Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер және оларды шешу тәсілдері. Сабақтың мақсаттары



бет1/16
Дата30.05.2017
өлшемі1,71 Mb.
#17085
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сабақ жоспары

Күні: 21.01.2017ж.

Пәні: Алгебра

Сыныбы: 11«а»

Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулер және оларды шешу тәсілдері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыға логарифмдік теңдеулер және олардың жүйелері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу, жалпылау және тексеруді іске асыру. Оқушының ойын жеткізу білуін және ой өрісін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушыны ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке , өзін-өзі бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ .

Сабақтың көрнекілігі: логарифдік тепе-теңдіктер плакаттар

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Сызықтық теңдеулер, тригонометриялық теңдеулер, көрсеткіштік теңдеулер) 3мин.

  2. Үй жұмысын тексеру (1,2 слайдтар арқылы өткен тақырыптарға қайталау жасау. Әр топ өздерінің топ аттарына толығымен тоқталып өтеді. Тапсырмалар орындалып болған соң, әр топ бір – бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.) топтық жұмыс 7мин.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (Оқушыларға өткен тақырыптарды қайталата отырып, жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабаққа мысалды видео арқылы көрсету) 10мин.

  4. Есептер шығару (Оқушыларға жұптасып орындауға оқулықтан тапсырма беру және уақыт сақшысын сайлау. Уақыт болған кезде уақыт сақшылары қызыл дөңгелекті көтереді.) жұптық жұмыс 15мин.

  5. Сергіту сәті. (Оқушылар жаңа терминдерді пайдаланып, бир шумақ өлең шығару. Тапсырма соңында «Бас бармақ» әдісі арқылы бір – бірін бағалау.) 3мин.

  6. Жеке жұмыс. (Әр оқушыға жеке тест тапсырмасын беру. Болған соң слайд арқылы өз – өзін тексеру жасайды.) 5мин.

  7. Кері байланыс (Оқушыларға үлестірме парақтар таратылады. –нені білдім - нені білемін, - нені білгім келеді белгілерін тақтадағы суретке жапсырады. Нені білгісі келетінін параққа жазу керек) 2мин.

  8. Сабақты бекіту «Ғажайыпқа саяхат» EXPO-2017 көрмесі туралы оқушыларға түсінік беру. №278 есепті шығару)

  9. Үй тапсырмасын беру



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу

-оқушыларды түгендеп, сыныптың сабаққа даярлығын бақылау

-сабақтың міндеті мен мақсатын таныстыру

-оқушыларды топқа бөлу
2.Үй жұмысын тексеру

Өткен тақырыптарға қайталау жасау. Әр топ өздерінің топ аттарына толығымен тоқталып өтеді. Яғни сызықтық теңдеу, тригономертиялық теңдеу, көрсеткіштік теңдеу дегеніміз не деген сұрақтарға жауап беру.)



3.Жаңа сабақты түсіндіру

Бекіту.

Анықтама. Айнымалысы логарифм белгісінің ішінде болатын теңдеуді логарифмдік теңдеу деп атайды.

Қарапайым логарифмдік теңдеудің түрі:



loga x = b.

(1)

Мұндағы, a және b – берілген сандар, ал x – тәуелсіз шама.

Егер a > 0, және a ≠ 1 болса, онда мұндай теңдеудің



x = ab

түріндегі бір ғана түбірі болады.

Күрделі логарифмдік теңдеулерді шешу алгебралық немесе (1) түрдегі теңдеуді шешуге әкеледі.

Логарифмдік теңдеуді шешудің тәсілдерін қарастырайық.



1.Логарифмнің анықтамасын қолдану арқылы шығарылатын теңдеулер.

  1. теңдеуін шешейік.

Шешуі: логарифмнің анықтамасы бойынша , онда x=2

Табылған айнымалаының мәнін теңдеуге қойып тексереміз:



Демек, x=2 мәні теңдеуді қанағаттандырады.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет