Сабақтың тақырыбы: Көптен кеткен көмусіз қалар Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/5
Дата24.09.2024
өлшемі10,54 Mb.
#205039
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
қазақ әдебиеті 11Г №12 10.10.2023


Тексерілді:



Бөлім: «Кеңістік пен уақыт»

Мектеп: С.Сейфуллин атындағы МГ

Күні: 10.10.2023



Мұғалімнің аты-жөні: Зиябекова С.А

Сыныбы: 11 Г

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Көптен кеткен көмусіз қалар...

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздердің мағынасын ашып,өмірлік тәжірибеде , шығармашылық жұмыстарда қолдану;
11.3.2.1 көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау

Сабақ мақсаты

«Атау кере» романының кейіпкерлер жүйесін жинақтау және даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді; көркем шығармадан алынған үзінділерді ,қанатты сөздерді шығармашылық жұмыста және өмірде қолдану жолдарын түсіндіреді;
Көркем шығармадығы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып баға береді

Бағалау крийтерийлері

-кейіпкер жүйесін жинақтау және даралайды,өмір шындығын көрсетеді
-дәйексөздердің мағынасын ашады, өмірлік тәжірибеде қалай ,қайда қолдануға болатынын ұсынады
-шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып,баға береді

Жоспар




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

ресурс




Сабақтың басы
5мин



І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал.
Қызығушылықты ояту «Бес қадам» әдісі
3 оқушы өз еркімен шығарады, әр оқушыға бір сұрақтан қояды.Оқушылар едендегі әр табан суреттерін жылдам-жылдам басу арқылы мұғалім қойған сұраққа 5 жауап айтып, сыйлыққа ие болады
Ерікке қатысты 5 эпизодты әңгімелеңіз.
Тағанға қатысты 5 ақпарат айтыңыз.
Айна мен енесінің арасындағы сыйластықты дәлелдейтін 5 аргумент айтыңыз.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен критерийлері таныстырылады.



«Бес қадам» ойыны
3оқушы өз еркімен шығады.




ҚБ
Ең ұтымды толық жауапқа-20т ;
Ұтымды, бірақ толық емес жауап-10т
Толық емес жауап-5т.

О.Бөкей шығар
малары
«Ел-шежіре»баспасы 2013ж



Сабақтың орта сы
10мин

10мин


5мин

Сабақтың соңы


10мин

5мин




ІІ. Мағынаны тану. Ой қозғау сұрағы:кейіпкер жүйесін жинақтау мен даралауды қалай түсінесіңдер?
Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау – мінезге әкеледі.
М. Әуезовтің “Абай жолында” ондаған, жүздеген кейіпкер бар; көбі – тип. Мысалға бір ғана Құнанбайды алып қарасақ, ол аса — күрделі мәселе. әбден дарраланған, бүкіл ішкі -тысқы бітімі өзінен өзге ешкімге ұқсамайды. Мінезі де, ақыл-парасаты да ерекше, іс-әрекеті де бірегей, бөлек. Бұл ретте Құнанбайда – жалқы тұлға. Сонымен қатар, ол әбден жинақталған, бір Құнанбайда сол дәуірде өмір кешкен кіллі құнанбайлардың бәріне ортақ мінез, бітім әрекет бар. Бұл ретте Құнанбай – жалпы тұлға, бүтін бір әлеууметтік ортаның әр қилы өзгешеліктерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет