Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата19.02.2017
өлшемі67,38 Kb.
#10897
түріСабақ
БҚО, Бөкей Орда ауданы

Бисен ауылы З.Жиенәлиев атындағы ЖОББМ

Утегенова Сандугаш Есенбулатовна

бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Көмектес септігі туралы мағлұмат беру.Көмектес септігінің сұрақтары мен жалғауларын таныстыра отырып, септіктің қызметі өрісінің кеңдігін жаттығуды орындату барысында түсіндіру.
Дамытушылық:
Сөйлем ішінен ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септігіндегі сөздерді сөз құрамына талдап,оларды өздері байланысатын сөздермен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік:Бала бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін қалыптастыру,жетілдіру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,топшамалар
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасып, түгелдеу.назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Қолымызды ашайық,

Гүлдің нәрін салайық.

Күнің шуағын,

Алақанның жылуын

Осы жақсы тілекті

Бір – бірімізге сыйлайық.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Шығыс септік.5-жаттығу.101бет.

5- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Шығыс септігіндегі сөздерді тауып,сұрақ қой.

1.Көмір отын ретінде пайданылады. Шахтерлер көмірді жерден өндіреді.

Көмірдің көп бөлігі жердің жақын маңынан өндіріледі.

2.Ағашты құрылыс материалдарын жасау үшін пайдаланылады. Тіпті қағаз да ағаштан жасалады.3.Мұнай мен газ жерден де, теңіз түбінен де өндіріледі



І . Жаңа сабақ. «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша өткізіледі.Ертеде шал мен кемпір өмір сүріпті.Кемтір бір күні бауырсақ пісіріп, терезенің алдына қояды. Бауырсақ домалап қашып кетеді.

1-тапсырма:“Бауырсаққа көмек”

1- жаттығу

1.Қоғамдық көлікпен жүру ережелерін білесің бе? Үлкен адамдармен қашанда “сіз ” деп сөйлес.2. Әміре халық әндерін үлкен сезіммен шырқайды. 3. Әсет басқа ақындармен айтысқанда,өзінің білімділігін байқатты.

2-тапсырма: Орманда келе жатырған бауысақты қоян ұстап алады.

Ол қоянға өлең айтып береді.Ал, қолн оған тапсырма береді.

Кәне , балалар бауырсаққа а көмектесейікші.

Қоянның тапсырмасы: Жұмбақты шеш.

Көмектес септігіндегі сөздерге сұрақ қой.

1. Желмен ұшып жетеді,

Желмен ұшып кетеді.( Қаңбақ)

2.Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең,алға зулайды,

Шойын жолдан аумайды ( шаңғы)

3.Қалпағы бар дөңгелек,

Сары гүлмен қоршалған

Қарай-қарай күнге ерек,

Мойны талып шаршаған. (Күнбағыс )

3-Тапсырма: : Орманда келе жатырған бауысақты қасқыр ұстап алады.

Ол қасқырға өлең айтып береді.Ал, қасқыр оған тапсырма береді.

Кәне , балалар бауырсаққа көмектесейікші.

Қасқырдың тапсырмасы: 3- жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз.Көмектес септігіндегі сөздерді тауып, қосымшаларын белгіле.

1.Барлық ат ер-тоқыммен ерттелген.2. Әжесі Гауһармен музейге барды.3. Алмагүл сыпырғышпен еден сыпырып жүр. 4. Ғани Әсетпен шахмат ойнады. 5.Бұл шипажайда адамдар қымызбен емделеді

4-тапсырма:Орманда келе жатырған бауысақты аю ұстап алады.

Ол аюғаға өлең айтып береді.Ал, аю бауырсаққа тапсырма береді.

Кәне , балалар бауырсаққа көмектесейікші.

Аюдың тапсырмасы.




Септік

Мысалдар

Сұрағы

Атау

.... -ғылымның атасы.

 

Ілік

........ ақылын тыңдаймын

 

Барыс

Айша кітабын ....... берді.




Табыс

Орманнан ........ көрді.

 

Жатыс

............... түрлі түсті бояу бар.




Шығыс

..... басталған,

Даналықтың данасы.



 

Көмектес

Оған........ жүру қиынға соқты.

 

Тірек сөздер:

Әліппе,ұстаздың,Гүлшатқа,қоянды,Ержанда,Әліппеден, шаңғымен.

5- тапсырма: Орманда келе жатырған бауысақты түлкі ұстап алады.

Ол түлкіге өлең айтып береді.Ал, түлкі болса өте қу аң. Ол бауырсаққа 3 тапсырма беріп, қатты қинайды.

Кәне , балалар бауырсаққа көмектесейікші.

Түлкінің тапсырмасы.




Септік

айға

өзеннен

гүлді

әже

құста

судың

досымен

Атау










+










Ілік
















+




Барыс

+



















Табыс







+













Жатыс













+







Шығыс




+
















Көмектес



















+

6-тапсырма: Түлкінің тапсырмасы: №2



Тиісті қосымшаларды (-пен,-бен,-мен) орныны қойып, сөйлемдерді оқы.

1.Егістікте қыста қарды трактор.... тоқтатылады. 2.Дәулет балықты қармақ... аулады. 3.Шынар Астанадан ұшақ..... ұшып келді.4.Әселдің әжесі ине..... түйме қадады. 5.Дариға көйлегін үтік.... үтіктеді. 6. Гимнастика..... айналысу денсаулыққа пайдалы.

7-тапсырма:Түлкінің тапсырмасы:№3

Сәуле сөзін қатыстырып сөйлем құрастыр және қай септікте тұрғанын анықта.
1 ......... мектепке келді.

2. ............ мінезі ашық.

3. Мен ........ кітап сыйладым.


  1. Айша ........ қонаққа шақырды.

5. .............. ертегі кітаптар өте көп.

6. ................ үлгі алуға болады.



7. Гүлназ ............. мұзайдынға барды.

V.Сабақты бекіту. Сөзжүмбақ «Көмектес септік»

1.Білім бұлағы (кітап)

2.Тілсіз жау.(өрт)

3.Қазақтың атақты пулеметші қызы (Мәншүк)

4.Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)

5.Қу аң (түлкі)

6.Білім ордасы (мектеп)

7.Жыл мезгілі (көктем)

8.Ең жақсы баға (бес)

9.Төрт түліктің бірі (сиыр)

10.Сөз табы (етістік)

11.Оқушының отыратын орыны (парта)

12.Қазақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар)

13.Киім ілуге қажетті зат (ілгіш)

14. Тікенекті аң (кірпі)

VІ . Үйге тапсырма.

Көмектес септікті қайталау. 5- жаттығу.103- бет.



VІІ. Бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет