Күні: Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: «Майлықожа Сұлтанқожаұлы»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы, «Ұрлықтың түбі қорлықты» өлеңі жайлы толық мәлімет беру.
ә) Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, оқушылардың ой-пікірін қалыптастыру. Білімдерін әрі қарай дамыту.
б) Тәрбиелік: Парасаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұрлық жасамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, кестелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Кезекші мәлімдемесі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап:
1. Шортанбай Қанайұлы кім?
2. Қашан, қай жерде дүниеге келді?
3. Қандай еңбектерін білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) Хронологиялық кесте жасау
2) Өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру
Ол кім? Қай жерде, қашан туды?
|
Еңбектері
|
Өлеңдерінде неге шақырады?
|
- 1835 жылы Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 1898 жылы қайтты.
- Әкесінен 14 жасында жетім қалған, жоқшылықты (нищита) көп көреді.
- жастайынан өлең шығарып, ән айтқан.
|
Оның шығармалары алғаш рет 1883 жылы
Я. Лютин құрастырып, Ташкентте бастырған «Қырғыз хрестоматиясы» атты жинаққа енген.
- «Жақсы болсын жұбайың»
- «Есі кеткен ел байғұс»
- «Уа, замана»
- «Ұрлықтың түбі қорлық-ты»
|
- жастарды парасаттылыққа үндейді, адамгершілікке шақырады.
- еңбекке, білімге, талаптануға шақырады.
|
Жақсы мен жаман адамдарды салыстыру:
Жақсы адам
|
Жаман адам
|
Білімді, талапты, ақылды
|
Мақтаншақ, лепірме мінездері
|
Оқулықпен жұмыс:
Тапсырма: Мәтіннен керекті сөздерді пайдаланып ақын өлеңін аяқтаңдар.
1. Ақылсыздың белгісі ......
2. Өңкей жақсы қосылса, .....
3. Қарыздар болсаң жаманға ....
4. Өңкей жаман қосылса, ....
5. Жақсының жолы – .... .
|
.... жарық күн
Тар жерде алар жағадан ... .
... шығарады егесті.
... орынсыз жерде күледі.
... Бітіреді кеңесті.
|
Сөздікпен жұмыс:
парасаттылық-рассудительность, разумность
парасатты-благоразумный
егес-спор
көмескі-туманный, еле видный
құтырған иттей-как бешеная собака
ұрлық-воровство
қақпан-капкан
«Шумақ қуып оқыту» стратегиясы бойынша өлеңді оқу:
«Ұрлықтың түбі қорлық-ты»
...Ақылды жігіт, адал жүр,
Ұрлық қылып мақтанба!
Не-не кәрі қасқырлар
Аяғын шалды қақпанға.
Ұрлық, өтірік, жалған ант –
Мұсылманға жаққан ба?
Оқушылар өлең бойынша идеясы мен тақырыбын айтады.
ІҮ Бекіту: Сабақты синкуэйн әдісімен бекіту. (4мин)
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Ақын, әнші
Жазды, оқыды, үйретті
Майлықожа Сұлтанқожаұлы – өз толғауларын елге, жерге деген сүйіспеншілігін таныта отырып еңбекті дәріптейді.
Ү Қорытынды: (7 мин)
Сонымен балалар, кімнің қандай шығармаларымен таныс болдық? Осы өлеңдердегі адам бойындағы қандай қасиеттер берілген болатын?
ҮІ. Оқушыларды бағалау:
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау (2 мин)
ҮІІ. Үй жұмысы: 54-56 бет, ақынның өмірбаянын оқып келу (2 мин)
Достарыңызбен бөлісу: |