайындалады. Бұл сыныптағы практикалық тапсырмаларға қажетті уақытты үнемдейді.

Рефлексия
5 мин.

(мұғалім жауаптарды өзінің жеке журналына жазады)
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
2.Бүгін оқушылар не білді?
3.Сыныптағы ахуал қандай болды?
4.Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
5.Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
6.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Қорытынды бағалау
5 мин.

1.Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?
2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
3.Сабақ туралы пікіріңізді жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет