Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық. Координаталары бойынша нүктені салу Сабақтың мақсаты



Дата22.08.2017
өлшемі22,27 Kb.
#24253
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүктені салу

Сабақтың мақсаты:1.Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу;координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу.
2.Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табуды; координаталары бойынша нүктені салуды үйрету.
3.Тік бұрышты координаталар жүйесін дұрыс сыза білуге дағдыландыру;Пәннің нақтылығына көз жеткізу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:Сызбалар, плакат, таратпа материалдар.
Сабақтың өту әдісі:Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап иллюстрациялық
Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, ашық сабақ.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру:
Сызбаларды орындауға қажетті құралдардың толық болуын қадағалау.
II.Өткенді қайталау:
1.Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
2.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

III.Жаңа сабақ:
Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз. Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір-бірімен санақ басы нүктелерінде қиылысатын өзара екі координаталық түзуден, тік бұрышты координаталық жүйе құрастырамыз.

D (-3;5) координаталары бойынша нүктені салу үшін:
1.абсциссалар осінен -3 нүктесін тауып,осы нүкте арқылы Ох-ке түсіреміз;
2.ординатасы 5 болатын нүктені тауып,осы нүкте арқылы Оу осьіне жүргіземіз;
3.түзулердің қиылысу нүктесі – ізделінді нүкте; D (-3;5)

IV.Жаңа сабақты бекіту:
1) № 850.(Тақтада орындалады, 3-оқушы)
2) Отырған оқушыларға кестелер үлестіремін.

№ 856.
1) |3,5|-13/8>2/3+|-1,2| 2)|4 2/5|÷|-2 1/5|<|-18,3|•0,2
4,4:2,2<3,66
4) |-42,45|÷|28,3|+35/9<|-72,6|•|-1/2|-28,4
3) 103,8-|9 3/5|•|-6,5|113/15 
103,8-62,4<108,55
11/2+35/9<36,3-28,4
51/18<7,9

V.Қорытынды:
1.Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай
табылады?
2.Координаталық жазықтықтағы Ох осі қалай аталады?
VI.Үйге тапсырма: № 858.
VII.Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет