Сабақтың тақырыбы: «Көмірсутектер мен олардың галогентуындыларының арасындағы генетикалық байланыстар»



Дата06.07.2018
өлшемі33,5 Kb.
#47507
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен мектеп- лицейінің химия пәнінің мұғалімі Мухамбетова Назипа Муратханқызы

Сабақтың тақырыбы: «Көмірсутектер мен олардың галогентуындыларының арасындағы генетикалық байланыстар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көмірсутектердің бірнеше түрлері мен галогентуындыларының

арасындағы генетикалық байланысты және олардыңбір-біріне

айналуын нақты мысалдармен түсіндіру.

Дамытушылық: Көмірсутектер құрылысының ерекшеліктері, көптүрлілігі,

изомерленуі, гомологтық қатарлар түзуі туралы білімдерін

дамыту, өзгерістерді орындау біліктерін жетілдіру,

ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелік: Алған білімдерін өз бетімен жаттығулар орындауға пайдалана

білуге дағдыландыру,көмірсутектердің галогентуындылары туралы көзқарастарын қалыптастыру.



Оқытудың жоспарланған нәтижесі: Көмірсутектер түрлері, галогентуындылары арасындағы генетикалық байланыстың бар екендігін, олардың бір-біріне айнала алатындығын біледі,

өзгерістер арқылы өз бетімен дәлелдеп жаза біледі және айта біледі.



Сабақтың көрнекілігі: слайдта бейнеленген өзгерістер,

генетикалық байланыс сызбасы.



Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:өз бетімен іздену, деңгейлік тапсырмалар орындау, слайдтар демонстрациялау.

Жаңа технология: проблемалық оқыту әдісі, деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа тақырыпты меңгеру бөлімі

а) проблемалық сұрақ қойылады: Көмірсутектердің негізгі түрлерінің арасында қандай байланыс бар? Байланыс себебі неде?

ә) оқушылар жауабы тыңдалған соң слайдтан генетикалық байланыстың сызбасы көрсетіледі,оқушылардың жауабы қорытындыланады.

б) Сызбанұсқада берілген айналуларды сәйкес реакция теңдеулері арқылы өрнектейді.

3. Бекіту бөлімінде тақырыпқа сай деңгейлік тапсырмалар орындалады.

І деңгей тапсырмалары: 138 бет 1,2 жаттығулар

ІІ деңгей тапсырмалары: 3,4 жаттығулар

ІІІ деңгей тапсырмалары: 5 жаттығу ауызша, жазбаша

ІV деңгей тапсырмалары: 6 жаттығу

4. Үй тапсырмасын тексеру. §6,2 (ауызша) тақтаға жауап беріледі

5. Қорытындылау, бағалау.



Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы генетикалық байланысты түсініп, көмірсутектер, құрамы, қасиеттері туралы алған білімдері бекітіліп, қайталанады.

6. Үйге тапсырма §6,3 жаттығу №5,34

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет