Сабақтың тақырыбы Ксилема, флоэма



бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі485,41 Kb.
#25293
түріСабақ
  1   2   3

Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: №65 ЖББ ОМ КММ

7.2. Заттардың тасымалы Мұғалімнің аты-жөні:Есенбек А
Күні:

Сынып:7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ксилема, флоэма.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.3.5- флоэма мен ксилеманың элементтерін құрлысын салыстыру.


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:

Ксилема, флоэма және олардың құрлымдық элементтерін білу;



Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Ксилема мен флоэманың қызметін салыстыру;



Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Ксилема мен флоэманың құрлысын, қызметін салыстыра отырып, талдау.



Бағалау критерийі

Ксилема мен флоэманың құрлысын салыстыру;

Ксилема мен флоэманың қызметін анықтап, айырмашылығын ажырату.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар істей алады:

Ксилема мен флоэма сөздерінің мағынасын ашу және сипаттау;

Ксилема мен флоэманың құрлысын салыстыру.

Пәндік лексика мен терминология:

Ксилема, флоэма, күрделі ұлпа, електәрізді түтік, тамыр, өткізгіш ұлпа, түзуші ұлпа.



Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Ксилема мен флоэма жоғары сатыдағы ұлпалар болып табылады.

Топырақтан тамыр арқылы алынған сумен минералды заттар ксилема бойымен өсімдіктің басқа мүшелеріне таралады.

Флоэма бойымен фотосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттарды жапырақтан тамырға өтеді.



Құндылықтарға баулу

- қарым-қатынас жасау,

-өзгелердің көзқарасын құрметпен қарау,

- оқушылардың табиғатты қорғауға баулу.


Пәнаралық байланыс

Өсімдіктер физология негіздері.

Алдыңғы білім


Тамырдың ішкі құрлысын, судың тамыр бойымен жүру тізбегін біледі;

Ксилема мен флоэманың құрлысымен танысу.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин
1мин


5 мин



Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтады. Оқушылар «шаттық шеңбер» құрады, қасындағы оқушыға өз есімінен басталатын жылы тілектерін айтып шығады.

(С) «Мозайка» әдісімен топқа бөлінеді. Оқушылар бейорганикалық, органикалық, тамырдың суретін құрастырып, сурет бойынша топқа бөлінеді.
(С,Ж) «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады- (жасыл,қызыл).Әр топқа қызыл және жасыл түсті қағаз беріледі. Мұғалім қойған бірнеше сұраққа байланысты балалар қолындағы қағазын көтереді. Сұраққа жауабы дайын болса «жасыл» түсті, сұрақ жауабын білмейтін болса «қызыл» түсті көрсетеді. Жасыл түсті көрсеткен кез келген оқушыдан жауап сұралады.

Өсімдіктердегі заттарды тасымалдауға қатысатын негізгі мүшелерді атаңыз?

Сабақтың құрылысы туралы не білесіңдер?

Тамырдың ішкі құрылысы туралы не білесіңдер?

Тамыр жіпшелерінің қызметі қандай?

Тамыр қабаты және орталық цилиндрдің арасында қандай жасуша қабаты орналасқан?

Су мен минералды заттар өсімдіктің бойында қалай тасымалданады?

Ағзалық заттардың тасымалдануына қандай жасушалар қатысады?




Компьютер,әуен.
түрлі-түсті қағаздар, сурет

Жасыл, қызыл қағаздар




Сабақтың ортасы

2 мин

5 мин

7 мин


2 мин

8 мин


8 мин

(М,С) Ксилема мен флоэмаға байланысты интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі, сұрақтар қою арқылы тақырып ашылады.

(М) Ксилема мен флоэмаға туралы қысқаша түсіндіріледі және бейнеролик көрсетіледі.

Ксилема және флоэма – жоғары сатыдағы өсімдік ағзасындағы басты тасымалдаушы ұлпалар. Сабағы мен тамыры бар жердегі барлық өсімдіктерде өткізгіш ұлпалар болады.

Жоғары сатыдағы өсімдік ағзасында өткізгіш ұлпаның негізгі екі түрі болады:

1. Ксилема – тамырдан жоғары қарай сабақ пен жапыраққа заттардың (су мен топырақтан алынатын басқа элементтер) көтерілуін қамтамасыз етеді.



2. Флоэма – фотосинтез барысында жапырақта түзілген органикалық заттарды жапырақтан тамырға (сабақ арқылы) өткізуді қамтамасыз етеді.

(Т,ТЖ) «Бірге ойлаймыз. Бірге талқылаймыз» әдісі Ксилема мен флоэма туралы постер құру. Оқулық бойынша тақырып бөліп беріледі.

«Бас бармақ» әдісімен бағаланады.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет