Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата13.08.2017
өлшемі103,34 Kb.
#23473
түріСабақ
Кенащы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:



Өткізген: Бекболатова Б. К.

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың лексика тарауына байланысты алған білімдерін

тереңдету, меңгерген білімді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді

жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік сақтауға, сөз

мағыналарын ажырата алуға жаттықтыру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын байыту,

сөйлеу тілдерін шығаршылық қабілеттерін дамыту;

3.Тәрбиелік: Тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отыра құбылтып,

оларды мейлінше дұрыс қолданып, түсіне білуге, білімге құштарлыққа ,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: бекіту, қайталау

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау,сәйкестендіру, семантикалық карта, диалог, графикалық тәсіл, Венн диаграммасы, 5 жолды өлең, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары, СТО, «Кім жылдам?»

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе қағаздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, сөзжұмбақ, Абай әні

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,орыс тілі, ағылшын тілі, ән-күй

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу;

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен

мақсаты туралы хабарлау

ІІ. Лексикадан өткен тақырыптарды қайталау:

Қайталау – оқу анасы,

Мақалдың ішіндегі данасы.

Білімді берік игерсең,

Ешкімнің жоқ таласы,- деген жолдарды сабағымыздың эпиграфы етіп алайық.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шаттық шеңбер жасап, бір-біріне жылу мен сәттілік тілеп,

мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы екі топқа бөлінеді.

Мұғалім сөзі: Балалар, біздің әр сабағымыз қуаныш, осындай қуанышты сәттерде халқымыз шашу шашқан. Ендеше, әр күніміз сәтті болсын

деп шашу шашайық (Шашылған шашудың ішінде сұрақтар мен тапсырмалар берілген)

Білім тексеру:

ІІІ. «Кім жылдам» ойыны

- Лексика ғылымы нені зерттейді?
- Көп мағыналы сөз дегеніміз не?

- Омоним дегеніміз не, мысал келтір

-Көп мағыналы сөз бен омонимнің ұқсастығы

мен айырмашылығы?

Венн диаграммасы арқылы көп мағыналы сөз

бен омоним сөздерді салыстырыңдар.
а)


Омонимдер

Дыбысталуы біркелкі, мағыналары басқа болып келеді.Бір сөз табына да, әр сөз табына да қатысты болады.

Көп мағыналы сөздер

Мағыналары бір-біріне

жақын, ұқсас болып, бір ғана сөз табына жатады




Ортақ

Сыртқы тұлғалары

жағынан ұқсас.
б) Берілген сөздерді сөз таптарымен «Графикалық тәсіл» арқылы сәйкестендіріп, көп мағыналы сөзді ажырату, түсіндіру

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Одағай

Шіркін Бас Көз Сұлу Бесеу
ІҮ. Оқулықпен жұмыс

- Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не, мысал келтіріп түсіндіріңдер

Ү. «Кім тапқыр?»

-Синоним, антоним дегеніміз не? Омоним мен синонимнің ұқсастығы мен айырмашылығы?

Екі оқушы шығып, «Екі дос» тақырыбына диалог құрады.

(Екі оқушы ағылшын тілінде сөйлесіп, аудармасын үшінші оқушы айтып тұрады. Диалогтан синоним, антоним сөздерді табады )


а) Ортақ
Омонимдер

Синонимдер


б) Берілген сөздерге синонимдік сөздер табыңдар. Жазған сөздеріңнің басқы әріптерінен синоним деген сөз шықсын.



Көркем

С




Жақсы іс

И




Қанша

Н




Жалын

О




Сенім

Н




Жасқану

И




Сөзуар

М






Сергіту сәті. Абайдың «Көзімнің қарасы» әні (үзіндіден көп мағыналы сөз, омоним, антоним сөздерін атау)

в) «Баспалдақ» ойыны

Берілген сөздердің антонимін тауып жазыңдар, сөйлем құраңдар.










к

е

ң



















а

р

а

з































ж

а

қ

с

ы
















а

қ

ы

л

д

ы



















Е

л

г

е

з

е

к






















С

А

л

м

а

қ

т

ы


























ҮІ. Сәйкестендіру

- Табу,эвфемизм, дисфемизм дегеніміз не?
ҮІІ. «Зымыран» ойыны

- Тұрақты тіркес дегеніміз не? Тұрақты тіркестің өзіндік ерекшелігі?

Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын анықтаңдар, сөйлем құраңдар.

р/с

Тұрақты сөз тіркесі

Мағынасы

Сұрағы

1

Ит арқасы қиянда







2

Қас пен көздің арасында







3

Тепсе темір үзеді







4

Ас қайырды







5

Бармағын тістеді








ҮІІІ. «Полиглот» ойыны (мақал-мәтелдерді үш тілде атау)

Мақал-мәтелдер, олардың бір-бірінен айырмашылығы?

.а) Әр тақырыптағы мақал-мәтелдерден синоним, омоним, антоним сөздерді ажырату.

ә) Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар

ІХ. «Семантикалық карта» әдісі арқылы көнерген сөздер түрлерін ажырату, септіктерді қайталау

Көнерген сөздер, олардың түрлері?

Сөздер

Септік

уәзір

найзаға

садақта

ханның

дүриядан

сәуке-лемен

бесік құданы

Ілік с.










+










Шығыс с.













+







Табыс с.



















+

Атау с.

+



















Барыс с.




+
















Көмектес
















+




Жатыс с.







+














Х. «Ой қозғау»

- Кірме сөздер дегеніміз не?

ІІ топқа жауабы жасылылған жұмбақтар таратылып, жасырылып, олардың шешуінен кірме сөздерді ажырату

ХІ. Оқулықпен жұмыс

- Термин сөздер дегеніміз не,түрлері?

Әр пәнге байланысты термин сөздерді жазыңдар,екі сөзді септеу, екі сөзге дыбыстық талдау жасаңдар, оқулық сөзіне 5 жолды өлең құрастырыңдар

Қазақ тілі -

Әдебиет –

Математика –

Тарих –

География-

Сабақты қорытындылау:

ХІІ. Тест тапсырмалары арқылы білімдерін қорытындылау:
1.Синоним сөздерді тап

А)амандасу,есендесу В)бал,әсем С)сұлу,сүлгі D)тарих,қақпа

2.Ағаш ұсталығына қатысты кәсіби сөзді тап

А)шанышқы В)қоза С)сүргі D)Керней

3.Эвфемизмге жататын сөзді белгіле

А)бақиға аттанды В)қасқыр С)найзағай D)Мылжың

4. «Мырза жігіт», «кенже бала»сөздері қай сөзге қатысты?

А)тұрақты тіркес В)табу С)көнерген сөз

D)Омоним

5.Антонимнің анықтамасы

А)қарама-қарсы сөздер В)мағынасы жақын сөздер

С)Сыпайы сөздер D)Дыбысталуы бірдей,мағынасы басқа сөздер

6.Жаңа сөздерді тап

А)космос,самолет В)кеден,зейнеткер С)емтихан,әдебиет

D)адрес,помидор

7.Математика ғылымына байланысты сөздерді тап

А)бөлшек,квадрат В)жер шары,жұлдыз С)сақ,тайпа

D)лексика,тарихи сөз

8.Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөзді қалай атайды?

А)Кірме В)Диалкет сөз С)Эвфемизм

D)Кәсіби

9.Тұрақты тіркестің әдеби балмасын анықта «Төбе шашы тік тұрды»

А)суды төкті В)мақтады С)ұрысты

D)қорықты

10.Мақалдың жалғасын тап

Оқу білім бұлағы...

А)еңбек-ырыстың бұлағы В)еңбек-бақыттың шырағы С)білім-өмір шырағы

D)жер-ырыстың кіндігіу

ХІІІ. Рефлексия

ХІҮ. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау, еркін тақырыпқа мәтін құрастыру

Бағалау
Каталог: 87429809B3314E9A
87429809B3314E9A -> Дүниетану пәнінен қысқа мерзімдік сабақ жоспары Күні: 18. 02. 16 Мұғалім
87429809B3314E9A -> Электрқыздырғыш құралдар. Қыздыру шамдары. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар
87429809B3314E9A -> «Тәуелсіз тарихыма 25 жыл»
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы : 36: 12 түріндегі екітаңбалы сандарды бөлу
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы: 103 • 6, 618 : 6 түріндегі жазбаша көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты
87429809B3314E9A -> Сабақтың тақырыбы: 03 • 6, 618 : түріндегі жазбаша көбейту және бөлу Сабақтың мақсаты
87429809B3314E9A -> Дұрыс нүкте қойсаңыздар
87429809B3314E9A -> Бекітемін: Мектеп директоры
87429809B3314E9A -> Тарих, география апталығы 7 желтоқсанда Кенащы орта мектебінде тарих, география пәнінің апталығы басталды. 1-9 сынып оқушыларына «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихи шындық ескерілуі қажет»
87429809B3314E9A -> Кенащы орта мектебі 26-31 Қазан аралығында кенащы орта мектебінде өткен «мемлекеттік тіл менің тілім!» Атты қазақ тілі апталығының есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет