Күні: 14/12/2016ж
Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы:6 «в»
Сабақтың тақырыбы: Киіз үй
Сабақтың мақсаты:
1/ Оқушыларға көшпелілер өмірінен деректер беру, киіз үйдің құрылымымен, ерекшеліктерімен таныстыру
2/ Оқулықпен қосымша деректерді пайдалануға, өз ойларын еркін айтуға, өз пікірлерін қорғап, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
3/ Ұлтжандылыққа, батылдыққа, бірлікке, туған елінің құнды жәдігерлерін құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
түрі: топтық
әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақтың киіз үйі туралы түсініктер байытады.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
/сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу/
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
«Зымыран ойыны»
1/ Тас құралдар пайдаланылғфн кезең? Тас дәуірі
2/ Мыс пен қалайының қосындысынан не алынды? Қола
3/ Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы және көшпелі мал шаруашылығының дамуы б.з.б нешінші мыңжылдыққа сәйкес келеді? І мынж
4/ Темір дәуірінде рулар үлкен тайпаларға бірікті , ал тайпалардың өзара қосылуынан тайпалық одақтар құрылды, сол тайпаларды ата? Сақ, ежелгі үйсін, сармат, ғұн, қаңлы
5/ Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуының себептері;
Табиғатта құрғақшылық бел алып, жауын-шашын азайды, егіншілікпен шұғылдану қиындады
2. Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді
3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
6/ Тебіндік жайылым дегеніміз не?
Жылқы қыста керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, жылқы малының осындай қарды теуіп , оны тебіндеп аршып жеуі.
7/Жетісу мен Оңтүстік аймағында қатар дамыған шаруашылық?
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен бірге отырықшылық өмір салты, егіншілік қатар дамыды.
8/ Қазақстан аумағын мекендеген тайпалардың темірді ашу және кеңінен пайдалана бастаған уақыты? Б.з.б УІІІ ғасыр
9/Төрт түлік малды ата
Қой, жылқы, түйе, сиыр
9/Батыс Қазақстан ның шөлді аудандарында өсірген түлік
Түйе
11/ Ат әбзелдерін ата
Ауыздық, ер-тоқым, жүген т.б
Жаңа сабақ
Жұмбақ шешу
Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінен
Самал еркен еседі / Киіз үй/
Видеоролик
Мұғалім сөзі: жаңа сабақ слайдпен түсіндіріледі
Жаңа сабақты бекіту:
1/Көшпенділер баспанасы?
2/ Көшпенділер нені білуге тиіс болды?
3/ Киіз үйді қанша уақытта тігуге және жинауға болады?
4/ Кереге мен шаңырақтың ортасын қосатын негізгі бөлік?
5Көшпелілік мәдениет қай кезеңде қалыптасты?
Терминдермен жұмыс
Киіз үй – Юрта – Yurt
Көшпелі – Кочевой – Nomadic
Баспана – Жильё – Housing
Қолайлы – Удобный – Comfortable
Шымылдық – Ширма – Screen
Бұйымдар – Изделия – Products
Әсем безендіріледі – Красиво украшают – Beautifully decorated
Тез құрылып, тез жиналады – Быстро устанавливается,
быстро разбирается - Quick to install, quickly disassembled
Топтарға тапсырма
1/Балалар біздің мектепке шетелден волонтер келіпті, ол қазақша түсінеді, сол кісіге киіз үйді қалай таныстырар едіңдер....
2/ Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.
Үйге тапсырма § 26 және венндиаграмманы толтырып келу
ОБЛЫС Қызылорда
АУДАН/ҚАЛА Сырдария
АУЫЛ Тереңөзек кенті
МЕКТЕП Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп -лицейі
ПӘНІҢІЗ Тарих
ФИО Мұсаева Нұргүл Әбілханқызы
Достарыңызбен бөлісу: |