Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні:
|
20.10.21 ж
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Матрицалармен таңба жасау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін белгілі дерек көздерінен ақпаратты жинау
2.2.3.1. Матрица басу тәсілдермен таныстыру, матрица басуды үйрету.
|
Сабақ мақсаты:
|
Барлығы: Матрицалармен таңба жасауды үйренеді
Көпшілігі: Матрицамен жұмыс жасауды біледі
Кейбіреуі: Матрицалармен күрделі композициялар жасай алады
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Балалар сабақты бастамас бұрын бойымызды біраз сергітіп, көңілімізді көтерейік. Достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Ал енді бәріміз менен қайталайық.
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады)
Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды)
Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)
Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады)
Кері байланыс:
-Жарайсыңдар,балалар!
|
Мұғаліммен амандасады.
Көңілдерін көтеру үшін мұғалімнің іс әрекетін қайталайды
|
Мадақтау сөздері
|
Кеңістік
|
Сабақтың ортасы
|
Ал енді сабағымызды бастайық. Отыра қойыңдар.
-Балалар, сендер өткен сабақта не өттіңдер? Қандай тапсырма орындадыңдар? Тапсырмаларды орындау барысында қандай заттарды қолдандыңдар?
-Балалар, бүгін біз сендермен матрицалармен таңба жасауды үйренеміз. Ең алдымен мен матрица туралы біліп алайық. Матрица дегеніміз әртүрлі баспа-таңба жасауға болатын пішін. Қағаз парағына бояу жағылған пішінді басу арқылы жасалатын бейне баспа-таңба деп аталады. Матрица жасау үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы, өшіргіш, пенопласт, қартоп, паралон және т.б. Олардан керекті пішінді қайшымен кесіп алынады.
Қауіпсіздік ережелерді еске түсірейік:
1. Бояуларды ұқыпты, әрі таза қолдануымыз керек.
2. Отыратын орнымызды жинақтап, таза ұстауымыз керек.
Бүгін матрицалармен таңба жасауға үйренеміз. Берілген матрицамен ақ параққа гүлдің бейнесін салу. Ең алдымен тақтадағы ватманға жасап көрсетемін.
1- Алдын ала дайындалған әртүрлі пішіні бар таңбалар таратылады.
2- Бояуды палитрада араластырады. Бояу мол болуы керек. Таңба жасау үшін матрицаны бояуға маламыз.
3- Алдымен бір немесе бірнеше таңба қойып, қарапайым суреттерді салып жаттығамыз
4- Таңбалар жасап көргеннен кейін, күрделірек жұмысқа көшеміз. Түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, кез келген мерекеге, туған күнге байланысты таңбалардың көмегімен безендіреді.
Оқушылардың жұмыстарын талдап, заттарды тақтаға көрме қылып орналастырамын. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды
Сергіту сәті
|
Өткен тақырыптарды еске түсіреді
Мұғалімді тыңдайды. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді
Матрицадан ақ параққа гүл жасайды.
Мұғалімнің жасағандарын қайталайды.
Болғаннан кейін бір бірінің жұмыстарын бағалайды
|
Бас бармақ әдісі
|
Матрица
Оқу құралдары құрал жабдықтар
Ақ парақ матрица
Бояу палитра
Түрлі түсті қағаздар
|
Соңы
|
Сабақтың соңын қорытындылау
Бүгінгі сабақ бойынша сұрақтар қоямын:
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Матрица деген не?
Матрицаларды нелерден жасайды?
Матрицамен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?
Үй тапсырмасын беру
|
Берілген сұоақтарға жауап береді
|
Отшашу әдісі арқылы
|
|
Кері байланыс
|
Алма ағашы әдісі
Балалардың қолына қызыл және жасыл алма беремін.Жасыл алма мен бәрін түсіндім,қызыл алма мен түсінбедім.Оқушылар тақтадағы алма ағашына алмаларын іледі.
|
Алмаларды ағашқа дапсврып, кері байланыс орнатады
|
|
Алма ағашы, алма суреттері
|