Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «О, туған ел!»



Дата02.07.2018
өлшемі72,31 Kb.
#45563
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «О, туған ел!».

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік :«О,туған ел» өлеңі арқылы оқушыларға туған жеріміздің құндылығы мен қасиеті , мәні мен маңызы туралы түсінік беру.Өлеңдегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру.

2.Дамытушылық:Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру,туған ел, Отан туралы өз ойларын, көзқарастарын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларға елін,жерін,Отанын қорғауға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сурет, слайд, кесте, автордың портреті. Түрлі-түсті стикерлер. «ББҮ»әдісі.

Сабақ түрі: жаңа білімді беру сабағы.

Сабақтың әдісі : топпен жұмыс,сұрақ жауап, баяндау.

Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

- Оқушылармен амандасу.

- Оқушыларды сабаққа даярлап,оқу-құралдарын реттеу.

- Ана тілі – көңіліңе гүл егер,

Ана тілі- ғұмырым деп біле бер

Өзге тілде сөйлей білу – бір өнер,

Өз тіліңде сөйлей білу – шын өнер,-деп ақындарымыз жырлағандай , ана тілі сабағын бастайық.



2.Үй тапсырмасын тексеру. (ала доп)

-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?



-Айтмағанбет Құдайбергенов. «Ақжайық» мәтінін мазмұндау.

1.Аңыз бойынша Жайық қалай пайда болған?

2. Мәтін соңындағы баланың сұрағына әкесінің берген жауабын қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едің?

3. Өсердің сұрағына берген әкесінің жауабына сен қалай қарайсың?

4. Мәтіндегі автордың негізгі ойын әңгімеле?

Топқа бөлу: Әртүрлі түстер арқылы топқа бөлу.

1-топ: Ақындар тобы. Өлеңдегі ақынның сезімдерін айту.

2-топ: ойшылдар тобы. Өлеңдегі негізгі ойды айту.

«ББҮ»әдісі.

 Білемін ?

Білгім келеді

Үйрендім

3.Ой қозғау:(1-слайд)

Мұқағали Мақатаевтың Есіңе мені алғайсың! Әнін музыкасын тыңдату. Қандай ән орындалды. Әнді тыңдау арқылы қандай сезімде болдыңдар?

Кімнің әні деп ойлайсыңдар?


Сабақтың эпиграфы.

Ақ қырау тұрған ақпанда 
Ағаштар сырға таққанда 

Бозарып тұрып ақ таңда, 

Есіңе мені алғайсың. 
Есіңе мені алғайсың! – 

Мағынаны тану:

Халықтың рухани бай әдеби мұрасынан күш – қуат алған Мұқағали қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытымен, ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. 
1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туылған. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, Қара өлеңнің Құлагері атанған. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Аудармашылық саласынан да біраз еңбектері бар.Мұқағали поэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне Қазақстан композиторлары Нұрғиса Тілендиев, Алтынбек Қоразбаев және тағы басқа сазгерлер ән жазған.

М.Мақатаев 1976 жылы дүниеден өтті, бірақ та ол өзінің артында көп мұра қалдырды, оның атында Алматы қаласында мектеп , көше және мұражай ашылған. 2011ж оның 80жылдығы Қазақстан бойынша аталып өтілді. 2016 жыл яғни биыл 85 жыл толады.



(2-слайд)Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.

Мұқағали отбасымен бірге . Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік. Мұқағалидың Қазақ радиосында диктор болып жүрген кезі. Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге. Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы

Ақынның жары Лашын, қызы Алмагүл, ұлы Айбар. Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында. Мұқағали Мақатаевқа арналған мұражай

№140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы



4.Оқулықпен жұмыс:

«О, туған ел!» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы түсіндіру.



Оқушылардың мәнерлеп оқуы. (3-слайд)

1-топ: Ақындар тобы. М. Мақатаевтың туған жерге арнаған өлеңдерін есіңе түсір, талдау жаса.

2-топ: ойшылдар тобы. Ақын туған елін қалай бағалайды? Дәлелде.

5. Сергіту сәті: «Қамажай» (4-слайд)

6. Кестемен жұмыс: (5-слайд)

Өлеңдегі ақынның сезімдері.

Өлеңдегі негізгі ой.







7. «Жалғасын тап» ойыны. (6-слайд)

1. Туған елдей ел болмас, ..... Туған жердей жер болмас.

2. Кісі елінде сұлтан болғанша...... Өз еліңде ұлтан бол.

3. Кісі елінде күркірегенше ....... Өз еліңде дүркіре.

4. Туған жер - ..... тұғырың, Туған ел - ... қыдырың.

5. Өз елің – өлең .... төсегің.

6. Ел қадірін көрген біледі,….Жер қадірін жүрген біледі.

7. Елінен безген оңбайды,......Көлінен безген қонбайды



8. Ел ағасымен жарасады,....Киім жағасымен жарасады.
8.Шығармашылық тапсырма: (7-слайд)

1-топ: Ақындар тобы. Туған жер туралы өлең шығару

2-топ: ойшылдар тобы. Табиғат туралы мақал-мәтел жазу.

9. Сабақты қорыту: 8 - слайд. Топтастыру стратегиясы. Ал енді балалар , бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін М. Мақатаевқа «топтастыру» стратегиясын жасайық



- Сабақты қорыта келгенде, «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыз осымен аяқталмайды, әлі де болса өлеңдерін оқи отыра талдаймыз. 
Біз бүгін Мұқағали Мақатаевты еске түсірдік. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты. 
Мұқағали өмірде көп қиыншылық көрді, жалғыздықтан жапа шекті. Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы, біздерге өнеге, тәлім, сабақ бола берері сөзсіз. Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаевта көз жұмған жоқ. 
Сұлу дала!

Менің сүйген еркемсің,

Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың,көркемсің!

«ББҮ»әдісі.

 Білемін ?

Білгім келеді

Үйрендім

Үйге тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқу. «Туған ел» тақырыбына шығарма жазу. 3 мин Рефлексия. Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады. 
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? 
- Нені үйрендіңдер? 
- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма? Оқушылар стикерлерге 
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады. 
- Нені үйренгендерін 
- Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады. Түрлі-түсті стикерлер. Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша бірін -бірі бағалайды.

Ақмола облысы

Ерейментау ауданы

Бестоғай негізгі мектебі.





Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев. «О, туған ел»

(4-сынып)

Өткізген: Темиргалиева Айсулу Гариполовна

Бастауыш сынып мұғалімі.

2016-жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет