Жүректен жүрекке (өлеңдер, ән айту)
Мен де бір перзентімін маң даланың
Қазақтың қара сөзі-қанбағаным
Анамның аппақ сүтін ішкендіктен
Адамдық адал жолдар таңдағаным
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін
Махабатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысың, ардақтысың, данасың
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме, анашым
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды
Қуандым ба
Өзің бар деп қуандым
Жыладым ба
Өзің жоқ деп жас тамды
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды
Еркелесем бір өзіңе еркелеп
Жасқандым ба
Тек өзіңнен жасқандым
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ
Тілек айту
Сабақ соңында оқушылар тілек ағашынан аналарына тілек тілейді
|