Сабақтың тақырыбы: М. Дулатұлы. Наурызкөже



Дата21.07.2017
өлшемі32,92 Kb.
#21412
түріСабақ
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Ш. Смаханұлы атындағы 62 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Чорманова Марина Дамиевна

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатұлы.Наурызкөже.
Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Наурыз мейрамында пісірілетін тағам-наурызкөже және Наурыз мейрамы-ұлттық мейрам екендігі туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың мәтіндегі негізгі ойды жеткізе білу,есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

3.Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың ұйымдастыру әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,слайд.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық

-Балалар Тұманбай Молдағалиев атамыздың мына бір өлең жолдарын үш түрде айтайық.

(өте баяу,мәнерлеп,өте жылдам)

Жағадағы тал-құрақ,

Өзін судан көреді.

Қозылардай жамырап,

Құстар ұшып келеді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі;
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

«Құстардың ұя салуы» (ертегі)мазмұнын тізбектей сұрау.



ІІІ.Жаңа білім,іс-әрекет амалдарын оқып-білу кезеңі:

Балалар,22-наурыз дегенде ойымызға не келеді?




22-наурыз
Топтастыру стратегиясы:

-Бүгін біздің жаңа тақырыбымыз «Наурызкөже»деп аталады.(с 1)

1.Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

2.М.Дулатов өміріне қысқаша тоқталу.(с 2)



Суретпен жұмыс.

-Балалар оқулықтағы суретке қарап не айтуға болады?

(ұлттық ойындар,ұлттық тағамдар,ұлттық музыкалық аспап,ұлттық киім,көктемгі табиғат)
Наурыз мерекесі жайлы бейнебаян көру.(с 3)
Наурыз мерекесін қазақтардан басқа Ауған елі-жеті күн бойына жеті түрлі жемістерден дәмді сусындар жасап,міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіп,жаңа жыл -«жаңа киім күні»деп атайды екен.
Парсы елі-әр жерге үлкен от жағып,отқа май құяды,жаңа өнген жеті дәнге қарап келешек егін жайлы болжам жасайды.Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көжелері «сумалақ»ұсынады екен.Ескі киімдерін тастап,ұсталған шыны-аяқты сындырады екен.
Мәтінді мәнерлеп оқыту.
Сергіту сәті:Аружан мен Аяулымның орындауындағы «Наурыз» әніне билеу.
Тоқталып түсінік беру

Киелі сандар:жеті,тоғыз,қырық.

Діни мейрам:ораза айт,құрбан айт

Ұлттық мейрам:Наурыз мейрамы. Наурыз мерекесі Қазақстанда 1988 жылдан бері тойланып келеді.

Мемлекеттік мейрам:1-Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні,6-шілде-Астана күні,

30-тамыз-Конститутция күні,16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні.
-Балалар мемлекеттік мейрамдарға бәрнеше атаулы күндерді атадық.Ал енді бүгін наурыздың 14-і қандай мейрам?
14-наурыз-Көрісу мейрамы.Бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып,бір-бірімен қол алысады.Бұл күні де әрбір қазақ отбасы дастархан жаяды.Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Осы жылға аман-есен жетуіңмен!»дегенді білдіреді.Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі.Міндетті түрде әр адам түске дейін үш үйдің есігін ашуы керек.Біреуге реніші бар адам ренішін ұмытып татуласу керек екен.

Дәптермен жұмыс:14 наурыз-Көрісу мейрамы.

Наурызкөжеге бидай,күріш,тары,су,айран,тұз,сүр ет,арпа,бұршақ қосылады.


ІYЖаңа білім,іс-әрекет қорытындылау,жүйелеу кезеңі:

1.«Наурызкөже»неліктен қасиетті тағам болып есептеледі?

2.Наурыз қандай мейрам түріне жатады?

3.Наурызкөжеге неше түрлі тағам қосылады?

4.Қай күні күн мен түн теңеледі?

«Наурыз құтты болсын!»ағылшынша,орысша айту
Y Бақылау және бағалау кезеңі:
Сынып жұмысына баға беру.

Жеке оқушыларды бағалау.


Y Үйге тапсырма беру кезеңі.
Мәтінді оқу. «Қош келдің Наурыз!» тақырыбына шығарма жазу

YІ Рефлексия кезеңі.



Оқушылардың жеке көңіл күйін анықтау.

-Сабақ ұнады ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет