Сабақтың тақырыбы: Кітап-сарқылмайтын рухани байлық Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі88,39 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Кітап-сарқылмайтын рухани байлық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып, үлгі- өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына- кітап әлеміне шолу жасау.

Дамытушылық: Кітап әлемі- адамды арман биігіне самғатып, ақыл- ой сұлулық әлемін шарлатып, білім- ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік: Кітапты құрметтей білуге,ұқыптылыққа,адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интер. тақта, кітаптар көрмесі, Ұлы адамдардың кітап, оқу-білім туралы айтқан дана сөздері:

Артық ғылым кітапта,

Ерінбе оқып көруге

Абай.

Кітап маған тақтан да қымбат.



Шекспир.

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

М. Горький.

Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесі сияқты.

Л. Толстой.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Барысы: ҚР Әнұраны

І. Кіріспе

а) Қазақстан Тәуелсіздік күнімен құттықтау.

б) Кітап- сарқылмас рухани байлық.

Адамзат қоғамы тарихында жазу-сызу басталғалы кітап бейне кәусар бұлақтай адамдардың рухани сусынын қандырып, жанын жадыратып келе жатқан рухани құндылық есептеледі. Сонымен бірге, кітап ــ қоғамды дамытатын қуатты құрал ғана емес, кейінгі ұрпаққа өшпес із болып қалар құнды белгі. Адамзат тарихында әр қоғам өзінің құндылықтарын әр кез соңына кітап арқылы қалдырып отырған. Шындығына келер болсақ, кітап таусылмас рухани қазынаның ең негізі, бастау алар бұлақ көзі есептеледі. Енді бір қырынан кітап оқу деңгейінің азайып бара жатқандығын адамдардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларынан, не базар экономикасының өзіндік кінараттарынан қарастыратын жағдайлар да бар. Бұл орынды көзқарас емес. Өйткені халқымыздың әл-ауқаты төмен делінген жылдардың өзінде де, олардың кітапқа құштарлығы онан ары арта түспесе кеміген жоқ болатын Компьютер керемет, интернет тамаша екені рас. Бірақ, біз кітап оқуды, көркем әдебиетке қызығушылығымызды компьютер әлеміне жұтқызып қоймауымыз керек. Кітаптың құндылығы жәйында дана халқымыз «Білімнің бастауы кітап»,-десе, данышпан Абай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,-дейді. Ал ұлы драматург Шекспир «Кітап маған тақтан да қымбат»,-деп кітаптың қүдіретін, оның мәртебесін онан ары асқақ көтеріп көрсеткен болатын. «Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбатты қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» Жансызды жандандыратын, жандыны жаңғыртатын -кітап екенін білуге, бұл кітаптар қайдан шығатынын онда қаншама кемеңгер адамдардың ойлары, зерттеулері, пікірлері ,қол жетпес мұралары жазылатыны туралы бүгінгі сабағымызда ой бөліссек.

ІІ. Сабақтың бағдарламасымен таныстыру.

І-бөлім. Тарих тағылымы / оқушылар ізденісі/

Кітаптың шығу тарихы

Баспахана өндірісі қашан пайда болды?

Ең алғашқы кітапханалар қай кезде пайда болған?

Кітап оқудың да сыры бар?

ІІ-бөлім. Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары / ойын/

Кітаптар сыр шертеді.

Жеті жұрттың тілін біл.

ІІІ-бөлім. Қорытынды.

/«Ата толғауы» күй орындалады/

І-бөлім. Тарих тағылымы.

Кітап!Сен адамзаттың жақын досы!

Келмейді сені оқымай көңіл хошы

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры

Басылған таңба болып өзіңде осы.

Кітаптың шығу тарихы /№6 слайд/

Кітап - араб сөзі, "жазба", ал түрікше "дәптер","мерзімді баспасөз басылымы"деген сөз. Кітап өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу,тәрбие құралы.

Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап "Папирус"деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.

Папируспен қоса ежелгі дәуірде жас малдардың терісінен жасалған материал алынды (бұзау, лақ, қозы, қоян т.б.). Малайзия /Қазіргі Сирияда/ бұл материалды хат жазуға пайдаланды. Пергамент деп аталды

Ежелгі Египетте өсімдіктен жасалынған кітап-ленталар, плиталар ойлап тапты. Саздан жасалынған плиткалардан кітапхана жасалды. Бұл кітапхана Ашшурбанипал патшасына тиеселі болды.

Ресейде ІХ ғасырда ағаштың қабығынан жасалған кітаптар пайда болды Қағаз .Қытайдың оқымыстысы Цай-Лунь ойлап тапты. Бамбукпен судан жабысқақ зат жасап, оны жайып тақтайдың үстіне қойып күнге қақтап кептіргенде жұмсақ материал пайда болған.

Орта ғасырда кітаптарды монастырлерде әріптер мен суреттерді көшіру арқыл жазды.Қазіргі кітап баспаларын алғаш рет ХV ғасырда Немістің өнертапқышы Иоганн Гуттенберг ойлап тапты.Онымен 1 сағатта 16 бет кітап басып шығаруға болатын.Сөздерді металл әріптерді біріктіру арқылы жазды ол шрифт деп аталды.

Ең алғашқы орыстың баспа кітабы «Апостол» деп аталды оны 1564 жылы 1-наурызда Иван Федоров шығарды. Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шықты.

Кітап!Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы

Ашқанда-ақ өткен күнмен беттеріңді

Келер күн көз алдыма кеп тұрады

Баспахана өндірісі қашан пайда болды?/№18слайд/

Адамзат тарихына көз жүгiртер болсақ, кiтап шығару iсi өте ерте замандарда пайда болса керек. Оған дәлел - Қытайда шамамен 868 жылы басылып шыққан кiтаптың табылуы. Қытайда кітап басу ісінде ксилография сияқты бiр тәсілмен жұмыс iстейтiн мөрлеу мен мөрлеу шеңберi пайдаланылып келген болатын. Ксило- графия бiр кiтаптан көптеген көшiрме жасауға мүмкiндiк бередi. Дегенмен бұл тәсілдің кемшiлiгi, әрбiр жаңа кiтапты басу үшiн ағаштан қайта жаңа қалып жасап шығу қажет едi. Баспахана жұмысының теру қалыбы, басу станогы, баспахана бояуы, қағаз сияқты негізгі төрт құрамдас бөлігі бар.

Ал қағаздан басқа үш элементтi дамыту үшiн көптеген ғасырлар бойы мыңдаған жұмыс атқарылса да, олардың кәсіби деңгейде өндiрiстiк процесте қолданылуын Иоганн Гутенберг жүзеге асырды. Гутенберг теруге лайықты металл құймасын ойлап тапты. Ол құйманы (матрицаны), баспахана бояуын, станокты өндiрiстiк деңгейге көтерiп, олардың бiр-бiрiмен қалыпты жұмысын қалыптастырды. Гутенберг бүтіндей бiр өндiрiстiк процестi дүниеге келтiрдi. Оның еңбегiнiң арқасында тұңғыш рет теру қалыбы мен басу станоктары жасақталып, солардың көмегiмен кітапты тез әрі сапалы түрде көп данамен басып шығару мүмкiн болды.Иоганн Гутенберг 1400 жылы Германиядағы Майнцта туып, 1468 жылы сол елде дүниеден өтті. Ол баспахана саласындағы ұлы жаңалығын сол ғасырдың ортасына қарай жасаған еді, ал оның өте құнды еңбегi «Гутенберг iнжiлi» 1454 жылы жарық көрді.

Кітап! Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады

Жеткізіп өткендердің өсиетін

Шешіліп кейде достай сырласады

Кітапхана қашан пайда болған?/№20 слайд/

Адамзат баласы кітапхананың пайдасын бірден түсінді, сол себепті де, ең алғашқы кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болды. Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалынған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды. Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген.

Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген. Ал орта ғасырларда кітапханалар монастырьлар мен университеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған.жарық көрді.

Халықаралық Кітапханалық Ассоциациясы және мекемелерінің Федерациясы (International Federation of Library Associations and Institutions) мәліметінше, дүние жүзі бойынша 569,6 мың кітапханалар бар. Қазіргі таңда «кітапханалық» континенттер болып - Европа (440 мыңнан астам кітапханалар саны) және Солтүстік америка (125 мыңнан астам кітапханалар саны) есептеледі. Кітапханалар саны ең аз континент болып - Африка табылады (тек 1,2 мың кітапханалық бөлімшелері бар). Дүние жүзінің кітапханаларында 807 мыңнан астам адм қызмет атқарады. Жер шары кітаптардың сақталуына жылына $8.7трлн. көлемінде қаражат жұмсайды. Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ортақ ұзындығы 15 мың км құрайды.

Дүние жүзінде, жұдызды мәртебесі бар кітапханалар бар екен (яғни, кітапханалық қызмет көрсету индексі, кітапханаларға бару көрсеткіші, материалдарды беру, интернетті қолдану және т.б.). Оларға мынадай кітапханаларды жатқызады- АҚШ- ғы Конгресс Кітапханасы, Ресейдегі Мемлекеттік кітапханасы және т.б.

Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады.

«Кітапты қолға ұстамаудан өткен ақыл-ой сорақылығы болмаса керек, бұдан сақ болған жөн!»

Кітап оқудың да сыры бар

Оқушы оқу бағдарламасын игеруі үшін көптеген әртүрлі мәтінді оқуы керек. Ол үшін адамның тез оқитын қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Ересек адам орташа есеппен минутына 180-250 сөз оқуы керек. Зерттеушілер бұл көрсеткішті 400-600 сөзге жеткізуге әбден болатынын анықтаған. Дегенмен, мәселе - сөздің санында емес, бастысы - адамның нені, қалай, не үшін оқуы керектігін білуінде. Мәселен, сэр Генри Ирвинг өзі сүйіп оқитын 100 кітаптан ең бірінші орынға Библия мен Шекспирдің шығармасын қойған. Неміс классигі Гете адамдарды оқыған кітаптарына қарай бағалаған. Ал Марк Твен үнемі өзімен бірге сөздік алып жүретін болған. Адамның шешен сөйлеуін қалыптастыруда сөздіктің пайдасы көп деп есептеген. Ғалымдардың зерттеулерінде жүйкені тыныштандыру деңгейі жөнінен ең пәрмендісі кітап екен. Ашуланып тұрған адам 6 минут кітап оқығаннан кейін 68 -ға сабасына түскен,жүйкені тыныштандырғыш ретінде көп насихатталатын музыканың өзі 61-ғана көрсеткен. «Өмірде ешкімнен және ештеңеден тәуелсіз болу үшін - ақыл, білім және талап керек».

ІІ-бөлім .Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары

Кітаптар сыр шертеді.

Әр ұяшықты таңдау арқылы сондағы белгілі жазушылар, ойшылдар туралы қысқаша мәлімет береді оқыған кітаптарына тоқталып өтеді./слайд №25/

№1 Қорқыт ата -сырлы әлем.

№2 Мұхтар Омарханұлы Әуезов- Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.Елеулі шығармасы: «Абай жолы», «Қараш-Қараш», «Еңлік-Кебек », «Көксерек» т.б. Төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

№3. Н. Ә. Назарбаев еңбектері тек ТМД елдерінің тілдеріне ғана емес, негізгі әлемдік тілдердің барлығына аударылған./ ағылшын, француз, неміс, қытай, венгр, поляк, болгар, араб, испан тілдерінде / Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы кітабы - «Қазақстандық жол» деп аталады. Ол 2006 жылы шықты.

№4.Бауыржан Момышұлы-даңқты қолбасшы «Ғасыр адамы»Өзінің қаламынан шыққан-«Офицер жазбалары», «Артымызда - Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Жонарқа», жинағы, екі томдық шығармалар жинағы, «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» туындыларын айтуға болады. «Ұшқан ұя» кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

№5.Сәкен Жүнісов- қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады. . Туған халқы талантты перзентін сан қырлы өнері үшін Сәкен сері атап, аялап еркелетті.. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай береді."Ақан сері" "Жапандағы жалғыз үй", романдары қалың оқырман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. "Ажар мен ажал", "Тұтқындар", "Қызым, саған айтам", "Жаралы гүлдер", "Қос анар", тағы басқа пьесалары республика театрларында табыспен қойылды. «Аманай мен Заманай» повесі.Повесте XX ғасырдың отызыншы жылдарындағы заман дүрбелеңі суреттелген. Оқиға ұжымдастыру кезінде жат жерге қоныс аударған қазақ аулының жүдеу тіршілігінен бастау алып, шегіністер арқылы суреттелген.

Көрініс. С.Жүнісов «Аманай мен Заманай»

...... Атамекенін аңсаған кейуана, заман талқысына түсіп, Заманайымен зар жұта жат елге кетіп еді. Енді міне, құтты мекеніне аманаты - Аманайын алып келе жатыр.

Жеті жұрттың тілін біл

Қанатты сөздердегі жасырын сөзді тауып , 3 тілде айтады. (қазақша, орысша, ағылшынша). /№26слайд/

Наданмен қас болғанша,


Кітаппен ... бол. Дос- друг- friend

Өнер алды - қызыл ... Тіл- язык- language

Қабат- қабат қаптама,
Ақылын болса аттама. Кітап- книга- book

...- білім бесігі,


Ғылым білім есігі. Мектеп- школа- school

Кітапты сүйіп оқы,


Көңіліне түйіп .... Оқы- читать- read

Оқу ... құдық қазғандай Ине- иголка- needln

4. Қорытынды.

«Мен жастарға сенемін»,-деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұлтымыздың болашағы бүгінгі жастардың қолында. Сол жастарымыз рухани сауаттылығы мықты болса, ұлтымыздың ұлағаттылығы мәңгі сақтала бермек.



Халқының көңілінен шығатын, елінің үмітін ақтайтын,өткен ұрпақтың есесін түгендеп,келешек ұрпақтың мерейін үстем ететін Тәуелсіз еліміздің азаматтары рухани сауаттылықпен білім көгіне самғай беріңдер демекпін.

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Елімізде қашанда татулық пен бірлік болып, еліміздің көк байрағы көгілдір аспанда желбірей берсін! Өз бастарыңызға ,отбастарыңызға зор денсаулық, құт-береке амандық тілеймін.Тәуелсіздігіміз тұғырлы,еліміз еңселі болсын!
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет