Сабақтың тақырыбы: Көп жылдық гүлдер мен бір жылдық гүлдердің ерекшелігі. Сабақтың мақсаты



Дата28.01.2018
өлшемі130,94 Kb.
#35152
түріСабақ
Күні:_____________2017ж

Жасы:____________

Сабақтың тақырыбы: Көп жылдық гүлдер мен бір жылдық гүлдердің

ерекшелігі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушылардың  оқу  қабілеттерін, білім-білік, таным  ерекшеліктерін  арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Дүние танымын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақтар.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауаптар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сабаққақа тысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.



ІІ. Үй тапсырмасы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Қорытынды

Өткен сабақты қайталау.

- Гүл дегеніміз не?

-Аналық пен аталықтың атқаратын қызметі не?

-Дұрыс гүл мен бұрыс гүлді қалай ажыратамыз?
Жаңа сабақты түсіндіру
Гүл өсіру – өсімдік өсірудің бір саласы. Бұл ертеден келе жатқан және қазіргі кезде тез дамыған шаруашылықтың бір саласы. Гүл өсіру Нидерландияда, Германияда, Жапонияда, т.б елдерде жақсы дамыған. Гүл пайдалану мақсатына, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне, олардың түр құрамына қарай ашық және жабық жерде өсіріледі. Ашық жерде өсірілетін гүл тұқым беруге тиіс. Бұлар алаңдарда, саябақтарда, парктерде және үй айналасына әсемдік үшін егіледі. Ашық жерде өсіп жетіле алмайтын гүлдер жабық жерде – оранжерея, көшетханада (парниктерде) өсіріледі де, көктем, күз, қыс айларында пайдаланылады. Гүл шоқтарында әсем жапырақты, әдемі гүлдейтін алуан түрлі үй өсімдіктері өсіріледі. Олар бір, кейде екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді. Қызғалдақ, таспа, қырмызыгүл, флокс, т.б. бір жылдық; түрік қалампыры, шегіргүл, әсел, құлқайыр, т.б.

Екіжылдық: раушангүл, таушымылдық,құртқашаш, бәйшешек, лалагүл, гладиолус, георгина, т.б. көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Қарағанды, Жезқазған, Маңғыстау, Іле, Бас ботаникалық бақтарында гүлдің мыңдаған түрлері мен сорттары өсіріледі.

Көпжылдық өсімдік. Екі жыл және одан да көп жылдар бойы өсіп, тіршілік ететін өсімдіктер. М ысал ретінде дала қызғалдағын және регале лалагүлін қарастыруға болады.

Қызғалдақтардың гибридті сорттарының алғашқыларының бірі – дала қызғалдағы Саратов облысында, Алтайда өседі. Өсімдік биіктігі 50-60 см. Мамырдың аяғы мен маусымда гүлдейді. Күн сәулесі түскен жерде жақсы өседі. Жылда жақсы гүлдеуі үшін тамыздың басында гүлдеген пиязшығын ептеп қазып алып, 25-30 күндей бөлмеде терезенің алдында кептіріп, қайтадан бұрынғы орнына отырғызады. Кептіру пиязшықтың ішінде гүл шанағының қалыптасуына жағдай жасайды. Жылда күзді күні пиязшықты отырғызуды қыркүйектің басынан бастап 12-16 см тереңдікте отырғызады. Пиязшықтың ара қашықтығы 10-15 см. Жазда қызғалдақтар гүлдеп болған соң және гүлдеген сабақтарды кесіп алған соң араларына әсемді гүлдейтін бір жылдық өсімдіктерді отырғызуға болады. Жапырақтың бір бөлігін жаңадан шыққан пиязшықтардың өсіп дамуы үшін қалдырады.



Көп жылдық астра. Қашқаргүл тұқымдастары Оңтүстік Европадан, Азиядан және Солтүстік Америкадан әкелінген. Күшті бұтақталған сабақтарының биіктігі: 1,6 м-ге жетеді. Жапырақтары қоңыр-жасыл, үлкен емес, ұзын. Гүл шоғыры ақ, көкшіл, көк, күлгін. Гүл шоқтарының диаметрі 1,5-4 см, дәржарнаққа жиналған. Күзде кеш гүлдейді. Әсемдігін жоғалтпай аздаған қолайсыз температураға шыдайды.

Бұталарын бөлу арқылы және тұқыммен көбееді. Көп жылдық астра тұқымдары өсімталдық қасиетін тез жоғалтады, сол себепті бұларды жинап алысымен қыс басталудан бұрын ашық топыраққа немесе булыжайға сеуіп тастайды. Көктем шығысымен көшіріп отырғызады.

Көп жылдық астра жарық немесе жартылай жарық жерде ылғалы мол тыңайтылған жерде жақсы өседі және гүлдейді.

Гелениум. Қашқаргүл тұқымдасына жатады. Солтүстік Америкадан әкелінген. Гүл шаруашылығында негізінен өсіріп таратылатыны – күзгі гелениум. Өсімдіктің биіктігі 1м-ден 1,8 м-ге дейін өседі. Жапырақтары отырықшы, ланцет тәріздес, жиегі ирек. Гүл шоғының диаметрі 3 см–ден 6 см-ге дейін. Гүлдері: сары, қызғылт сары, қызыл, қоңыр.

Тамыздан бастап аяз түскенге дейін гүлдейді, шамалы аязға төзеді. Гүл шоғы гүлдеп болғаннан кейін өсімдіктің әсемдік бағасы төмендейді.

Түбірлердің бөлінуі арқылы көктемде немесе күзде, бұтақтану арқылы көктемде көбееді. Гелениум тұқымдарыменде көбееді. Алынған өнім әсемдік жағынан бір келкі емес. Сондықтан өсімдіктің вегетативті көбею түрі жиі қолданады.

Жазғы сауырағаш – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Орта Азиямен Оңтүстік Еуропадан және Қытайдан келген. Бұтақтың биіктігі 1,2 м–ге дейін жетеді. Бұтаның пішіні дөңес немесе пирамида тәрізді. Ұсақ, қысқа, анық жасыл реңді жапырақтары күзде қызғылт түске айналады. Гүлдері ашық реңді.

Салаубас, шөпшай – көпжылдық өсімдік. Ақкекіре, қашқаргүл тұқымдасы. Австралиядан келген, бірақ көптеген жабайы түрлері Еуропа, Азия мен Африкада өседі. Бұтасының биіктігі 80-100 см. Маусым айының аяғында суық түскенше гүлдейді. Наурыздың аяғымен сәуірдің басында тұқым арқылы көбейеді. Маусымда қажетті ашық грунтқа отырғызады. Отырғызу ара қашықтығы 20-30 см. Күн түсіп тұрған жерлерде және қопсытылған жеңіл топырақта жақсы өседі және гүлдейді.

Топтық тапсырмалар

1-тапсырма: «Ыстық орындық» кезеңі. «Менің аулам» сөзжұмбағы.

Мұнда оқушылар қойылған сұрақтарға орнында отырып, тез жауап беруі керек.



  1. Табиғаттың бір бөлшегі? (өсімдік)

  2. Көпжылдық бақша гүлі? (түймедақ)

  3. Отырғызылған біржылдық гүлдерді қай айда тамырымен жұлып тастайды? (қазан)

  4. Көктемде гүлімен, жаз бойы қызыл қоңыр жапырағымен, ал күз бен қыста моншақтай түзілген жемісімен ерекшеленетін бұтақты өсімдік?

(бөріқарақат)

  1. Ауладағы жасанды сарқырама немесе су қоймалары сәнді көріну үшін суда өсірілетін гүл? (тұңғиық)

  2. Ауланың көркі – гүлдер. Ал, гүлдермен көгалдандырушылар кімдер?

(гүлпаздар)

  1. Органикалық қалдықтардан түзілетін, өсімдіктердің өсуіне қажет зат?

(биогумус)

  1. Жеміс неден пайда болад? (гүлден)

  2. Мәңгі жасыл өсімдік? (арша)

  3. Көгалдандыруда кеңінен қолданылатын ең ұзын өсімдіктер түрі?

(шырмауықтар)
2-тапсырма: «Кім көп біледі?» кезеңі. (Бұл кезең 3 ойын шартынан тұрады)

1. «Топ басшылар» ойыны.

Әр топ басшылары ортаға шығып жасырын гүлер суреттерін таңдап алады. Суретте көгалдандыруға қажет бозкілем, шырайлыгүл, түбіртек, теңіз зиягүлі, иістішөп гүлдері берілген.

Мұнда да әр топ басшылары суреттегі гүлдерге мағлұматтар беру арқылы өз тобына ұпай жинайды.

3-тапсырма:.«Кім жылдам?» ойыны.

Әр топ оқушылары кезекпен келіп гүлдер суретін таңдап алады, сурет артында мақал-мәтелдер мен сұрақтар жасырылған. Оқушылар соларға дұрыс жауап беру арқылы ландшафтық дизайн суретін құрастырады.



1. Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның ........... (өз гүлі бар)
2. Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің .......... (тынысы басқа)
3. Бір гүл толып ашылады,
Бір гү.............. ( солып ашылады)
4. Гүл ашылмай ......... сайрамас. (бұлбұл)
5. Гүлді гүл деме ......... болмаса. (егер сабағы)

6. Өсімдік жақсы өсу үшін оған не қажет? (жарық, жылу, ылғал, қорек)

7. Өсімдік топыраққа қалай бекиді? (тамыры арқылы)

8. Жапырақтың атқаратын қызметі? (қорек жинайды, суды буландырады)

9. Гүл өссе жердің көркі,
.................................... (Қыз өссе елдің көркі)

10. Үкісіз ........ болмас,  (қыз)
Тікенсіз ...... болмас (гүл)

11. Дала көркі — ........ ( гүл)
Ана көркі — ........ (ұл)

12. Көп жылдық гүлдерді атаңыз.

13. Біржылдық гүлдерді атаңыз.

14. Роза гүлінің қазақша атауы (раушан)

15. Медицинада микропты өлтіретін дәрі ретінде

қолданатын көпжылдық гүл (түймедақ)



16. Көпжылдық гүлдерді көбейтудің ең оңай жолы?

Қорытынды: Біржылдық өсімдіктер балкондар мен лоджияларды гүлдендіруде өте көп қолданылады, өйткені олар климаттық өзгерістерге мән бере қоймайды, сондықтан да оларды егу оңай болып келеді. Сонымен қатар олар өте сәнді болады. Міне, осы сияқты барлық гүлдерді бөліп ажыра білуіміз керек.

Тексерілді:_____________




Каталог: uploads -> doc -> 11bc
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11bc -> «Ана тілім – ардағым»
11bc -> Сабақ Тақырыбы: «Тауыс» құсын жасап үйрету. Пән: «Еңбекке баулу»
11bc -> В. И. Шубин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Габдолов Гарифолла Мүтиғоллаұлы 11. ХҮіі-хүііі ғ ғ Иран. Сабақ
11bc -> Г. М. Турбекова Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Әбілова Қанапия Дүйсекеқызының 10 сыныпқа қысқа мерзімді сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет