Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың



Дата26.06.2018
өлшемі20,77 Kb.
#44917
түріСабақ
Ақмола облысы

Бұланды ауданы

Алтынды ауылы

Тұрсынбек Кәкішев атындағы

Алтынды орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Искакова Майра Саркеновна

Пәні: Қазақ әдебиеті.



Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

(7- сынып)



Сабақтың мақсаты: Жазушының табиғат тақырыбы мен адамдар тағдырын қатар суреттеген Көксерек әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекетіне, автордың көзқарасына сыни тұрғыда сипаттама беру.

Білімділік: М.Әезовтың  «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасау;

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту,өз ойын сыни тұрғыда еркін жеткізе білуін жетілдіру, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойында адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге үйрету;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, БЛУМ

Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов портреті, қасқыр суреті, Көксерек кинофильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайд материалдары.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Үй тапсырмасын сұрау: М. Әуезовтың өмірбаяны мен шығармышылығына тоқталу. «Көксерек» әңгімесі бойынша талдау жұмыстарын ұйымдастыру. «Автор орындығы»



Топтық жұмыс. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер арқылы сыныпты төрт топқа бөлу.

1- тапсырма. (Әр топ өз ара топ ішінде талқылап, қорғайды.)

  1. топ. Қарадыр қасқырлар мекені, тағылар тірлігі.

  2. топ. Көксеректің адамдар арасындағы өмірі, көрген жәбірі.

  3. топ. Дала тағысына айналып, ауылдан кетуі.

  4. топ. Құрмаштың қазасы, тартылған жаза.

Бұл тапсырманы орындау барысында оқушының ұшқыр ойы, сөздік қоры, сыни пікір айтуы, сөз саптауы, өмірмен байланыс жасай алуы, әңгімедегі ең өзекті жерлерін дәл тауып қорытынды шығара алу шеберліктері байқалды. Оқушылар осы тапсырмалар бойынша талдау, сараптап, зерттеу жұмысын жасайды.

Оқиғаны жалғастыру. Оқушыларға фильмнен үзінді беріледі. Тоқтаған жерден оқушылар өз ойынан жалғастырады.



2- тапсырма.

1-топ.Сатылай кешенді талдау.

2- топ. Компазициялық талдау.

3- топ. Кейіпкерлердің іс –әрекетіне мінездеме беру.

4-топ.Құрмашқа кластер жасау.

3- тапсырма.

Пәнаралық байланыс.

1-топ.Септіктерге байланысты сөйлемдерді теріп жазу.

2- топ. Сөйлем түрлерін анықтау

3- топ. Сахналық көрініс

4-топ. Мәтіннен мақал –мәтелдерді табу.
Жіңішке сұрақтар:

Оқиға Қарадыр елінде болды ма?

Көксерек жазасын тартты ма?

Әңгіме Құрмаштың өлімімен аяқталды ма?



Жуан сұрақтар:

Бөлтіріктер тағдыры туралы не айтар едің?

Көксеректің қатыгез болуына не себеп болды?

Көксеректің қасқырлармен тез бауырласып кету себебі қандай?



Берілген тасырманы орындағанда оқушылар диалогқа түсіп,әңгіменің зерттешілік түрін дамытады. Берілген жуан сұрақтарға тура жауап қайтармай, ой елегінен өткізіп, сыни пікір айтуға дағдыланады..
Сергіту сәті. «Қаражорға»

Қорытындылау: Ой толғау.

Бағалау:

Бағалау талаптары



Оқушы-ның аты-жөні

Жауап-тың толық-

тығы

Оқулық-пен жұмыс

Сұрақ қоя білуі

Сыни тұрғы-да ойлау қабіле-ті

Мәтін-

ді түсі-

ніп оқуы


Ұпай санда-ры:

«5» бал-

дық жүйе

Мұғалімнің қорытынды бағасы

1

























2

























3

























4

























5

























Мұғалімнің топты бағалау талаптары




Топ-тар

Үй жұмы-сына дайын-

дығы

Сұрақтар-ға толық жауап беруі

Белсен-

ділігі

Уақыт-ты үнем-

деуі

Ортақ шешім қабыл-

дауы

Ынтымақтас-тық қарым-қатынас

1

1- топ



















2

2 -топ



















3

3- топ





















Үйге тапсырма. « Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды» тақырыбына Көксерек бейнесін ашатын шағын эссе жазу. (300 сөз)

Кері байланыс .«Екі жұлдыз, бір тілек». Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, пікірлерін жазды. Бүгінгі сабақта нені білгенін, нені алдағы уақытта білгісі келетінін тілек ретінде ұсынды.
Каталог: uploads -> doc -> 0c0a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c0a -> Сабақ Әдебиеттік оқу Жолда. М.Әуезов Мектеп: Подстепный қазақ жоббм күні: 19. 11. 2016
0c0a -> 5 сынып математика. Жай бөлшектер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет