Сабақтың тақырыбы: «Киіне білу де өнер» Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,93 Mb.
#34513
түріСабақ
1   2







Сабақтың тақырыбы:  «Киіне білу де өнер» 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Тарихи- мәдени мұрамыз ұлттық киімдер туралы толық мағлұмат беру. 
2. Дамытушылық: Оқушыларды сауатты дұрыс сөйлей, жаза білуге дағдыландырып, сөздік қорын молайту, рухани танымын кеңейту. 
3. Тәрбиелік: Қазақтың салт-дәстүріндегі ұлттық өнегені оқушылар бойына дарыту, елге, жерге, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімін оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Қазақтың классик жазушысы Сәбит Мұханов қазақттың ұлттық киімдері туралы: 
Қазақтың ұлттық киімдерінің жасалуы жөнінде Сәбит Мұханов былай деп жазады: «Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді, әсіресе теріні сырт киім үшін пайдаланатын. 
...Көшпелі қазақтар ішкі-сыртқы киімдердің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп, ықшамдап тіккен» - деп баға берген. 
Т а л д а у: 
• Адамға киім не үшін қажет? 
• Ұлттық киімнің қандай түрлерін білесіңдер? 
• Біркиер киім дегеніміз не? 
• Ұлттық киімдер несімен ұнайды? 
• Ұлттық киімдерге көзқарасыңыз? 
• Ұлттық киімде өзіңізді қалай сезініп отырсыз? 
• “Мағынаны тану” сатысы 
Бағзы заманда «аттың жалы- түйенің қомында» көшпелі тірлік кешкен қазақ халқы күнделікті тұрмыста киетін киімге айрықша назар аударған. 
Ата-бабаларымыз әрбір киімді адам денесін құбылмалы ауа райынан қорғайтындай берік те төзімді етіп тіккен. 
Ең маңыздысы, сонау жылдардың өзінде қазақ халқы өзінің ұлттық киімдерінің кереметтігімен көрші халықтарды таңдандырып отырған. 
Мына суретте жас жұбайлардың киім үлгілері көрсетілген. 
Қандай ұлттық киім түрлерін көре алдыңыздар? 
Слайдтан ұлттық киімдердің үлгісі көрсетіледі. 
Қазақтың ұлт киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер ішіндегі рулардың аттарымен де айырып айтылады. Мысалы, арғын тымақ, найман тымақ, қызай бөрік, ноғай бөрік т. с. с. Кейде географиялық мекен атына қарай да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді.— қоңырат үлгісі, жетісу үлгісі, арқаның үлгісі және т. б. 
Орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырады. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып келеді. Осындай ара-тұра айырмашылықтары бола тұра, солардың бәріне бірдей ортақ, ұлттық мәнер мен қазақша атаулары бар. Үш жүздің қайсысында болса да шапанға шабу қояды және оны барлық жерде шабу деп атайды. 
Жеңтүптері кең келеді де, оны жеңтүп, ойынды, қолтырмаш деп атайды. Үш жүздің қайсысы болса да шалбарға ау қояды, қолтыққа қолтырмаш салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең мол, үлкен үлгілері кіші жүз жақтан кездеседі. 
Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, бір киер делініп төрт топқа бөлінеді. Іштік киімдерге — көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киімдерге — шапан, күпі, тон, шидем, сулық киімдерге — шекпен, қаптал шапан, брезент, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, жат елге сапар шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақтың «таныған жерде бой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы» дейтін мәтелі де осыны аңғартады. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдерінің ең жақсы көрнектісін киетін. 
Ой тастау: 
Бүкіл әлем жұрты қатысатын EXPO-2017 көрмесіне сіз ұлттық киімдердің қандай түрін ұсынар едіңіз? 
Оқушылар қағазға EXPO-2017 көрмесіне сіз ұлттық киімдердің суреттерін салып, қорғайды. 
Есте сақтаңыз! 
Киімге байланысты ырымдар 
Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. 
Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. 
Аяқкиімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. 
Баскиімді кез келген жерге тастамайды, аяққа баспайды, астыға басып отырмайды, аяққа кимейді. Олай жасаса, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. 
Баскиімді айырбастамайды. Олай жасаса, басындағы бағы кетеді. Бас киімін сатуға да болмайды. 
Үй тапсырмасы: 
Ұлттық киім: 1. Реферат жазу. 
2. Альбом жасақтау.

Тақырыбы: «Біз табиғат қорғаны»
Мақсаты: Оқушыларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу. 
Өз ойын ортаға салып, ортақ шешімге келуге үйрету. Алдарындағы проблемаларды шешуге, өзара қарым-қатынасқа түсе отырып, бойындағы «хайуандылықты» жою маңыздылығын ұғындыру. 
Сабақ барысы: 
Адам өзін қинағанды 
Ат сияқты тебе алмас. 
Гүл де жұлқып, жұлғанды 
«Неге өйтті» деп сөге алмас. 
Аю байғұс аяғын 
Алса жырып, қанатып, 
Кім бар бағып-қағатын?! 
Табиғаттың панасы- 
Біздің мына өзіміз, 
Адамзаттың панасы. 
М. Әлімбаев. 
-Өлеңнің тақырыбы қандай? 
-Өлеңнің негізгі идеясы? 
Негізгі ой-түйіні қай жолдарды жатыр? 
Табиғат пен адам біртұтас па? 
Табиғат адамнан не күтеді? 
Табиғат қорғаушысы кім? 
Табиғатты біз кімнен қорғаймыз? 
- «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» қалай түсінесің? 
Ендеше, бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: 
Табиғат- ортақ үйіміз. 
Проблемалық сұрақ Ерте ерте ертеде ен даланы шегірткелер жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. Патша уәзірлерінен сұраса, бірі: дәрімен өлтіру керек, бірі отпен құрту керек, бірі оның жұмыртқасын құрту керек, ал енді бірі қыста өзі-ақ құриды, деп бас қатырыпты. 
- Сендер не ұсынар едіңдер? 
Құстар бізге не үшін керек? 
( Қытайда торғайларды құртып, шегірткелер басып алған соң, шетелден торғайларды сатып алуға мәжбүр болған) 
Ақпараттық блок 
Табиғаттың өз заңы бар. Біз саол заңды сақтауымыз керек. 
1. Бәрі өзара байланысты 
2. Әр нәрсенің өз орны бар 
3. Оңайлықпен келетін дүние жоқ 
4. Табиғи реті болу керек 
Табиғатта ізсіз еш нәрсе қалмайды, тіпті қоқыстың өзін жерге көміп, немесе өртеу керек. Біз тек табиғаттан алуды білеміз, бірақ өз орнын толтыруды да ойлауымыз керек. Себебі табиғаттың өз табиғи жүйесі бұзылады. Ал адамдардың химиялық заттар мен миниралдарды қалай болса солай қолдануы табиғатты ластайды. 
Экологиялық рейд 
Осы заңдылықтың қайсысы бұзылды? 
Өз аулымыздың көше, ауласы мен айналасын қарап шығайықшы. 
Қандай экологиялық заңдылық бұзылған? (қоқыс, көлшік) 
Заң бұзушылар кімдер? 
Бұл жағдайды қалпына келтіруге болады ма? 
Топтық жұмыс 
Сабақ басында «Табиғаттың тілі жоқ» деп едік, ендеше табиғаттың атынан хат жазып көрейік. 
1 топ ғалымдарға хат 
2 топ жеке кәсіпкерлерге хат 
3 топ балықшыларға хат 
4 топ біздің мектеп оқушыларына хат 
Қорытынды бөлім « Менің ішімдегі хайуан» 
Бүгін біз табиғат заңы туралы көп айттық. Осы заңды орындасақ, біз экологиялық тұрғыдан мәдениетті боламыз,бірақ бұл жеткіліксіз. 
Сабақ басында « Табиғаттың панасы- 
Біздің мына өзіміз, 
Адамзаттың баласы» демекші, біз әр жәндікті сүюіміз керек. Ал біздің ішіміздегі хайуан деген ол не? 
( надандық, сараңдық, қатыгездік, аямаушылық, қулық, мақтаншақтық, көреалмаушылық, қорқақтық) бұл бойымыздағы жаман қасиеттер.Егер осы жаман әдеттерден құтылсақ, экологиялық мәдениеттілікке бір адым жасадық деп есептеуге болады. 
Рефлексия 
-Бүгінгі сабақта сен үшін не маңызды болды? 
-Өзіңді экологиялық мәдениетті адам деп санайсың ба?

Тақырыбы: «Спорт-денсаулық кепілі».
Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, ойындар т.б
Сабақ барысы: 
Жоспар 
І. Ұйымдастыру кезеңі.  
 Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: ««Спорт-денсаулық кепілі» Қош келдіңіздер! 
ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?  
ІІІ. Спорттың шығу тарихы. 
1)Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. 
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын құрастырып отырмыз.Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын. 

2)Серікқызы Әминаның «Спорттың адам өмірі үшін маңызы» атты баяндамасын тыңдайық.

3) Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлерін кім маған атап береді?
•    аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
•    байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
•    ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
•    аударыспақ - ат үстінде алысу,
•    жорға жарыс - жорғалар сыны,
•    құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
•    қыз қуу,
•    көкпар - командалық ойын,
•    жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
•    күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
•    сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
•    шатраш (дойбының бір түрі),
•    тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
•    саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
•    қазақша күрес,
•    әйелдер күрес;
Жеңіл атлетика -
•    жаяу жарыс,
•    жігіт жарыс,
•    әйелдер жарысы;
Күш өнері -
•    балуан тас,
•    түйе көтеру,
•    өгіз жығу,
•    асық ойындары және т.б.

4)Нұртас Дильшаттың «Атақты спортшылар туралы» дайындап әкелген материалын тыңдайық.Сіздер таңқалмаңыздар, қазіргі таңда біздің ағзамызды айықпас дертке ұшыратын темекі, яғни көк түтіндер, адамды жынжандырушы ішімдіктер мен есірткі заттар, сонымен қатар АҚТҚ/ЖҚТБ ауруы көптеп шығып жатыр. Облыс көлемінде қаншама жарнама арқылы зиянды әдеттерден арылтуға бағытталған жарнамалар көрсетілсе де, оның саны азаймай отыр. Біздің мақсатымыз осы жағымсыз заттардан қоғамды арылту, салауатты өмір салтын қолдау. Білім – инемен құдық қазғанмен тең болса, осы сабаққа қатысуларыңыз теңізге бір тамшы су құйғанмен тең. 

5)Ақанов Диастың «Атақты спортшылар» тақырыбында дайындаған слайдына назар аударайық.Біз өзімізге не керек екенін білетін қоғамда өмір сүріп отырмыз. Көркем фильмдердің шылым шегіп, арақ ішетін кейіпкерлеріне де еліктеуге болмайды. Қазір теледидардан зиянды заттардың алдын алу туралы жарнамалар көп беріледі. Соларға құлақ сал! Есіңде сақта! 18 жасқа толмаған балаларға сауда орындарынан ішімдік, темекі сатып алуына қатаң тиым салынған. Өзге адам жұмсаса оған осы тиым туралы түсіндір!

 6)Спорт, денсаулық, амандық-саулыққа, ауруларға қатысты мақалдың жалғасын тауып мағынасын табамыз. 
Денсаулық - зор байлық.
Жарлының байлығы - денінің саулығы.
Ауру атанды да шөктірер.
Ауру кірді - әлек кірді.
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.
Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.
Ауруын жасырған өледі.
Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде.
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
Сәтін салған ауруға, не болса, сол ем болады.
Қасқырдың ойлағаны - арамдық,
      Қойдың ойлағаны - амандық.
Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
Емнің алды - еңбек.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.
Ауру желмен кіріп, термен шығады.
Азған денеге ауру үйір.
Денің сау болса, жарлымын деме,
      Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Ұйқы - тынықтырады, жұмыс - шынықтырады.
Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
      Ішің ауырса, тамағыңды тый.
Қалай дегенменде  спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» . «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен бір ғұлама . Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзi үлгi бола отырып, халықты, әсiресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемi шақырады. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер».
Каталог: uploads -> doc -> 0af6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0af6 -> Сабақ Тақырыбы : Мәтін. Мақсаты
0af6 -> Білім саласы: Қатынас Бөлімі: Ағылшын тілі
0af6 -> Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет