Сабақтың тақырыбы Кіріспе: «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мәні Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата21.01.2023
өлшемі89,1 Kb.
#166019
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
01.09 9
академ чесн Айгерім fe77828305847021e3c5d94e81872e8f
Зайырлылық ұғымы “лаицизм – грек тіліндегі “лаикос”- халықтық, бұқаралық деген мағынаны білдірсе, француз тілінде “лаиците”- діни емес, яғни,”лаику”- зайырлы дегенді білдіреді .

  • Бүгінгі қазақ тіліндегі “зайырлы”,”зайырлылық” сөзі- “заһир”, яғни, анық, ашық деген мағыналарды білдіретін араб тілінен енген сөз. Бұл сөзді алғаш рет өткен ғасырда Алаш қайраткерлері “Алаш мемлекетін” құруда өз заңнамаларында қолданды. Олар бұл сөзді

  • 1) Ашық, нақтылық;2) адами, адамдық, өркениеттік;3) азаматтық деген мағыналарда қабылдады.

    Зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды. Керісінше, еліміздің заңна­малары аясында діни және дінтанулыҚазақстан Республикасының Конституциясында дін мемлекеттен бөлінген делінбеген. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңының 4-бабында «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген» — делінген. Ал Конституция заңының бірінші бабында Қазақстан «зайырлы» мемлекет деп жариялаған.


    Демократиялық қоғамда дін міндетті мемлекеттік мәртебеге ие емес, бірақ оның өз орны бар. Конституциямыздың 5-бабында: «Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады», — делінген. Дін тек идеология ғана емес, дегенмен, Конституцияның бұл тұжырымы дүниеге деген әр түрлі көзқарастың (идеологияның) заң алдында теңдігін, бірақ ешқайсысының анық міндетті еместігін көрсетеді. Конституцияның бұл бабынан экстремистік, радикалдық емес идеологиядан басқалар, діни де, атеистік те көзқарастар мәдени өмірімізде, бұқаралық ақпарат, сондай-ақ азаматтардың қалауына байланысты меншік түріне қарамастан оқу орындарында уағыздалуы мүмкіндігін байқаймыз. Әрине, бүгін Конституция берген бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмай отырмыз. Қазақстанда дінтану пәні факультативтік негізде немесе міндетті емес пән ретінде енгізіле бастады. Ал жоғары оқу орындарында тек Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтында барлық мамандарға міндетті пән ретінде енгізілді.
    Мемлекетімізде іштей атеизмнің әлі тұғыры берік. Сырттан таңылып жатқан пікірді қолдай жөнеліп, елімізде ислам тым асқынып бара жатыр, мешіттер тым көбейіп кетті, қалаларда діни рәміздер басым, бұл зайырлы мемлекетке сәйкес емес деушілер кездеседі. Осылай мемлекетіміз клерикалданып немесе дінге бой ұсынып бара жатыр деп те айтушылар бар. Елін, рухани дәстүрін сыйлайтын зайырлы мемлекеттерде бұндай сөздерді ашық айтуға бармайды, оны әдепсіздікке санайды, ал ол елдерде діни ғибадатханалар, ай мен крестер де баршылық.
    Конституцияның 22-бабындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», 14-бабындағы «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды» деген қағидаларына сәйкес мемлекет:
    азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды;
    мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді;
    діни бірлестіктерді қаржыландырмайды;
    діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды;
    әр түрлі діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.
    Ал діни бірлестіктер:
    мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына араласпайды;
    саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді;
    мемлекеттің заңнама талаптары мен хұқық тәртібін сақтауға міндетті.
    Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады. қ білім берудің өзіндік мүмкіндіктері жасақталған
    1-тапсырма
    Венн диаграммасы арқылы дін мен Мемлекттің ара қатынасын анықтау

    Мемлекет

    Дін

    2-тапсырма




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2023
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет