Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет6/13
Дата20.11.2016
өлшемі1,97 Mb.
#2193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Топтастыру:


Ел ағасы ержүрек,батыл




Көтеріліс

Шыншыл ақын басшысы

үлкен парасат иесі адал дос


2.Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ақын «Қызғыш құс» өлеңін Исатай өлген соң жазды. Көлінен айырылған құс пен өзін салыстыра отырып,екуінің басындағы жайға кінәліні іздейді. Ақынның артықшылығы сол – сарыуайымға салынбай алдағы күрге сенеді.оптемизм басым.



VІ. Түсінік тексеру:

Кубизм әдісі:

Суретте:Ақынның көңіл – күйі өлеңде қалай суреттелген?

Салыстыр: Махамбет пен қызғыш құсты салыстыр. Венн диаграммасы.

Зертте: Махамбет ақын туралы тағы не білесің?

Қолдан: өлеңде лашын құстың, Махамбеттің бейнесі қалай суреттелген? Бұл туралы ойтолғау жаз.

Талда, қолдан, қарсы шық: Махамбетті көтеріліске алып шыққан қандай күш? Өзінің көтеріліс жеңілгеннен кейінгі көңіл – күйін қалай суреттейді?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Екі жақты түсініктеме күнделік жазу.



Өлеңнен үзінді

Үзінді жайлы пікір

Ой – тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал - мәтел




















VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1.М.Өтемісұлы « Қызғыш құс» өлеңін жаттау.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 19 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Өзен»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірі туралы түсінік беру, «Өзен» өлеңіне талдау жасау.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің жинақтар

топтамасы, портіреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.


  • Ыбырай – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

  • 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

  • 4 жасында әкесі қайтыс болады.

  • Атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.

  • 1850 жылы Ыбырай орыс – қазақ мектебіне оқуға түседі. Оны жеті жылда жақсы бағалармен бітіреді.

  • 1864 жылы Ыбырай қазақ балаларына арнап мектеп ашады.

  • Ыбырайдың «Өзен», «Дүние қалай етсең табылады?» т.б. өлеңдері бар.

2.«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.

VІ. Түсінік тексеру:

*Сұрақ жауап

Өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін ақын қалай көрсеткен?

Өлеңде қандай көркемдегіш сөз және сөз тіркестерін қолданған?

Өлеңнің буын өлшемін және ұйқас түрін анықтаңдар



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Өздік жұмыс:



  • Өздерің көрген, шомылған өзенді өз сөздеріңмен әңгімелеу және олардың адамның қандай игілігіне жарап жатқанын жазу.

  • Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазу.


*Сөздік жұмысын жүргізу:

Өксіген – шөлдеген мағынасында.

Қынарда – жағасында, маңында.

Жай – орын, қоныс.

Жанабында – жанында, маңында.


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру

1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.

2. «Өзен» өлеңін жаттау.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 21 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? » өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.

2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармалар

топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: тіл, экология, еңбек..

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, жазу.

2. «Өзен» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:

«Топтастыру» стратегиясы.






ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

* «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мәнерлеп оқу.


  • Магнитофоннан әңгіменің қысқаша мазмұнын тыңдату.

  • Сөздікпен жұмыс

Франк –француз ақшасының атауы.

  • Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.





VІ. Түсінік тексеру:

*Сұрақ жауап

1.Әңгіменің мазмұнына зер салып оқыңдар.

2.Еңбек етуден ерінген адам қандай болатынын аңғарту.

3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?



4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқыңдар.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Венн диаграммасы:








  1. Кітаппен жұмыс: рөлдерге бөліп оқу.

  1. Автор сөзі:

  2. Француз жұртының білімді адамының сөзі:

  3. Бейтаныс адамның сөзі:

  4. Антонның сөзі:

  1. Қорытынды: «Екі бетті күнделік» стратегиясы.

Әңгімеден алған әсерім

Пікірім














VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру

1.«Байлықтың көзі еңбекте» тақырыбында шағын шығарма жазу.



2. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мазмұндау.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 23 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. « Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

3. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету,ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: «Абай» энциклопедиясы, ақын портреті, қысты бейнелейтін суреттер, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, бейнелеу өнері, саз өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу



2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Оқушылардың назарын тақтадағы тірек – сызбаға аудару.







2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.

Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.



Арғы атасы қажы еді,

Бейістен татқай шәрбәтті.

Жарықтықтың өнері

Айтуға тілді тербетті

Адалдық, ақыл жасынан

Қозғапты, тыныштық бермепті.

Мал түгіл, жанға мырза еді

Әр қиынға сермепті.

Мұңды, шерлі, жоқ-жітік

Аңсап алдын кернепті

Бәрінің көңілін тындырып,

Біреуін ала көрмепті.

Әділ, мырза, ер болып

Әлемге жайған өрнекті.

Тәубесін еске түсіріп,

Тентекті тыйып, жерлепті.

Қазақтың ұлы қамалап,

Іздеген жүзін көрмек-ті.

Ақылынан ап қайтқан

Өлгенше болар ермек-ті.

Ол сыпатты қазақтан

Дүниеге ешкім келмепті.

Өлмейтін атақ қалдырып,

Дүниеге көңілін бөлмепті.

Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.

Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.

Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.



Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет