Сабақтың барысы:
Оқушыларды сабаққа бағыттау үшін ең алдымен миға шабуыл тәсілін қолданып бар назарларын сабаққа аударып аламын.
Миға шабуыл
Допты лақтарғанда доп сол ізімен қайтып келу үшін оны қалай лақтару керек?
( жоғары)
Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағамыз?
( шырпы)
Термометр аяз болғанда –30 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (30)
Екі бала шахматы екі сағатта ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
( 2 сағат)
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? ( егер оны мұз етіп қатырса)
Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? ( 3 адам)
Үстел үстінде 3 стақан шие тұр. Марат шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? ( 3 )
Көп бұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы. (периметр)
Айдынның Асқардан бойыұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? ( Жанат)
1кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? (тең)
Джигсо әдісі бойынша топпен жұмыс кезеңі. Әр топ берілген есептерді талдап, постерға түсіреді және сол постерлерін қорғайды.
№1 ЕДЕНГЕ ЖАСАЛАТЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ
Шаршы тәріздес бөлменің еденін күрделі жөндеуден өткізу керек. Еденге қанша шаршы метр паркет және неше метр жиек ағаштарын (плинтус) қажет? (Есікті есепке алмаймыз) Бөлменің қабырғасы n метр.
Сұрақ 1.
Кестені толтыр:
Достарыңызбен бөлісу: |