№ 1 сабақ
10 сынып Сабақ жоспары күні:
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға механикалық қозғалыс, денелердің қозғалысын сипаттау тәсілдері туралы толық түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бақылау жұмысы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Бақылау жұмысын жазу
3.Сабақты бекіту
4.Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақты түсіндіру
Денелердің қозғалысын және оны сипаттайтын шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын механика бөлімі кинематика деп аталады.
Біз үнемі қозғалыстағы денелер ортасында өмір сүреміз, сондықтан бұл құбылыс бізге жақсы таныс сиқты болып көрінеді де, оған терең үңіле бермейміз. Механикалық қозғалыс деп аталатын дененің ең қарапайым қозғалысын, яғни оның кеңістіктегі орнының өзгеруін қарастырайық. Дененің қозғалысын сипаттауға талпыныс жасап, оны сипаттау үшін ненің қажет болатынын анықтайық.
І. Материялық нүкте. Егер қозғалыстың алуан түрлілігін және оның күрделілігін ескерсек, онда нақты қозғалысты сипаттау өте қиын мәселе болып табылады. Физикада күрделі объектілер мен құбылыстарды зерделеу үшін модельдеу әдісі пайдаланылады.
Материялық нүкте деп қарастырылып отырған жағдайда өлшемдері мен пішінін ескермеуге болатын денені айтады.
ІІ. Санақ жүйесі. Дене қозғалысын бақылаған кезде, біз оның уақыт өтуіне қарай орын ауыстырғанын басқа денеге қатысты қарастырамыз. Сондықтан дененің қозғалыста немесе тыныштықта тұрғанын анықтау үшін алдын ала екінші дене таңдап алынады. Мұндай дене санақ денесі деп аталады.
Санақ денесімен байланысқан координаталар осі мен уақытты есептейтін құралдан тұратын жүйені санақ жүйесі деп атайды.
ІІІ. Траектория. Материалық нүктенің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістік нүктелерінің жиынтығы траектория деп аталады.
IV. Жол. Жол – бақылау уақыты аралығында дененің жүріп өткен траекториясының ұзындығы.
V. Орын ауыстыру. Дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді орын ауыстыру деп аталады.
VІ. Жылдамдық. Материялық нүктенің қозғалысын сипаттау үшін жылдамдық ұғымы енгізіледі.
Физикада дене қозғалысының шапшаңдығымен қатар оның қозғалыс бағытын да сипаттайтын векторлық шаманы жылдамдық деп атайды.
Сабақты бекіту сұрақтары
1.Механикалық қозғалыс деп нені айтады?
2.Санақ жүйесі дегеніміз не?
Үйге тапсырма беру. Қайталау.
Сыныбы: 10 Күні: 15.11.2010ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға дене импульсі және импульстің сақталу заңы туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды бірізділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Жаңа сабақты түсіндіру
3.Жаңа сабақты бекіту
4.Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақты түсіндіру
Біз бұл тарауда екі сақталу заңын: импульстің және энергияның сақталу заңдарын қарастырамыз. Бұл заңдар механиканың барлық заңдарының ішінде ең маңызды орынды иеленеді. Механикада сақталу заңдары әр түрлі өзара әрекеттесулер кезінде туындайтын денелер қозғалысын сипаттауға мүмкіндік береді.
Өздеріңе белгілі импульс, жұмыс, энергия, қуат сияқты физикалық шамаларды қарастырып, оларды есімізге түсірейік. Бұл шамаларды білу бізге сақталу заңдарын түсінуге көмектеседі.
Дене импульсі
Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын физикалық шамаларға дене импульсі жатады.
Дене импульсі – дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама:
Жылдамдық вектор болғандықтан, оның массасына көбейтіндісі де вектор болып табылады, яғни дене импульсі – векторлық шама. Импульс әрқашан жылдамдықтың бағытымен бағытталады, SI жүйесіндегі бірлігі секундына килограмм метр .
«Мен ойлай аламын, демек, мен бармын» деген тұжырымын өзінің философиясының негізгі принципі санаған француз ғалымы Рене Декарт «импульс ұғымын енгізген болатын». Алайда, Декарт бұл шаманы «қозғалыс мөлшері» деп еді. Ол кезде масса ұғымы физикада қалыптаспаған, сондықтан, ол импульсті дене шамасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісі деп анықтады. Бұл анықтаманы И. Ньютон нақтылай түсті, алайда ол да Декарт сияқты бұл шаманы «қозғалыс мөлшері» деп атады. Импульс термині кейінірек енгізілді.
Уақыттың аралығы ішінде күшінің әрекеті салдарынан дене импульсі өзгереді демек:
Мұндағы дене импульсінің өзгерісі. шамасын күш импульсі деп атайды.
Күш импульсі де векторлық шама болып табылады. Күш импульсі векторының бағыты әрекет етуші күш бағытымен сәйкес келеді.Күш импульсінің SI жүйесіндегі бірлігі – Ньютон*секунд.
Бұл ұғымдарды пайдалана отырып, Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан былайша тұжырымдауға болады: дене импульсінің өзгерісі күш импульсіне тең.
Импульстің сақталатынына тарихта бірінші болып Р.Декарт назар аударады. Өзінің белгісіз оқырманға жіберген хаттарының бірінде ол: «Ғалам кеңістігінде, барлық пайда болған материяда ешқашан артпайтын әрі азаймайтын қозғалыс мөлшері бар деп санаймын, егер бір дене екінші денені қозғалысқа келтірсе, онда ол екінші денеге қанша қозғалыс берсе, сонша қозғалысын жоғалтады», - деп жазды.
Алынған теңдікке көңіл аударып, мына қорытындыға келеміз: өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескенге дейінгі жүйе импульсі өзара әрекеттескеннен кейінгі жүйе импульсіне тең.
Импульстің сақталу заңы және ол былайша оқылады:
тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады.
Сабақты бекіту сұрақтары
1.Импульстің сақталу заңының мәні неде?
2.Денелердің соқтығысуы негізінде импульстің сақталу заңы қалай көрініс табады?
Үйге тапсырма беру. 12, 13-оқу.
Сыныбы: 10 Күні:05.09.08ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыстың тәуелсіздік принципі. Еркін түсу. Ауырлық күші әсерінен дененің қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға қозғалыстың тәуелсіздік принципі, еркін түсу , ауырлық күшінің әсерінен дененің қозғалысы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, ой-өрістерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карталар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Еркін түсу деп дененің тек бір ғана күштің – ауырлық күшінің әрекетінен болатын қозғалысын айтады. Еркін түсетін дененің қозғалыс теңдеуінің түрі үдеуі а-ға тең айнымалы қозғалістың теңдеуіне ұқсас болады.
Вертикаль жоғары лақтырылған дененің қозғалысын қарастырайық. Лақтыру нүктесін координаталар басы ретінде аламыз. Сонда дененің координатасы :
ал жылдамдық
заңы бойынша өзгереді.
Бұл теңдеулер дененің тек ең жоғарғы нүктеге дейінгі қозғалысын ғана емес, вертикаль жоғарғы лақтырылған дененің барлық қозғалысын сипаттайды. Шынында, бұл теңдеулерді жазғанда математикаға жүгінеміз, теңдеуге t-нің кез келген мәнін қоюға болады.
Итальяндық физик Г.Галилей алғаш рет Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін анықтады. Ол атақты Пиза мұнарасынан массалары әр түрлі денелерді лақтыра отырып , осы денелердің 9,8 м/с2-қа тең бірдей үдеумен құлайтынын есептеді. Бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданып, ағылшынның ұлы физигі И.Ньютон Жер бетіндегі еркін түсу үдеуін есептеді. Ол шама 9,8 м/с2-қа тең болып шықты.
Сабақты бекіту сұрақтары
Қандай қозғалыс еркін түсу деп аталады?
Еркін түсу қозғалыстардың қай түріне жатады?
Қозғалыс пен траектория теңдеулерінің айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма беру: §1.3 оқу
Сыныбы: 10 Күні:09.09.08ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: 1-зертханалық жұмыс “Дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға зертханалық жұмысты түсіндіру және орындату.
Дамытушылық:
Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сантиметрлік бөлігі бар өлшеуіш лента, 2-3 таза және көшірме қағаз , жапсырма лента
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
Зертханалық жұмысты орындату
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Зертханалық жұмыс
Горизонталь бетте көкжиекке әр түрлі бұрыш жасай оқ атқанда оның ұшу қашықтығы мына формуламен өрнектеледі:
Бұл формуладан оқтың -қа дейін ұшу бұрышын өзгерткенде оның ұшу қашықтығы әуелі кейбір мәнге дейін артады да, сосын нөлге дейін кемитіні көрінеді.
Ж ұ м ы с т ы ң о р ы н д а л у т ә р т і б і
Дәптерге өлшеулер мен есептеулер нәтижесі жазылатын кесте дайындаңдар.
1-кесте
Шариктің ұшу бұрышы 𝛂
|
20
|
30
|
40
|
45
|
50
|
60
|
70
|
Шариктің орташа ұшу қашықтығы l, см
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Әрбір бұрыш үшін шариктің түскен қашықтығының орташа мәнін өлшеңдер. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Қай бұрышпен атқанда шариктің ұшу қашықтығы ең үлкен мәнге ие болады?
2.Қай бұрышпен атқанда ұшу қашықтықтары шамамен бірдей және осы бұрыштардың қосындысы неге тең? Бұл ұшу қашықтығын анықтайтын формуламен сәйкес келе ме?
Үйге тапсырма беру: Қайталау
Сыныбы: 10 Күні:10.09.08ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: Галилей түрлендірулері. Инерциялық санақ
жүйелері. Механикалық қозғалыстың
салыстырмалылығына есептерді шешу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға Галилей түрлендірулері туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Галилей бойынша жылдамдықтарды қосу заңын пайдаланып төмендегі есептерді өз беттерінше шешіңдер.
а/ Жүзгіштің жағдайын бұдан әрі қиындата түейік. Жүзгіш әлсіз, оның υ суға қатысты жылдамдығы ағыс жылдамдығынан екі есе кіші, яғни U=2υ болсын. Ол қанша тырысса да, ағыс оныалып кетеді. Ағыстың ығыстыруы аз болу үшін ол жағаға қатысты қандай 𝛂 бұрышын таңдауы керек? Осы кезде оны қанша қашықтыққа алып кетеді?
2-мысал. Кеме А нүктесінен шығып, АВ түзуімен 𝛂 бұрыш жасайтын υ жылдамдықпен келеді. Кемеге тигізу үшін торпеданы В нүктесінен АВ түзуіне қандай бұрышпен жіберген дұрыс? Кеме А нүктеснде болғанда торпеда жіберіледі. Торпеданың жылдамдығы U.
Шешуі: ;
Салыстырмалы жылдамдық υ= немес жалпы түрде
υ=
Достарыңызбен бөлісу: |