Білімділік:
Оқушыларға тақырыпты толық түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың физикадан алған білімдерін толықтыру, ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі карта, оқулықтар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Үйге тапсырма беру
5. Оқушылардың білімін бағалау
Жаңа сабақты түсіндіру
Механикалық қатты денелердің тепе – теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімін статика деп атайды. Тепе-теңдік деп дененің тыныштықта, бірқалыпты түзусызықты қозғалыста немесе қозғалмайтын оське қатысты бірқалыпты айналып тұрған күйін айтамыз.
Дененің тыныштықта немесе бірқалпты қозғалыста болу шарты тікелей Ньютонның бірінші заңынан шығады, яғни денеге түсірілген барлық қорытқы күші нөлге тең болуы керек:
Статикалық процестер динамикалық процестің сызықтық және бұрыштық үдеулері жоқ кездегі дербес жағдайы болып табылады, сондықтан статикалық есептерді шығарудың динамикалық есептерді шығарудың динамикалық есептерді шығарудан айырмашылығы жоқ дерлік.
Сабақты бекіту сұрақтары
Денелердің тепе-теңдігі деп нені айтады?
Сендер тепе-теңдіктің қандай түрлерін білесіңдер?
Үйге тапсырма беру:
тақырыпты оқу
Сыныбы: 10 Күні: 24.09.08ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік:
Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты түсіндіру
Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын И. Ньютон 1666ж. Айдың Жерді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде ашты. Ньютонның данышпандылығы мынада еді. Жер бетіне жуық маңайда «алмаға» әрекет ететін және оған g=9,81 м/с2 үдеу беретін күш Айға да әрекет етіп, оған центрге тартқыш үдеу беріп, оны жерге құлауға мәжбүр ететінін түсінді.
Центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар Жер мен біздің «алманың» арасындағы өзара әрекеттесу күші өзара әрекеттесетін массаларға тура пропорционал, яғни
F-Mm.
Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы: бұл тұрақты бір-бірінен бірлік қашықтықта орналасқан бірлік массалы денелердің өзара қандай күшпен әрекеттесетінін көрсетеді.
аларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал
Мектеп деңгейінде бүкіләлемдік тартылыс заңын көптеген құбылыстарды түсіндіруге негіз болып, ғылыми дәлелденген тәжірибелік дерек деп қабылдау керек. Оның көмегімен Нептун планетасы ашылды, ғарыш аппараттарының қозғалыс траекториялары есептеледі, сонымен қатар Күннің және Айдың тұтылу уақыттарын, серіктері бар планеталардың массаларын, тіптен бізге жақын орналасқан планеталардың, жұлдыздардың массаларын анықтай аламыз.
Сабақты бекіту сұрақтары
Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?
Гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы қандай?
Үйге тапсырма беру:
§ 2.6 оқу
Сыныбы: 10 Күні:26.09.08ж Мұғалімі: Маманова
Сабақтың тақырыбы: Тартылыс өрісіндегі потенциялдық энергия.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Мысалдар келтіре отырып тақырыпты түсіндіру.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
Жаңа сабақты түсіндіру
Бүкіләлемдік тартылыс заңын И.Ньютон 1666ж. Айдың жерді айнала қозғалысын астрономиялық бақылаулардың негізінде ашты. Ньютонның данышпандылығы мынада еді: Жер бетіне жуық маңайда «алмаға» әрекет ететін және оған g=9,81 м/с2 үдеу беретін күш Айға да әрекет ететіп, оған центрге тартқыш a= үдеу беріп, оны жерге оны құлауға мәжбүр ететінін түсінді.
a
демек , центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар Жер мен біздің “алманың” арасындағы өзара әрекеттесу күші өзара әрекеттесетін массаларға тура пропорционал, яғни
F~Mm.
1798 жылы 100 жылдан артық уақыт өткен соң ғана Г. Кавендиш лаборатория жағдайында екі дененің гравитациялық өзара әрекеттесуін өлшеп, осы өлшеулердің негізінде G тұрақтыны есептеді. Оны Гравитациялық тұрақты деп атады.
G, сонда
Достарыңызбен бөлісу: |