Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Жылдың төрт мезгілі»



Дата25.08.2017
өлшемі54,33 Kb.
#27834
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Жылдың төрт мезгілі»

Сынып: 10 қазақ

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру;

Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Ана мен әкені қадірлеуге шақыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Құралдар: интербелсенді тақта.

Әдіс-тәсілдер: сын тұрғысынан ойлау, жигсо, сұрақ-жауап, топтастыру.

Оқыту нәтижесі:

- Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылығымен танысады;

- Ақынның тіл қолданысының ерекшелігін меңгереді.

Сілтеме: 10-сыныптың қазақ әдебиеті оқулығы (авторлары: С. Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова) және қазақ әдебиеті хрестоматиясы ( Авторлары З.Ахметов, Ұ.Асыл).
Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 3минут

Сәлемдесу.

Туыстарыңмен қалай амандасуға болатындығы туралы ой тастау.

Сыныпты сүйікті жыл мезгіліне байланысты 3 топқа топтастыру.

-Жыл мезгілдері туралы жазылған қандай өлеңдер білесіңдер?

Майлықожаның «Қысы -жұт» өлеңін тыңдату.

-Бұл кімнің өлеңі?



Оқушылар ата-анасымен, ағасымен, апасымен, атасымен, бауырымен қалай амандасатынын көрсетеді.

Оқушылар сүйікті жыл мезгіліне байланысты дыбыссыз отыра қалады.

Оқушылар жыл мезгілдері туралы жазылған өлеңдерді оқиды. Өлең тыңдайды, авторын анықтайды.


Білу


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

7 минут


«Ақынның өмірбаяны», «Еңбек тақырыбы», «Жылдың төрт мезгілі» атты тақырыпшалар мәтінді топтарға бөліп беріледі.

Әр топ өзіне берілген мәтіннің бөлігін оқиды.



Түсіну

ОБжК

3 минут


Талқылауға уақыт беріледі.



Топ мүшелері өзара

түсінгендерін талқылайды.



Қолдану

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

АКТ
Сыныптағы диалогтың маңыздылығы

7 минут


Интербелсенді тақтаға әр топты жеке тақтаға шығартып, тірек сызба жасатады.

Түсінгендерін ортаға салып, интербелсенді тақтада тірек сызба жасайды.

Санау арқылы қайтадан топқа бөлінеді.


Бұрынғы топ мүшесі кейінгі топ мүшелеріне мәтіннің өзіне тиісті бөлігін түсіндіреді. Бір-біріне сұрақ қояды

АКТ
4 минут

Хрестоматияны ашқызады, «Қысы –жұт» өлеңін оқытады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, өлеңінен метафора, эпитет, метонимия іздетеді.


Өлеңді оқиды. Ақынның тіл қолданысына, көркемдегіш құралдарды пайдалану ерекшелігіне тоқталады.

Талдау

Сыныптағы диалогтың маңыздылығы. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

АКТ


10 минут

Оқушыларға түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары қойылып отырады. Мысалы:

- Ақынның қандай шығармалары бар?

- Майлықожа Сұлтанқожаұлының және Абай Құнанбайұлының табиғат туралы өлеңдерін салыстырыңдар.

- Көмектесе алатындар бар ма?



Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларын атайды, «Қысы - жұт» өлеңі мен Абайдың «Қыс» өлеңін интербелсенді тақтада Венн диаграммасы арқылы салыстырып, ақындардың қысты суреттеу ерекшелігіне тоқталып, ой толғау жазады. Топтар бір-біріне сұрақ қояды.

Жинақтау


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқуш-рдың жас ерекш-не сәйкес оқыту және оқу.

5 минут


Алған білімдерін жинақтап, түйін жасатады.

Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түйін жасайды.

Бағалау

ОүБ ж ОБ
Оқуш-рдың жас ерекш-не сәйкес оқыту және оқу.

6 минут




Қабырғада ілулі тұрған топ ережесі мен бағалау критерийлерін пайдалануды ұсынады. Оқушылардың бағаларын ескеріп өз бағасын шығарады.

Өзін-өзі, бірін-бірі ілулі тұрған критерийлер арқылы бағалайды.

Бұрынғы алған білімдерін және бүгін алған білімдерін жинақтап қорытынды шығарады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет